Біріктірілген жылдық есеп 2023
ҚАЗ
РУС
ENG

Қызметкерлермен қарым-қатынас

Компания үшін ең үлкен құндылық - оның қызметкерлері. Компания өз қызметкерлеріне кәсіби және жеке даму үшін тең мүмкіндіктер береді және олардың қауіпсіздігі мен әл ауқатына қамқорлық жасайды.

Басқару тәсілі

«Қазақтелеком» АҚ өз қызметкерлеріне лайықты сыйақы мен әлеуметтік қолдау көрсетеді, қызметкерлерді оқыту мен дамыту бағдарламаларына инвестиция салады, еңбек жағдайларын жақсартуға ұмтылады.

Компаниядағы оқыту жүйесі әртүрлі жастағы қызметкерлерге жаңа дағдыларды үйренуге көмектеседі. 2023 жылы Қазақтелеком» АҚ қызметкерлерін оқытудың орташа ұзақтығы: ерлер – 11,54 сағат, әйелдер – 11,84 сағатты құрады.

Компанияға цифрлық таланттарды тарту мақсатында «Қазақтелеком» жоғары оқу орындарымен белсенді жұмыс жасай отырып, кадрлармен қамтамасыз ету бойынша көп сатылы бағдарламаны құрады, ал болашақта өзінің болашақ қызметкерлерін мектептен бастап тәрбиелеуді жоспарлап отыр.

Компанияда қызметкерлерге арналған түрлі бағдарламалар бар: «Демеу» әлеуметтік қолдау бағдарламасы, медициналық сақтандыру бағдарламасы, жеңілдетілген шарттармен ипотекалық несиелеу бағдарламасы және т.б.

«Қазақтелеком» АҚ лауазымы мен жынысына қарамастан жалақы деңгейінде тең мүмкіндіктер береді. Компанияның орташа айлық жалақысының деңгейі қызметкердің лауазымына байланысты емес және Компаниядағы еңбекақы төлеу ережелеріне сәйкес айқындалады.

Компанияда 2021 жылы бекітілген және Компанияның адам ресурстарын басқару саласындағы негізгі стратегиялық бастамаларын бекітетін Employee Experience стратегиясын жүзеге асыру жалғасуда.

Employee Experience Стратегиясы

Ұйымдастырушылық даму

Жаңа жағдайлардағы басқару моделі:

  • БКВ (ДУП) жобаларын басқару функциясы орталықтандырылды;
  • қызмет сапасын басқару функциясы орталықтандырылды (Customer Service);
  • В2С сервис желісінің 18 пункті оңтайландырылды.

Қызметтің тиімділігі:

  • В5 және одан жоғары грейдтері бар қызметкерлер үшін тоқсан сайынғы сыйлықақыларға көшу (фокус/ПӘК сервисі);
  • «Бизнес жұлдыздары» Big Data талдауы арқылы тиімді қызметкерлерді анықтау жобасы іске асырылды.

Еңбекақы төлеу жүйесінің тиімділігі:

  • ЕТҚ бюджеттеудің экономикалық моделі енгізілді;
  • бірегей техникалық мамандар, жобалау топтары және цифрлық трансформация топтары (FCF) үшін қосымша ынталандыру құралдары енгізілді.

Әл-ауқат және денсаулық

Well-Being кешенді бағдарламасын енгізу:

  • Well-Being кешенді бағдарламасы бекітілді:
    • Health Balance платформасы енгізілді (СӨС марафондары, психологиялық кеңес беру, денсаулық көрсеткіштерін бақылау);
    • ҚР-ның 5 қаласында «Кардиовизор» аппаратының көмегімен және тестілеу қорытындысы бойынша кеңес беру арқылы қызметкерлердің денсаулық жағдайына зерттеу жүргізілді;
    • денсаулықты қолдау бойынша 2 вебинар өткізілді;
    • қызметкерлерді міндетті медициналық тексеруден өткізу және вакцинациялау ұйымдастырылды.

Еңбек қатынастары жүйесін дамыту (Industrial Relations):

  • IR скрининг арқылы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларға мониторинг енгізілді;
  • қызметкерлердің сұраныстарымен жұмыс жүйелендірілді (алгоритм/телеграмм-чаттар);
  • қызметкерлердің әлеуметтік тұрақтылығы мен әл-ауқатына тереңдетілген зерттеу жүргізілді (SRS 67%).

