Қоршаған ортаны қорғау
Басқару тәсілі
Өз қызметінің ерекшелігіне байланысты Компания қоршаған ортаға және қатысу аймақтарындағы халықтың өмір сүру сапасына айтарлықтай теріс әсер етпейді. Компания ресурстарды ұтымды пайдалану, энергия тиімділігін арттыру, сондай-ақ өндірістік процестерді жетілдіру арқылы өз қызметінің экожүйелерге әсерін барынша азайтуға тырысады.
Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесі
«Қазақтелекомда» экологиялық аспектіні басқару үшін корпоративтік басқару жүйесінің құрамдас бөлігі және қаржылық емес тәуекелдерді басқару жүйесінің маңызды бөлігі болып табылатын экологиялық менеджмент жүйесі қызмет етеді. Компания ISO14001 халықаралық стандартына сәйкес сертификатталған. Бұл жүйенің мониторингі атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын азайту және ақпаратты берудің экологиялық қауіпсіз технологияларын пайдалану процестеріне түседі. Бұдан басқа, жүйе Компания қызметі барысында экологиялық тәуекелдер мен ықтимал экологиялық салдарлардың есебін жүргізеді, сондай-ақ Компания объектілерінде энергия үнемдейтін және ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу, сондай-ақ жабдықтарды жаңғырту есебінен телекоммуникациялық қызметтер көрсету процесінде энергия тұтынуды азайту жөніндегі мәселелерді шешумен айналысады. «Қазақтелеком» АҚ ISO14001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес ЭМЖ-ні жүйелі түрде жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады. Осы іс-шаралар шеңберінде ішкі және сыртқы аудиттер жүзеге асырылады.

ҚОҚ-ны басқарудың ұйымдық құрылымы
2023 жылы Компанияның қоршаған ортаны қорғау (ҚОҚ) саласындағы ұйымдық құрылымы өзгеріссіз қалды. Экологиялық мәселелерді басқару екі деңгейде жүзеге асырылады. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасына жауапты департамент бұл қызметті бас кеңсе деңгейінде де, филиал деңгейінде де үйлестіреді. Барлық жоспарлау, үйлестіру, Компанияның экологиялық тәуекелдерін бағалау, сондай-ақ қауіптерді анықтау Стратегиялық басқару жөніндегі Бас директордың құзыретінде болады.
ҚОҚ саласындағы «Қазақтелеком» Компаниялар тобының негізгі реттемелеуші құжаттары
Компанияда қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті реттейтін бірқатар ішкі нормативтік құжаттар бар. Осы құжаттардың ережелерін Компанияның әрбір қызметкері орындауға міндетті:
- Экологиялық саясат;
- «Қазақтелеком» АҚ-ның 2022-2032 жылдарға арналған Төмен көміртекті даму бағдарламасы (бұдан әрі - ТКДБ);
- «Қазақтелеком» АҚ-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары;
- «Қазақтелеком» АҚ-ның Ішкі экологиялық тексеру бағдарламасы;
- «Қазақтелеком» АҚ биоалуантүрлілігін басқару және сақтау бойынша нұсқаулық;
- «Қазақтелеком» АҚ жер ресурстарының мониторингі, есеп беру және қалпына келтіру бойынша нұсқаулық;
- Қауіптерді, экологиялық аспектілерді сәйкестендіру және тәуекелдерді бағалау жөніндегі құжатталған рәсім;
- Еңбек қауіпсіздігі, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалық және басқа да талаптарды сәйкестендіру жөніндегі құжатталған рәсім;
- Кәсіби денсаулық, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы көрсеткіштердің мониторингі бойынша құжатталған рәсім;
- Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару жөніндегі құжатталған рәсім;
- Апаттық жағдайларға дайындық және ден қою бойынша құжатталған рәсім.
Сақтық қағидасы
Компания ҚОҚ үшін сақтық қағидасын қолданады. Компанияның тәуекелдерді басқару жүйесі экологиялық тәуекелдерді бағалайды. Компанияда қауіптерді, экологиялық аспектілерді сәйкестендіру және тәуекелдерді бағалау бойынша құжатталған рәсім енгізілді. Компания Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін жобалардың әсерін және ықтимал салдарын талдайды және анықтайды.
- қоршаған ортаға теріс әсерді азайту;
- климаттың өзгеруі мәселесінің аса маңыздылығын түсіну;
- заңнаманы, ұлттық және халықаралық экологиялық стандарттарды сақтау;
- Компания қызметін әзірлеу және жүзеге асыру кезінде тұрақты даму қағидаттарын сақтау;
- Экологиялық менеджмент жүйесінің тиімді жұмыс істеуі үшін Компания басшылығының барлық деңгейдегі жауапкершілігі;
- барлық мүдделі тараптар үшін қолжетімді және ашық экологиялық ақпаратты ашу.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басым бағыттар
Қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мыналар да ықпал етеді:
- «Қазақтелеком» АҚ-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2022–2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары. Жоспар табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, мониторинг жүргізу және Компания қызметкерлері арасында ҚОҚ-ты қорғау жөніндегі экологиялық бастамаларды ілгерілету жөніндегі 30 негізгі іс-шараны көрсетеді;
- 2022–2032 жылдарға арналған «Қазақтелеком» АҚ-ның ТКДБ. Бағдарлама Қазақстан Республикасының заңнамасына және «Қазақтелеком» АҚ Жарғысына сәйкес көміртегі ізін азайту жөніндегі стратегиялық міндетті іске асыру шеңберінде әзірленген.
«Қазақтелеком» АҚ-ның 2022–2023 жылдарға арналған Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде есепті кезеңде атмосфераға шығарындылар, қалдықтардың пайда болуы және биоалуантүрлілік бөлігінде қоршаған ортаға әсерді барынша азайту бойынша іс-шаралар іске асырылды. Бұл туралы толығырақ «Атмосфералық шығарындылар», «Қалдықтарды басқару» және «Биоалуантүрлілікті сақтау» бөлімдерінен оқыңыз.
Қызметкерлердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық талаптар мен ESG қағидаттары туралы хабардар болуын арттыру шеңберінде Компанияда «Тұрақты даму және басымдықтар, Компанияның бизнес-процестеріне ESG-қағидаттарын біріктірудің мерзімдері мен ықтимал нәтижелері» және «Төмен көміртекті даму» тақырыптарында бетпе-бет және онлайн форматтарда бірқатар семинарлар өткізілді.
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын сақтау
«Қазақтелеком» АҚ жыл сайын Компания қызметінің қоршаған ортаға теріс әсерін азайту үшін іс-шараларды іске асырады.
2023 жылы табиғатты қорғау заңнамасын бұзу тіркелген жоқ. Есепті жылы қоршаған ортаны қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін қаржылық емес санкциялар мен өзге де әкімшілік жазалар қолданылмады. 2023 жылы Компания қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін экологиялық төлемдерді төледі.

