Климаттың өзгеруіне қарсы күрес
Біздің климаттық стратегиямыз
Еліміздің ірі телекоммуникациялық компаниясы бола отырып, «Қазақтелеком» АҚ Қазақстанның парниктік газдар шығарындыларын қысқарту жөніндегі жаһандық бастамаларға қатысуын қолдайды. Компания климаттың өзгеруінің салдарын бәсеңдетуге және Париж климаттық келісімін орындауға үлес қосуға тырысады. Біздің есепті кезеңде жетілдірілген ESG стратегиямызда климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласында да біз көшбасшы болуға ұмтылатын басым бағыттар тіркелген.
Төмен көміртекті дамуға көшу «Қазақтелеком» АҚ үшін стратегиялық басымдық болып табылады. Компания «2022–2032 жылдарға арналған Төмен көміртекті даму бағдарламасын» әзірлеп, енгізуде.
Компания парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша жұмыс жасауда және электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік беретін тиімділікті арттыру шараларын енгізуде. Біз неғұрлым экстремалды климаттық жағдайларда Компаниямыздың төзімділігін арттыру үшін шаралар қабылдап жатырмыз, әйтпесе бұл қымбатқа түсуі мүмкін. Біз миллиондаған клиенттерімізге парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және энергияны тиімдірек етуге көмектесетін инновациялық өнімдер мен қызметтер арқылы кірістердің өсуін қамтамасыз етеміз.
Біздің климаттық стратегиямыздың негізгі басымдықтары:
- Компанияның қызметінен және құн құру тізбегінің барлық кезеңдерінен парниктік газдар шығарындыларын декарбонизациялау және азайту.
- Баламалы энергия.
- Ресурстарды үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру.
Компания көміртегі ізін азайтуға және энергия тиімділігін арттыруға ықпал ететін жобалар мен жаңа технологияларды (соның ішінде IoT) ілгерілетуді жоспарлап отыр. Компания цифрлық және телекоммуникациялық қызметтер мен өнімдердің кең спектрін әзірлеуге және ілгерілетуге ықпал ететін болады, бұл біздің клиенттеріміздің және тұтастай Қазақстан Республикасының экономикасының парниктік газдар шығарындыларын қысқарту қарқыны мен темпіне оң әсер етуге мүмкіндік береді. Қазақстанда ЖЭК нарығын дамыту шеңберінде Компания баламалы энергияны сатып алуға, сондай-ақ отынның экологиялық түрлеріне көшуге ұмтылатын болады.
Төмен көміртекті даму саласындағы ашықтық пен айқындықты арттыру үшін Компания Carbon Disclosure Project (CDP) халықаралық платформасы шеңберінде жыл сайынғы климаттық есептілікті дайындауды жоспарлап отыр.
Төмен көміртекті даму мақсаттарын орындау декарбонизация шараларын әзірлеумен және жүзеге асырумен, сондай-ақ Компанияның бизнес-моделіне климаттық аспектіні толық біріктірумен тығыз байланысты.
Біздің мақсаттарымыз
«Қазақтелеком» АҚ-ның стратегиялық мақсаты базалық 2021 жылмен салыстырғанда 2032 жылға қарай ПГ шығарындыларын 13%-ға қысқарту болып табылады. Компания ұзақ мерзімді ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің ұлттық экономиканы декарбонизациялау жөніндегі алға қойған міндетін ескере отырып, 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу міндетін қояды.
«Қазақтелеком» АҚ-ның стратегиялық мақсаттары:
- 2032 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 13%-ға қысқарту
- 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу.