Әлеуметтік қолдау:

  • «Демеу» бағдарламасы толықтырылды (толық емес отбасылар енгізілді). 1,8 мың қызметкерге 294 млн теңге сомасына көмек көрсетілді;
  • мақсатты пайызсыз қарыздар беру жалғастырылды;
  • жеңілдікті несиелеу бағдарламасы жалғасты;
  • 01.06.2023 жылғы Ұжымдық шартқа келісім жасалды;
  • 2024 жылға арналған ЕМС шарты жасалды.

Корпоративтік мәдениет

CREDO корпоративтік құндылықтарын дамыту:

  • жаңартылған корпоративтік құндылықтар бойынша кодекс әзірленді;
  • құндылықтарды ілгерілететін амбассадорлар ретінде топ-менеджерлер тартылды;
  • CREDO жобасы Батыс аймағында (4 облыс) іске асырылды, 170 көшбасшы – 43 жоба (1100 қатысушы);
  • түлектердің ынтымақтастығы және CREDO жобаларын бизнестің жаңа шындығына өзектендіру ұйымдастырылды;
  • филиалдарда құндылықтар мен құзыреттілік бейінінің (DEEP) ену диагностикасы жүргізілді;
  • әйелдер көшбасшылығы форумы өткізілді.

Еңбегін мойындау:

  • материалдық емес ынталандыру бағдарламасы іске қосылды:
    • Мамандығы бойынша үздіктер;
    • Мемлекеттік марапаттар;
    • Корпоративтік марапаттар;
    • Кәсіби мерекелер;
  • қызметкерлерді марапаттау үшін 15 облыста ГДОЭ сапарлары ұйымдастырылды.

Династиялар бағдарламасы:

  • IT-Summer Camp» – қызметкерлердің балаларына арналған жазғы АТ-лагері;
  • Қызметкерлердің балаларына арналған HSE;
  • қызметкерлердің балаларын жоғары оқу орындарында оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу.

Алғыс айту мәдениеті:

  • қызметкердің порталында мерчтер мен басқа да тауарларды сатып алу үшін телекоиндерді жинақтау мүмкіндігімен «РАХМЕТ» функциясы енгізілді.

EX операциялық қызмет

Оқыту және дамыту:

  • Корпоративтік университеттің 7 бейінді академиясының рөлдері мен құзыреттері әзірленді:
    • Қызмет көрсету және сату
    • Техникалық
    • Leadership&JAS
    • Қаржылық
    • HSE&ESG
    • EX
    • Digital
  • мемлекеттік тілде қызмет көрсету бойынша ішкі жаттықтырушылар пулын қалыптастыру бағдарламасы іске қосылды;
  • кадр резервін дамыту үшін eMBA жобалары жүзеге асырылды.

Жалдау және бейімделу:

  • персоналды іріктеу процесін өзгерту:
    • Жоғары оқу орны – 26 меморандум;
    • Орта оқу орны – 40 меморандум;
    • Тағылымдамаға қабылданған – 1 267 студент. Жұмыспен қамтылғандар – 259 студент (20%);
  • ktbot – бейімделу және даму көмекшісі енгізілді.

ЕХ процестерін цифрландыру:

  • «Қызметкер порталы» экожүйесі іске қосылды. 9 мыңға жуық пайдаланушы;
  • EJM бойынша 28 ЕХ процесі автоматтандырылды.

«Қазақтелеком» АҚ-ның Кадр саясатының қағидаттары:

Әлеуметтік жауапкершілік

Компания қызметкерлермен өзара қарым-қатынас орнату кезінде әлеуметтік әл-ауқатқа қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының еңбек қатынастары саласындағы заңнамасының талаптарын сақтайды.

HR-жүйесінің ашықтығы

Компанияда стратегиялық мақсаттарды (Employee Experience бағдарламасы) іске асыру үшін жүйелік процестер (тағайындау, мансаптық өсу, оқыту және дамыту, тиімділікті бағалау және т.б.) арқылы HR функциясын басқарудың ашық процедурасы қолданылады.

Сабақтастық

Компания қызметкерлерді оқыту мен дамытуды өз қызметкерлерінің сабақтастығының білікті деңгейіне жетудің құнды құралы ретінде қарастырады.