2023 жылы табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуы тіркелген жоқ.
Есепті жылы Компанияға қоршаған ортаны қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін қаржылық емес санкциялар және өзге де әкімшілік жазалар қолданылмады.
Табиғатты қорғау іс-шараларына жұмсалған шығындар, мың теңге


2023 жылы «Қазақтелеком» АҚ-ның Ішкі экологиялық тексерулер бағдарламасына сәйкес Оңтүстік өңірі мен Алматы облысының филиалдарына қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманың сақталуына ішкі экологиялық тексерулер жүргізілді:
- «Желі» дивизионы» бірлестіктері.
- «Телеком жиынтығы» дирекциясы.
- Ақпараттық технологиялар дирекциясы.
- Сервистік фабрика.
Тексеру қорытындысы бойынша Компания филиалдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы анықталған сәйкессіздіктер бойынша түзету іс-қимылдарының жоспарларын әзірледі, оларды жауапты қызметкерлер жойды.
2024 жылға және орта мерзімді перспективаға арналған жоспарлар
Компания қоршаған ортаны қорғауды тиімді басқару бойынша келесі іс-шараларды орындауды жоспарлап отыр:
- ESG-рейтингін алуға қатысу.
- Қоғам филиалдарындағы қоймаларда қалдықтар көлемін азайтуға қол жеткізу бойынша ПӘК белгілеу.
Атмосфераға шығарындылар
Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларын жоспарлы түрде азайту «Қазақтелеком» АҚ-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметінің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Компания жыл сайын атмосфераға шығарындыларды азайту жөніндегі іс-шараларды орындайды.
Қазандықтар мен автокөліктер атмосфералық ауаға әсер етудің негізгі көздері болып табылатындығын ескере отырып, Компания оларға уақтылы техникалық қызмет көрсетуіне ерекше назар аударады, сондай-ақ өндіруші компанияның ұсынымдарына сәйкес генераторларды, бензоагрегаттар мен автокөлік құралдарын пайдалануды жүзеге асырады. Белсенділігі төмен кезеңдерде жабдықтың қозғалтқыштары ажыратылады; электр қуаты өшкен жағдайда стационарлық генераторлар пайдаланылады. Компанияда ластаушы заттардың шығарындылары бойынша есеп беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерге сәйкес тоқсан сайын орындалады.
Озонды бұзатын заттар (ОБЗ) шығарындыларының көлемі, килограмм CFC-11-экв.2

