Біріктірілген жылдық есеп 2023
ҚАЗ
РУС
ENG

Акционерлік капиталдың құрылымы

01.01.2024 жылғы жағдай бойынша Компанияның Басқарма, Директорлар кеңесінің мүшелері «Қазақтелеком» АҚ-ның қарапайым акцияларының меншік иелері болып табылмайды, акцияларды өзара иелену жоқ. Компанияның Жарғылық капиталы 12 136 529 мың теңгені құрайды және 10 922 876 қарапайым акциядан және 1 213 653 артықшылық берілген акциядан тұрады. Бір акцияның номиналды құны – 1 000 теңге. Эмитенттелген акциялардың жалпы санынан «Қазақтелеком» АҚ-ның артықшылық берілген акцияларының үлесі 10%-ды құрайды.

«Қазақтелеком» АҚ-ның қарапайым және артықшылық берілген акциялары 1997 жылғы 16 қазаннан бастап «А» санатындағы «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – Биржа) ресми тізіміне енгізілді. 2008 жылғы 1 қыркүйектен бастап Биржаның ресми тізімінің бірінші санатына ауыстырылды.

Қазіргі уақытта Компанияның қарапайым және артықшылық берілген акциялары «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның ресми тізімінің «Премиум» санатына кіреді және Биржаның негізгі алаңында саудаланады.

2006 жылғы 28 сәуірде «Қазақтелеком» АҚ-ның мемлекеттік акциялар пакеті Қазақстанның бірқатар ірі компанияларының мемлекеттік үлестерін тиімді басқару үшін ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы №117 қаулысына сәйкес құрылған «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі АҚ-ға берілді. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы №669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы №962 қаулысымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Қор) «Қазына» орнықты даму қоры» мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамдарын біріктіру жолымен құрылды.

2023 жылғы 12 қыркүйекте «Қазақтелеком» АҚ-ның екінші ірі акционері болған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті 2022 жылғы мамырдан бастап Қорға «Қазақтелеком» АҚ-ның 3 084 983 (орналастырылған қарапайым акцияларының 28,24%-ы) қарапайым акцияларын берді.

Бүгінгі таңда Қор Компанияның ең ірі акционері болып табылады.

2023 жылғы 13 қыркүйекте «First Heartland Jusan Bank» АҚ «Қазақтелеком» АҚ-ның 983 350 (орналастырылған қарапайым акцияларының 9,00%-ы) қарапайым акцияларына иелік ететін акционері болды.

2023 жыл ішінде Қоғамның қарапайым акцияларының ең төменгі бағасы 28 200,00 теңгеге және Қоғамның артықшылықты акцияларының ең төменгі бағасы 21 844,67 теңгеге жетті.

2023 жылдың төртінші тоқсанында 2022 жылғы бөлінбеген пайдадан дивидендтер төлеу үшін акционерлердің тізімін бекіту күні қарсаңында бір қарапайым акцияға 3 038,36 теңге сомасына «Қазақтелеком» АҚ-ның акциялар құнының қысқа мерзімді өсуі байқалды.

Дивидендтер төлеу тізіміне енгізу және 2022 жылдың шілде айының деңгейіне дейін төмендету мерзімі басталғаннан кейін «Қазақтелеком» АҚ-ның акцияларының құны 2023 жылдың соңына дейін біртіндеп қалпына келтіруді жалғастырды. 2023 жылғы желтоқсанның соңғы сауда күнінің қорытындысы бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ-да «Қазақтелеком» АҚ (ISIN KZ0009093241) қарапайым акцияларының құны 34 500,00 теңгені, «Қазақтелеком» АҚ (ISIN KZ0009094645) артықшылық берілген акцияларының құны 24 750,00 теңгені құрады.