Клиентке бағдарлану

HR функциясы бизнес кеңістіктегі оң беделін арттыру үшін клиенттермен нәтижелі өзара тиімді қарым-қатынас негізінде Компания қызметкерлері арқылы клиентке бағдарланған тәсілді жетілдіруге ұмтылады.

Жеке жауапкершілік

HR функциясының қызметкерлері жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін Компанияның әрбір қызметкерінде жоғары тәртіп пен жеке жауапкершілікті қалыптастыруға тырысады.

«Қазақтелеком» АҚ мен қызметкерлердің мүдделері мен мақсаттарының теңдігі

Компания өз қызметкерлерінің мүдделерін құрметтейді және әлеуметтік әл-ауқатқа жәрдемдесу мақсатында олардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктеріне негізделеді, сонымен қатар қызметкерлерден өз қызметі барысында оның мақсаттарына жету үшін Компания мүдделерінің сақталуын тең дәрежеде күтеді.

Инновациялық ойлау

Компания инновациялық ойлауды бәсекелестік артықшылықтардың бірі ретінде қарастырады және осыған байланысты HR функциясы қызметкерлерді Компания ұсынатын өнімдер мен технологияларды оңтайландыру мен автоматтандыруға бағытталған инновациялық ойлауды қалыптастыру үшін барлық жағдайлармен қамтамасыз етеді.

Персоналды басқару жүйесі

«Қазақтелеком» АҚ персоналды Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының талаптарына, корпоративішілік ережелерге, саясаттар мен кодекстерге сәйкес басқарады, сондай-ақ осы саладағы үздік халықаралық тәжірибелерді ескереді.

«Қазақтелеком» АҚ-ның персоналды басқару жүйесі Персоналды басқару және дамыту департаментінің қызметімен реттеледі. Департаменттің негізгі міндеттері тиімділік деңгейін арттыру, персонал мен корпоративтік мәдениетті дамыту болып табылады.

«Қазақтелеком» АҚ Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының талаптарын және өзінің барлық қызметкерлері үшін іріктеу, дамыту, лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету қағидаттарын қатаң сақтайды. Компания HR функциясының ұйымдастырушылық механизмдері мен процедураларын жетілдіруге ұмтылады.

2023 жылы Компанияда «Қазақтелеком» АҚ персоналын басқару саясаты» қабылданды.

Саясаттың негізгі бағыттары:

  • Қоғам дамуының стратегиялық бағыттарын ескере отырып, адами ресурстарды дамыту арқылы білікті кадрларды тарту, ынталандыру және қолайлы жағдайлар жасау;
  • Қоғамның стратегиялық мақсаттарын іске асыруға ықпал ететін корпоративтік мәдениетті тиімді дамыту;
  • персоналды басқарудың заманауи әдістері мен озық технологияларын енгізу, EX-функциялардың тиімділігін арттыру үшін ЕХ-процестерін жетілдіру.

«Қазақтелеком» АҚ персоналын басқару саясатының» мақсаты – JRun қоғамының бизнес-стратегиясымен дамудың стратегиялық бағыттарымен (бұдан әрі – ДСБ) өзара байланыста персоналды басқарудың қағидаттары мен тұжырымдамалық тәсілдерін айқындау:

  1. Jaqyn ДСБ: бизнесті трансформациялаудың негізі – тамаша клиенттік тәжірибе;
  2. Birlik ДСБ: ішкі клиентке назар аудару және оның тәжірибесін жақсарту;
  3. Alau ДСБ: деректердің барлық әлеуетін пайдалану, АТ-инфрақұрылымын жаңарту, ақпараттық қауіпсіздік, микросервистік АТ-архитектурасына көшу және бизнес мақсаттарын іске асыру үшін Multi-cloud ортасын құру;
  4. Orken ДСБ: желіні жаңғырту және операциялық тиімділікті арттыру.

Қызметкерлерді оқыту және дамыту мәселелерін басқарумен HR-жүйенің құрылымдық бөлімшесі – Қызметкердің тәжірибесін басқару қызметі айналысады. Оның қызметін ұйымдастыру Компанияның келесі ішкі құжаттарына негізделген:

  • «Қазақтелеком» АҚ-ның Білімді басқару ережесі.
  • «Қазақтелеком» АҚ-ның Employee Experience стратегиясы.
  • «Қазақтелеком» АҚ-ның Кадр пулын қалыптастыру және дайындау қағидалары.