2023 жылы Компания озон қабатын бұзатын заттар бойынша Монреаль хаттамасының әдістемесіне сәйкес Компания объектілеріндегі тоңазытқыш қондырғыларда қолданылатын келесі озонды бұзатын заттар бойынша есептеулер жүргізді: R-407С, R-410A тоңазыту агенттері, хлордифторметан (R-22), дифторметан (R-32). Озонды бұзатын заттар шығарындыларының негізгі өндірушісі 100% үлесі бар R-22 тоңазыту агенті болып табылады. 2023 жылы озон қабатын бұзатын заттар шығарындыларының 15,46%-ға төмендеуі байқалды.
Компаниядағы тоңазыту агенттерді есепке алу баллондар мен килограммдарда жүзеге асырылады. ОБЗ есептеу кезінде 0,055-ке тең озонды бұзатын потенциал коэффициенті қолданылды.
Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының құрылымы, тонна

2023 жылы атмосфералық ауаға ластаушы заттар (ЛЗ) шығарындыларының жалпы көлемі реттелмейтін ластаушы заттар (ЛЗ) бойынша 228,573 тоннаны құрады, оның ішінде реттелетін ЛЗ бойынша – 52,350 тонна болды. Ластаушы заттарды есептеу бекітілген Қоршаған ортаға эмиссия нормативтерін анықтау әдістемесі негізінде жүргізілді. Ауаны ластаушы заттардың негізгі көздері көміртегі тотығы (СО) және шаң болып табылады - олар сәйкесінше 35,4% және 34,9% құрайды.
Табиғатты қорғау заңнамасының талаптарына сәйкес автономды жылыту жүйелері мен дизель-генератор қондырғылардың жұмысы үшін Компанияда шекті рұқсат етілген шығарындылардың жобалары әзірленуде. 2023 жылы «Қазақтелеком» АҚ Жамбыл облысындағы нысандарда ағынды суларды басқару шараларын жүзеге асыруға байланысты нысандарды екінші санаттан төртінші санатқа ауыстырды.
2024 жылға және орта мерзімді перспективаға арналған жоспарлар
2024 жылы атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларын азайту бойынша келесі іс-шараларды орындау жоспарлануда:
- Ластаушы заттардың мониторингі және шығарындыларды тіркеу.
- Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көлемін қысқарту бойынша сандық нысаналы көрсеткіштерді енгізу.
Су ресурстары
Компания жыл сайын су ресурстарын ұтымды пайдалануға және ауыз су сапасын үнемді жұмсауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады, Компания су ресурстарына айтарлықтай әсер етпейді. Сумен жабдықтаудың негізгі көздері сумен жабдықтау ұйымдарының (су арналарының) сулары болып табылады. Компания қалалық сумен жабдықтау желілерінен басқа ұңғымалардан және басқа көздерден суды пайдаланбайды.
Компанияның барлық нысандарында су ресурстарын тиімді пайдалану Экологиялық саясаттың басым мақсаты болып табылады. Компаниядағы су ресурстарын басқару реттемелеуші құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады:
- Компанияның бұйрығымен бекітілген «Қазақтелеком» АҚ-ның 2020–2030 жылдарға арналған экологиялық менеджмент саласындағы ұзақ мерзімді мақсаттарына қол жеткізу жоспары;
- Компанияның бұйрығымен бекітілген «Қазақтелеком» АҚ-ның 2022–2023 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары.
Водопотребление
Жалпы су жинау көлемі, мың м3

