Біріктірілген жылдық есеп 2023
ҚАЗ
РУС
ENG

Инновациялар және жаңа технологиялар

Басқару тәсілі

Инновациялық технологиялар Компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуде маңызды рөл атқарады, сондай-ақ миллиондаған қазақстандықтар үшін сапалы және ыңғайлы қызмет көрсетуге көмектеседі.

Инновациялық жобаларды енгізу және Компанияның цифрлық трансформациясы басқару тиімділігін арттыруға, тәуекелдерді азайтуға, ESG қағидаттарына сәйкес келуге және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді.

«Қазақтелеком» АҚ халық, бизнес және мемлекет үшін әртүрлі цифрлық өнімдер мен шешімдерді әзірлейді және енгізеді.

Жаңа бизнестер және жаңа өнімдер

DDoS-шабуылдарынан қорғау

DDoS-шабуылдарынан қорғау Қазақстандағы корпоративтік клиенттер арасында ең сұранысқа ие қызметтердің бірі болып табылады.

«DDoS-шабуылдарынан қорғау» қызметі ақпараттық қауіпсіздік саласындағы әлемдік көшбасшылардың шешімдері негізінде интернет желісінен DDoS-шабуылдарға барынша қарсы іс-қимыл жасауға және олардың алдын алуға бағытталған шаралар кешенін қамтиды. Ол DDoS-шабуылдарынан туындаған байланыс арнасының толып кетуіне немесе жабдықтың шектен тыс жүктелуінің есебінен қоғамдық ресурстардың қолжетімсіздігімен байланысты тәуекелдерді азайтуды қамтамасыз етеді.

Кэш-серверлерге кіру мүмкіндігі бар интернет

Кэш-серверлер ірі контент-провайдерлердің инфрақұрылымының бөлігі болып табылады: Қазақстан аумағында «Қазақтелеком» АҚ ақпарат орталықтарында орналастырылған онлайн-ойындар, видеохостингтер, онлайн-кинотеатрлар, сондай-ақ әлеуметтік желілер. «Қазақтелеком» АҚ өнімі В2О сегменттеріндегі абоненттер үшін интернетке және Компанияның кэштелген ресурстарына қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Абонент үшін өнімді пайдалану оның клиенттері мен пайдаланушыларына танымал ресурстарға қол жеткізу уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Өнім қымбат жабдықты сатып алу және оларға қызмет көрсету шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді: деректерді, серверлерді, электрлі қоректендіру құрылғысын, желілік жабдықты сақтау жүйелері.

Telco Cloud бұлтында желілік функцияларды іске қосу

2023 жылы Компания Telco Cloud бұлтты торабына негізделген Астана және Алматы қалаларында vCGNAT және vDNS желілік функцияларын виртуалдандыру жобасы бойынша күрделі жұмыстарды сәтті жүргізді. Бұл жұмыстар Астананың Telco Cloud тораптары мен желілік функцияларының ақауларға төзімділігін жақсартуға мүмкіндік берді. Астанада vCGNAT-ты пайдалануға беру көптеген IPv4-мекенжайларын босатуға мүмкіндік берді.

Телекоммуникациялық инфрақұрылым және желіні дамыту

МДБЖ-ны жаңғырту

«Операторлық қосылымдар үшін порт сыйымдылығын кеңейту» жобасын іске асыру шеңберінде Компания сервистік шекара бағдарлауышын жаңғыртып, Алматы, Астана, Ақтөбе, Атырау және Шымкент қалаларында байланыс операторларын қосу үшін қосымша 100 Gbps порттарымен жабдықтады.

Контентке қол жеткізуді оңтайландыру үшін желілік инфрақұ рылымды (пиринг) және кэштеу серверлерін кеңейту

2023 жылы кэш-серверлер мен контент-провайдерлер үшін инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жалғасты. «Кэш-серверлер үшін инфрақұрылымды дамыту» жобасының үшінші кезеңін іске асыру шеңберінде Компания Ақтөбе, Павлодар және Алматы қалаларында инфрақұрылымды жаңғыртқан. Meta, Tencent және VK серверлері орналастырылған. Бұл әрекеттер «Қазақтелеком» абоненттері үшін сервистердің қолжетімділігін жақсартуға және сыртқы арналарға жүктемені азайтуға мүмкіндік берді. Компания желісіндегі интернет трафигінің 70%-ы ошақталған.

Франкфурт пен Гонконгтағы POP түйіндерін ұйымдастыру жобасы аясында Google, Meta, Amazon, Apple, Valve, Tencent, Twitch және т.б. сияқты ірі контент-провайдерлермен пиринг ұйымдастырды. Бұл абоненттердің контентпен байланысын жақсартуға айтарлықтай әсер етті.

Әртүрлі желілік функциялар мен техникалық шешімдерді сынау

  • Көп функциялы кері байланыстарды орындауға мүмкіндік беретін MBH (Mobile Backhaul) – DCSG (Disaggregated Cell Site Gateway) желі үшін бөлшектелген шешім сәтті сыналды. DCSG өзінің қызмет көрсету функцияларын құру үшін white box әмбебап платформасының артықшылықтарын әзірлеушілердің ашық желілік экожүйесімен біріктіреді. Тестілеу барысында бағдарламалық бөліктің әртүрлі өндірушілердің аппараттық бөлігімен үйлесімділігі және MBH желісінде CSG функцияларын орындау тексерілді.
  • Қонаев қаласында жаңа vOLT (VOLTHA) шешіміне далалық тестілеу өткізілді. vOLT-тің басқа вендорлардың түрлі ONT-мен бірігуіне тексеру жүргізілді.
  • Тәжікстан Мегафон желісі («ТТ Мобайл» ЖАҚ) үшін «Қазақтелеком» АҚ-ның пирингтік қосылыстары мен жергілікті кэш-серверлеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету сыналды.
  • Екі факторлы аутентификация үшін телефон нөмірін тексеру қызметі болып табылатын Flash Call сервисіне тестілеу жүргізілді, ол SMS – OTP тексеруіне қарағанда үнемді және API арқылы оңай біріктіріледі.