Қызметкерлердің саны мен құрылымы

GRI 2-7
Қызметкерлердің тізімдік санының динамикасы, 2020–2023, адам
GRI 405-1
Есепті кезеңнің 31 желтоқсанына жас топтары бойынша бөлінген қызметкерлердің құрылымы, 2022–2023, адам
GRI 405-1
Есепті кезеңнің 31 желтоқсанына жас бойынша бөлінген басқарушы органдардың құрылымы, 2022–2023, адам

2022 жылмен салыстырғанда «Қазақтелеком» АҚ-ның Басқарма құрамына тағы 1 әйел қосылды және 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша Басқарма мүшелерінің құрамындағы әйелдердің үлесі 33,3%-ды құрады.

GRI 405-1
Есепті кезеңнің 31 желтоқсанына гендерлік топтар бойынша бөлінген қызметкерлердің құрылымы, 2022–2023, адам
GRI 405-1
Есепті кезеңнің 31 желтоқсанына гендерлік топтар бойынша бөлінген басқарушы органдардың құрылымы, 2022–2023, адам

«Қазақтелеком» АҚ қатысатын аймақтар бойынша тұрақты және уақытша қызметкерлердің саны айтарлықтай өзгеруде.

GRI 2-7
«Қазақтелеком» АҚ-нің тұрақты және уақытша қызметкерлерінің саны, 2023 жыл, аймақтар бойынша

Есепті кезеңде Компанияның мерзімсіз еңбек шарттары талаптарында жұмыс істейтін қызметкерлерінің саны 17 412 адамды немесе жалпы персонал санының 91,5%-ын құрады.

GRI 2-7
Есепті кезеңнің 31 желтоқсанына тұрақты және уақытша қызметкерлерінің саны, адам, гендерлік топтар бойынша
Кестеге ескертпе: 2022 жылы қызметкерлерді тұрақты және уақытшаға бөлу әдістемесі 2023 жылғы есепті толтыру кезінде KPMG өкілдері ұсынған әдістемеден ерекшеленеді. Барлық жылдар бойынша деректер KPMG ұсынымдарына сәйкес келтірілген.

GRI 2-7

2023 жылы «Қазақтелеком» АҚ-ның толық жұмыспен қамту жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерінің саны 18 826 адамды немесе жалпы персонал санының 99%-ын құрады, бұл ретте ер қызметкерлердің саны 11 875 адамды, әйел қызметкерлердің саны 6 951 адамды құрады.

Есепті кезеңде Компанияда 196 адам немесе 1% толық емес жұмыспен қамту жағдайында еңбек етті, оның ішінде 131 ер адам және 65 әйел адам.

GRI 2-8

2023 жылы Компанияда азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарттар бойынша 275 қызметкер еңбек етті және олар Компаниямен уақытша сипаттағы жобаларға тартылды.

Персоналды іріктеу

Компанияда персоналды іріктеу «Қазақтелеком» АҚ-ның персоналды іріктеу ережесіне» сәйкес жүзеге асырылады. Компаниядағы бос лауазымдар мен жұмысшы мамандарды жалдаумен Жалпы HR қызмет көрсету орталығы және Қызметкердің тәжірибесін басқару қызметі құрылымдық бөлімшелері айналысады.

Персоналды іріктеу қағидалары:
  • бизнестің қажеттіліктерін ескере отырып, персоналды іріктеуді жоспарлау;
  • лауазымға және Құзыреттілік моделіне қойылатын талаптарға негізделген нақты және ашық іріктеу критерийлері;
  • ашық конкурстық рәсімдер;
  • кандидаттың кәсібилігі, жеке қасиеттері және оның лауазымға қойылатын біліктілік талаптары мен құзыреттеріне сәйкестігі;
  • меритократия қағидаты негізінде қабылданатын шешімдердің негізділігі;
  • қызметкерлерді жалдау кезінде объективті шешім қабылдауға мүмкіндік беретін әр лауазымға сәйкес келетін үміткерлерді бағалау әдістерін қолдану;
  • кемсітушіліктің болмауы, барлық үміткерлерге кәсіби, ашық және құрметпен қарау;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі;
  • қызметкерлерді тарту және іріктеу үшін ресурстарды пайдаланудың ұтымдылығы.