Климаттық тәуекелдерді басқару
Компания климаттық тәуекелдерді басқару бөлігінде корпоративтік жүйені жетілдіруді жоспарлап отыр:
- TCFD ұсынымдарына (климаттың өзгеруіне байланысты қаржылық ақпаратты ашу бойынша ұсыныстар) сәйкес климаттық тәуекелдер мен мүмкіндіктерді сәйкестендіру жүргізіледі және климаттық тәуекелдер мен мүмкіндіктерді сәйкестендіру үшін әдістемелік тәсіл әзірленеді.
- TCFD ұсынымдарына сәйкес климаттың өзгеруіне байланысты сценарийлерге талдау жасалады.
- Анықталған физикалық климаттық тәуекелдерге бейімделу жоспары әзірленеді.
- Жоғары атқарушы орган деңгейінде климаттық тәуекелдерді басқаруға жауапты адам тағайындалады.
Бұл туралы толығырақ келесі есептерімізде айтатын боламыз.

Парниктік газдар шығарындылары
Компания келесі ішкі құжаттарға сәйкес парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады:
- «Қазақтелеком» АҚ-ның 2022–2032 жылдарға арналған Төмен көміртекті даму бағдарламасы.
- Парниктік газдар шығарындылары мен энергия ағындары бойынша мониторинг пен есеп беру нұсқаулықтары.
2023 жылы Компания көміртегі ізін азайту шараларын жалғастырды. 2023 жылы Компанияның «Желі» дивизионы» бірлестігі және «Ақпараттық технологиялар бөлімі» филиалдары сатып алынған электр энергиясын тұтынуды 1201,303 МВт*сағат көлемінде азайтты. Алайда, 2023 жылы стационарлық шығарындылар көздеріне (қазандықтарға) және сатып алынған жылу энергиясына отын тұтынудың өсуі байқалады. Өсудің себебі ауа-райы жағдайлары: жауын-шашын мөлшері және минустық температура күндері болды.
Парниктік газдар шығарындыларының көлемі, тонна СО2-экв.

Компанияда биомассаның жануы мен ыдырауынан ПГ шығарындылары болмайды. 1-қамту ПГ шығарындыларын есептеу КӨҮСТ басшылығының негізінде отын тығыздығының жеке көрсеткіштерін қолдана отырып жүзеге асырылды. 2-қамту ПГ шығарындыларын есептеу экономиканың реттелетін секторларындағы бенчмарктердің бекітілген тізбесі негізінде жүзеге асырылды. Компанияның қоршаған ортаға биогендік әсері жоқ.
2023 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақтелеком» АҚ-ның парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемі 1 және 2 қамту бойынша 234 853,03 тонна СO2-экв құрады. Тікелей (1-қамту) және жанама энергия шығарындыларының (2-қамту) көлемі тиісінше + 17,6% және -1,8% – ға өзгерді.
Энергия үнемдеу жөніндегі бағдарламаларды іске асыру есебінен парниктік газдар шығарындыларын қысқарту, тонна CO2-экв

Көміртексыйымдылық динамикасы, тонна СО2-экв./млн теңге

2024 жылға және орта мерзімді перспективаға арналған жоспарлар
- Климаттық тәуекелдерді
басқару жүйесін жетілдіру,
оның ішінде:
- Климаттық тәуекелдер мен мүмкіндіктерді талдау және бағалау; анықталған физикалық климаттық тәуекелдерге бейімделу жоспары; TCFD ұсынымдарына сәйкес климаттың өзгеруіне байланысты сценарийлерді талдау.
- Компанияның корпоративтік тәуекелдерді басқару жүйесіне климаттық тәуекелдерді неғұрлым тиімді біріктіру.
- Басшылық лауазым деңгейінде жауапты тұлғаны тағайындау.
- TCFD ұсынымдарына сәйкес климаттық тәуекелдер туралы есептерді дайындау.
- 2024 жылы қазбалы отын
түрлерінің үлесін алмастыру
ретінде төмен көміртекті
энергия көздерін пайдалану
жөніндегі іс-шараларды
орындау жоспарлануда:
- «Қазақтелеком» АҚ-ның 2022-2032 жылдарға арналған ТКДБ іс-шараларын іске асыру.
- 13% көрсеткішіне қол жеткізу үшін төмен көміртекті даму бағдарламасын қайта қарап шығу.
- Стационарлық және мобильді көздерде қазбалы отынды тұтынуды азайту.