Біріктірілген жылдық есеп 2023
ҚАЗ
РУС
ENG

Ішкі аудит

Ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – ІАҚ) Компанияда ішкі аудитті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын және есеп беретін және Аудит жөніндегі комитет жетекшілік ететін Компанияның Директорлар кеңесінің органы болып табылады.

ІАҚ қызметі Ішкі аудит қызметі туралы ережеге және «Қазақтелеком» АҚ Жылдық аудит жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

Қызмет өз қызметінде тәуелсіздік, объективтілік, құзыреттілік және жұмысқа кәсіби көзқарас қағидаттарын, Ішкі аудиторлар институтының Халықаралық кәсіби ішкі аудит стандарттарында белгіленген ішкі аудиторлар қызметінің стандарттары мен сапалы стандарттарын басшылыққа алады. 1110 стандартына (Ұйымдық тәуелсіздік) сәйкес ІАҚ ұйымдық тәуелсіздікті сақтайды.

2023 жылы өзінің негізгі қызметі шеңберінде Жылдық аудиторлық жоспарға және Директорлар кеңесінің тапсырмаларына сәйкес Қызмет 16 аудиторлық іс-шара өткізді, жоспар 107%-ға орындалды.

KPMG жүргізген ІАҚ қызметін тәуелсіз сыртқы бағалау нәтижелері бойынша ІАҚ қызметі барлық маңызды аспектілерде ішкі аудиттің Халықаралық кәсіби стандарттарының талаптарына сәйкес келетіндігі расталды. Стандарттардың талаптарына сәйкестігіне бағалау нәтижелері бойынша ІАҚ сәйкестік пайызы 98%-ды құрады.