Компанияда персоналды іріктеу конкурстық негізде жүргізіледі. Бос лауазымға орналасу кезінде ішкі кандидаттар, оның ішінде кадр резервіне кіретін кандидаттар басым құқыққа ие болады. Білікті мамандарды іздеуге және таңдауға үміткерлер:

  • Компания қызметкерлері, оның ішінде «Қазақтелеком» АҚ-ның кадр резервінде тұрған қызметкерлер;
  • «Қазақтелеком» АҚ-ның Компаниялар тобының қызметкерлері;
  • «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тобының қызметкерлері;
  • бос лауазымға орналасуға конкурсқа қатысатын кандидаттар;
  • ЖОО түлектері, жоғары курс студенттері болуы мүмкін.

Компанияда Тең мүмкіндіктер, инклюзивтілік және әртүрлілік саласындағы саясат қабылданды, оның негізгі қағидаттарының бірі әртүрлі командаларды қалыптастыруға ұмтылу және әртүрлілікті дамыту жөніндегі бастамаларды ілгерілету, соның ішінде жергілікті халық арасынан басым персоналды жалдау, сондай-ақ мақсатты персоналды жалдау болып табылады.

Қажет болған жағдайда Компанияда сыртқы кандидаттарды іріктеу жүргізіледі. Компанияда әлеуетті жаңа жұмысшыларды іздеу құралдары ретінде қолданылатындар:

  • Samruk Qyzmet бірыңғай онлайн рекрутинг платформасында құрылған кандидаттардың электрондық деректер базасы (https://qsamruk.kz/);
  • Компания қалыптастырған түйіндеменің электрондық базасы;
  • түйіндеме дерекқорлары бар мамандандырылған сайттар (Qyzmet.kz, Kz.jooble.org және басқа);
  • әлеуметтік желілер (Facebook, LinkedIn және басқа);
  • Компания/«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ іске асыратын жас мамандарды дамыту/таланттарды басқару бағдарламалары түлектерінің электрондық деректер базасы.

2023 жылы Компанияға 1 809 жаңа жұмысшы қабылданды. Олардың ішінде 81 адам - Компанияның кадрлық резервінен іріктелген кандидаттар. Жаңадан қабылданған қызметкерлердің басым бөлігі 30 жасқа толмағандар.



GRI 401-1
Жаңадан жалданған қызметкерлердің саны, адам
GRI 401-1
Жаңадан жалданған қызметкерлердің коэффициенті, 2021–2023 жж., %
GRI 401-1
Аймақтар бойынша жаңадан жалданған қызметкерлер саны, адам

Жас мамандарды тарту

«Қазақтелеком» АҚ-да қызметкерлердің бейімделуі мен дамуына көмектесетін корпоративтік ақпаратқа, корпоративтік қосымшаларға және басқа да ақпарат көздеріне қол жеткізудің бірыңғай біріктірілген алаңын ұсынатын Білім орталығы жұмыс істейді.

Компания жоғары оқу орындарымен өзара әрекеттесуді жалғастыруда, студенттерге тағылымдамадан өту мүмкіндігін ұсынады, сондай-ақ жас мамандарды жұмысқа орналастырады.

Студенттерге арналған тағылымдамадан өтудің негізгі бағдарламаларының бірі Компанияда жеті жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырылып келе жатқан PROTelecom бағдарламасы болып табылады.

PROTelecom бағдарламасы аясында Қазақстанның 25 жоғары және 40 орта кәсіптік оқу орындарымен тағылымдамадан өтушілерді тарту бойынша меморандумдар жасалды.

2023 жылы PROTelecom бағдарламасы аясында Компанияда 1260 студент тағылымдамадан өтті. Оның 261-і Компанияға жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ Telecom Data Factory тағылымдама бағдарламасын жалғастыруда, ол 3–4 курс және магистратура студенттеріне, сондай-ақ ЖОО-ның соңғы түлектеріне Компанияда 10 апталық қарқынды онлайн-тағылымдама курсынан өтуге мүмкіндік береді.

Бұл курс студенттердің Компания мамандары арасынан тәлімгерлермен бірге Компания қызметіне қатысты қолданбалы практикалық міндеттерді шешуді қамтиды.