Сумен жабдықтаудың негізгі көздері сумен жабдықтау ұйымдарының (су арналарының) сулары болып табылады. Компания су тапшылығы бар өңірлерде жер үсті және жерасты көздерінен су алуды жүзеге асырмайды. 2023 жылы «Қазақтелеком» АҚ-ның 2020–2030 жылдарға арналған экологиялық менеджмент саласындағы ұзақ мерзімді мақсаттарына қол жеткізу жоспарының» іс-шараларын іске асыру есебінен су жинау 2,75%-ға төмендегені байқалды.
Ағынды сулардың төгіндісі
Компания суды тек санитарлық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланады. Компанияның барлық ағынды сулары келісімшартқа сәйкес орталық кәріз желілеріне төгіледі.
Көздер бойынша бөлінген төгінділердің жалпы көлемі, мың м3

Магистральдық желілер қиылысатын жерлердегі су объектілеріне Компания қызметінің әсерін бағалау
2023 жылы Компания қызметінің су ресурстарына әсерін бағалау шеңберінде магистральдық желілер қиылысатын жерлерде су объектілерінің суына мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында кабельді су түбімен төсеу әдістері, кабельдің су астында жатуы және оның су сапасы мен су жануарлары әлеміне әсері зерттелді. Мониторинг нәтижелері бойынша су объектілеріне тән шекті рұқсат етілген шоғырланулардың асып кетуі анықталған жоқ. Жануарлар әлемі мен жағалау белдеуінің сандық және сапалық құрамы өзгерген жоқ. Осы бағалау нәтижелері бойынша кабельдің су объектілеріне теріс әсер етпейтіні анықталды.
2024 жылға және орта мерзімді перспективаға арналған жоспарлар
Компания су ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша келесі іс-шараларды орындауды жоспарлап отыр:
- Әкімшілік үй-жайларда суды үнемдеуге арналған құрылғыларды орнату (су шығынын реттегіштер, сенсорлық араластырғыштар).
Қалдықтарды басқару
Компания қалдықтарды жауапкершілікпен және қауіпсіз қолдануға көп көңіл бөледі. Біз қалдықтардың пайда болу көлемін азайтуға және қайта өңдеуге берілетін қалдықтардың үлесін арттыруға тырысамыз.
Компанияда Қазақстан Республикасының ҚОҚ саласындағы заңнамасына сәйкес пайда болған қалдықтарды жинауды, уақытша сақтауды, кәдеге жаратуды, әкетуді және мониторингті қоса алғанда, өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару тәртібін көрсететін «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» Құжатталған рәсімі қолданылады. Компанияда қалдықтардың көлемін есепке алу журналдарда, сондай-ақ қалдықтардың қозғалысы туралы актілер (есептен шығару, қабылдау-тапсыру, кәдеге жарату актілері және т.б.) негізінде тіркеледі.
«Сервистік фабрика» компаниясының филиалы қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы бизнес-процестерді жетілдіру және оңтайландыру бойынша жобаларды енгізеді. Жыл сайын «Сервистік фабрика» Компания қалдықтарының мынадай түрлерін өткізу және кәдеге жарату жөніндегі ұйымдармен келісімшарт жасасады:
- электрондық-электр жабдықтары (климатехника, тұрмыстық электр аспаптары, электр энергиясын есепке алу аспаптары, резервтік қоректендіру көздері (ДГҚ, ДГА, шағын электр станциялары), үздіксіз қоректендіру көздері, ЭҚҚ құралдары, трансформаторлық қосалқы станциялар, электр аспаптары және т.б.);
- химиялық ток көздері (әр түрлі типтегі аккумулятор батареялары);
- құрамында сынап бар қалдықтар (люминесценттік шамдар);
- пайдаланылған майлар (ДГА, автокөлік құралдары, трансформаторлық қосалқы станциялар және т.б. пайдаланылған майлар);
- макулатура (қағаз);
- қаптама (қаптама материалының барлық түрлері).
Пайда болған қалдықтардың көлемі, тонна

2023 жылы пайда болған қалдықтардың жалпы көлемі (қатты тұрмыстық қалдықтарды есептемегенде) 60,74 тоннаны құрады. Қалдықтардың барлық көлемін үшінші тарап кәдеге жаратады. 2023 жылы пайда болған қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі 3 234 тоннаны құрады.
Қауіптілік сыныптары бойынша бөліністе жойылған қалдықтардың көлемі, тонна

