Дивидендтік саясат
«Қазақтелеком» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) дивидендтік саясатының мақсаты Қоғам мен Акционерлер мүдделерінің теңгерімін, дивидендтердің мөлшерін, оларды төлеу шарттары мен тәртібін айқындау кезінде тәсілдің болжамдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
Қоғамның дивидендтік саясатының негізгі қағидаттары айналымдағы Қоғам акцияларының барлық пакетіне кепілдендірілген дивидендтер төлеуді қамтамасыз ету қағидаты және Қоғамның қаражаты есебінен іске асырылатын қызметтің жаңа түрлерін және инвестициялық жобаларды қаржыландыруды қоса алғанда, Қоғамның қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету қағидаты болып табылады.
Төленетін дивидендтердің мөлшері қаржылық тұрақтылық пен өтімділік көрсеткіштері негізінде айқындалатын Қоғамның қаржылық-экономикалық жағдайына байланысты.
Қоғам төлеуге ұсынылатын дивидендтердің мөлшері акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының (18.01.2013 ж. №49 хаттама) шешімімен бекітілген «Қазақтелеком» АҚ-ның Дивидендтік саясат туралы ережеде баяндалған дивидендтерді есептеу әдістемесіне сәйкес «Қазақтелеком» АҚ-ның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №51 шешіміне сәйкес өзгерістер мен толықтырулармен айқындалады. Дивидендтер мөлшері туралы түпкілікті шешімді Акционерлердің жалпы жиналысы қабылдайды.
2023 жылы Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешіміне сәйкес (2023 жылғы 27 қазандағы №79 хаттама) дивидендтер төлеуге бас компанияның меншік иелеріне тиесілі 2022 жылғы шоғырландырылған бөлінбеген пайданың 29,30%-ы жіберілді.