2023 жылы Telecom Data Factory аясында:

25
тағылымдамадан
өтуші Big Data-мен жұмыс істеу тәжірибесін алды.
4
тағылымдамадан
өтуші «Қазақтелеком» АҚ командасының мүшесі болуға мүмкіндік алды.

Кадр резерві

Компания «Таланттарды басқару» жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда, оның мақсаты Компаниядағы негізгі лауазымдарды ауыстырудың негізгі ішкі көзі ретінде кадр резервін қалыптастыру және дайындау болып табылады.

Бұл жоба Компанияға жоғары кәсіби әлеуеті бар талантты қызметкерлерді анықтауға және ұстап қалуға көмектеседі. Бұл жоба аясында «Көшбасшылық мектебі» жұмыс істейді, онда резервтегі қызметшілер басқарушылық және көшбасшылық құзыреттерді дамыту бойынша оқытудан өтеді.


Кадр резервін қалыптастыру қағидалары

Объективтілік
Кадр пулының құрамына кандидаттар бағалаудың объективті критерийлері негізінде айқындалады.
Ашықтық
Кадр пулын іріктеу және қалыптастыру рәсімдері ашық және жария түрде жүзеге асырылады.
Еріктілік
Кандидатты кадр пулына қосу қызметкердің қалауы бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
Тең мүмкіндіктер
Белгіленген талаптарға сай келетін кез келген қызметкер кадр пулына енгізуге үміткерлерді іріктеуге қатыса алады.
Меритократия
Ең қабілетті және талантты қызметкерлердің негізгі басшылық лауазымдарға орналасу процесі.
489
адам
Компаниядағы негізгі позицияларға резервтегі қызметшілердің жалпы саны (2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша)
81
бос жұмыс орны
2023 жылы кадр резерві қатарынан жабылды

Кадрлардың тұрақсыздығы

GRI 401-1

«Қазақтелеком» АҚ кадрлар тұрақсыздығын төмендетуге және Компания қызметкерлерінің дамуын ынталандыруға ықпал ететін кадрларды ынталандыру және ұстап қалу бағдарламаларын іске асырады.

2023 жыл ішінде еңбек қатынастары тоқтатылған қызметкерлердің жалпы саны 1 267 адамды құрады.

GRI 401-1
Санаттар бойынша еңбек қатынастары тоқтатылған қызметкерлердің жалпы саны, адам
Ескертпе: персоналдың тұрақсыздық коэффициенті – жалпы алғанда – 0,07%, әйелдер – 0,05%, ерлер – 0,08% (Компания персоналының орташа тізімдік санының үлесі).

Персоналды бағалау

«Қазақтелеком» өз қызметкерлерінің алдына нақты, өлшенетін мақсаттар мен міндеттер қояды, олар қызметтің негізгі көрсеткіштері (ҚНК) түрінде тіркеледі, олардың орындалуы алынған сыйақыны анықтайды. Сондай-ақ Компанияда жеке даму жоспарының (ЖДЖ) жүйесі енгізілді, оның арқасында әрбір қызметкер өзінің білімі мен дағдыларын дамытуға, жеке тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға көңіл бөлу мүмкіндігіне ие болды.

Есепті кезеңде Компанияның 1 628 қызметкері (Компания қызметкерлерінің жалпы санының 8,56%) нәтижелілікті тұрақты бағалаумен қамтылды.

GRI 404-3
Мансаптың дамуы мен нәтижелілікті тұрақты бағалаумен қамтылған қызметкерлердің үлесі, адам

Сыйақы


«Қазақтелеком» АҚ өз қызметкерлерін
әділ және бәсекеге қабілетті сыйақымен
қамтамасыз етеді.

104,2
млрд теңге
«Қазақтелеком» АҚ-ның 2023 жылы еңбекақы төлеуге жұмсаған Шығындар
Компаниядағы орташа айлық жалақының динамикасы, 2022–2023, теңге

Компания қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы, теңге

«Қазақтелеком» АҚ қабылдаған ынталандыру жүйесі қызметкерлердің еңбегін бағалаудың енгізілген жүйесін қоса алғанда, қызметкерлердің сыйақысы мен олардың жұмысының нәтижелері арасындағы нақты байланысты қамтамасыз етеді.