2023 жылы аккумуляторлық батареялардың физикалық тозуына байланысты кәдеге жаратуға берілген қалдықтар көлемінің ұлғаюы байқалады.
2023 жылы Компанияның қалдықтардың 21 түріне арналған қалдықтар паспорттарының бірыңғай экопорталында әзірлеу және тіркеу орындалды. Компания сонымен қатар арнайы контейнерлер мен қалдықтарды уақытша жинау және сақтау алаңдарын орната отырып, алаңдарда қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру мүмкіндігін пысықтауда.
Есептен шығарылған телекоммуникациялық жабдықпен жұмыс істеу
Компания есептен шығарылған телекоммуникация құралдарын (клиенттік цифрлық жабдық (STB-приставкалар, CDMA терминалдары, модемдер, маршрутизаторлар, мультиметрлер, модульдер, басқару тақталары, терминалдар және басқа жабдықтар) және кеңсе техникасы) оларды сату үшін аукцион өткізетін үшінші тарап ұйымдарына өткізуге жібереді. Тиісті жағдайда есептен шығарылған телекоммуникациялық жабдық Компанияның бұйрығымен бекітілген «Есептен шығарылған телекоммуникация құралдарын бөлшектеу және кәдеге жарату ережелері» ұйымының стандарты негізінде қосалқы бөлшектер ретінде пайдаланылады. Есептен шығарылған жабдықтың бір бөлігін (оның ішінде мыс кабелін, кабель сынықтарын пайдалана отырып, кабельдік байланыс желілерін) Компания мамандандырылған ұйымдарға түсті және қара металдарды сақтауға және кәдеге жаратуға береді.
2024 жылға және орта мерзімді перспективаға арналған жоспарлар
Компания қалдықтарды тиімді басқару бойынша келесі іс-шараларды орындауды жоспарлап отыр:
- Өндіріс және тұтыну қалдықтарына түгендеу жүргізу.
- Қалдықтарды бөлек жинауды кеңейту.
- Қалдықтардың қауіптілік сыныптары бойынша есепке алуды енгізу.
Биоалуантүрлілікке әсері
Компания биоалуантүрлілік құндылығы жоғары қорғалатын және басқа аумақтарда жұмыс істемейді.
«Қазақтелеком» АҚ Экологиялық саясатқа сәйкес биоалуантүрлілік деңгейін арттыруға жәрдемдесуге және қорғалатын аумақтарда өндірістік қызметті жүргізуге жол бермеуге міндеттенеді.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары учаскелерінде (оның ішінде кабельдерді төсеу бойынша) өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау шеңберінде Компания топырақ эрозиясының қаупін барынша азайтатын және бұзылған жер учаскесінде өсімдік қабатын қалпына келтіруге ықпал ететін механикалық және биологиялық қалпына келтіру жұмыстарын орындайды.
2023 жылы Компанияда «Қазақтелеком» АҚ-ның биоалуантүрлілікті басқару және сақтау жөніндегі нұсқаулық» қабылданды, ол телекоммуникациялық жабдықтар мен магистральдарды, сондай-ақ Компания қызметінің басқа да бағыттарын орнату және пайдалану процесінде және қалпына келтіруден кейінгі кезеңде биоалуантүрлілікті бағалауға және мониторинг жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
«Қазақтелеком» АҚ-ның биоалуантүрлілікті басқару және сақтау жөніндегі нұсқаулықпен Компанияның сайтында танысуға болады.
2023 жылы Компания телекоммуникациялық жабдықтар бар жерлерде биоалуантүрлілікке, жер, су ресурстарына қызметтің әсерінің тәуелсіз бағалауын жүргізді. Бағалауды «Қазтэко» ЖШС жүргізді.
Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Компанияның жер ресурстарына, биоалуантүрлілікке теріс әсері анықталған жоқ. Флора, фауна және жер ресурстарының сапалық және сандық көрсеткіштері қор деректерімен салыстырғанда өзгерген жоқ.
Мониторинг бойынша егжей-тегжейлі есепті Компанияның сайтынан табуға болады.
2024 жылға және орта мерзімді перспективаға арналған жоспарлар
2024 жылы «Қазақтелеком» АҚ қызметінің қоршаған ортаға әсерін бағалауды жалғастыру жоспарлануда. Жоба шеңберінде биоалуантүрлілікке, атмосфералық ауаға, жер және су ресурстарына, қоршаған ортаға және қалалық ортадағы халыққа физикалық әсерге мониторинг жүргізілетін болады. Мониторинг жүргізу үшін негізгі қалалар болып жоғары жылдамдықты 5G интернетті енгізуге және осы қалаларда базалық станцияларды орнатуға байланысты Астана, Алматы, Шымкент қалалары таңдалды.