«Қазақтелеком» АҚ қызметкерлеріне сыйақы беру тәсілін реттейтін құрылымдық бөлімше – Сыйақы және ұйымдық тиімділік қызметі. Бұл бөлімшенің негізгі міндеті - қызметкерлерді тарту, ұстап қалу және ынталандыру үшін қажетті үнемді сыйақы жүйесін құру болып табылады.

«Қазақтелеком» АҚ-да Hay Group әдістемесі бойынша грейдтер жүйесі жұмыс істейді. Еңбекақы төлеу, қосымша төлемдер, үстемеақылар, ағымдағы және біржолғы сыйлықақылар, разрядаралық коэффициентті қолдана отырып, лауазым разрядын/санатын саралау тәсілдері сәйкестендірілді.

Есепті езеңде Компанияда қызметкерлерге материалдық сыйақы беру бойынша келесі тәсілдер әзірленіп өзектендірілді:

  • EBITDA жоспарлы көрсеткішін асыра орындағаны үшін «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлеріне қосымша сыйақы беру туралы ереже.
  • «Қазақтелеком» АҚ филиалдарының қызметкерлеріне ағымдағы және тоқсандық сыйлықақы беру туралы ереже.
  • Ағымдағы сыйақыны есептеу үшін филиалдың немесе филиалдың жекелеген ірі құрылымдық бөлімшелерінің жалпы ҚНК картасы.
  • Тоқсан сайынғы сыйлықақыны есептеу үшін филиалдың немесе филиалдың жекелеген ірі құрылымдық бөлімшелерінің жалпы ҚНК картасы.
  • «Қазақтелеком» АҚ цифрлық трансформация тобының сарапшыларын ынталандыру және data-лауазымдарына еңбекақы төлеу ережелері

GRI 405-2

Біз 2023 жылы Компания қызметкерлеріне сыйақы берудегі гендерлік алшақтыққа талдау жасадық. Талдау нәтижелері көрсеткендей, 2023 жылы Компаниядағы әйелдердің орташа табысы ерлерге қарағанда 11%-ға аз болды. 2022 жылы әйелдердің орташа жалақысы ерлердің орташа жалақысына қатысты 107,5% құрады.

Компания қандай да бір белгілер бойынша кемсітушілікке жол бермеуді қадағалайды және қызметкерлерге сыйақы берудегі әділ және тең құқылы тәсілдің сақталуын қамтамасыз етеді.

GRI 202-1

2023 жылы «Қазақтелеком» АҚ-ның ерлер мен әйелдер қызметкерлерінің еңбекақысының ең төменгі мөлшері 101 000 теңгені құрады. Елдегі ең төменгі жалақы мөлшерін 70 000 теңге деңгейінде екенін ескере отырып, Компания қызметкерлерінің ең төменгі жалақысының елдегі ең төменгі жалақы мөлшеріне қатынасы 2023 жылы 44%-ға жоғары болды.


GRI 405-2
2023 жылғы 31 желтоқсандағы қызметкерлер санаттары бойынша бөліністегі ерлер мен әйелдердің жалақысының арақатынасы
GRI 405-2
2023 жылғы 31 желтоқсандағы қызметкерлер санаттары бойынша бөліністегі ерлер мен әйелдер сыйақысының арақатынасы

Әлеуметтік тұрақтылық

Есепті кезеңде Компанияда әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасты. «Қазақтелеком» АҚ дивизиондары мен филиалдарының HR-функциясының басшылары қызметкерлермен кездесулер өткізді, онда әлеуметтік-еңбек қатынастары, еңбекақы төлеу қоры, әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды.

Компанияда келесі рәсімдерді қамтитын онлайн-конференциялар форматында топ-менеджментпен қызметкерлердің тиімді байланыс арнасы ретке келтірілді:

  • сұрақтар пулының бастапқы жинағы;
  • «Қазақтелеком» АҚ Байланыс департаментінің сұрақтар пулын модерациялау;
  • Басқарма төрағасымен тікелей эфир өткізу.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Компаниялар тобында өндірістік ұжымдардағы әлеуметтік жағдайға жыл сайынғы мониторинг жүргізіледі. Жасырын әлеуметтік шиеленісті уақтылы анықтау және осы процесті басқару мақсатында «Қазақтелеком» АҚ-да, «Әлеуметтік өзара әрекеттесу және коммуникациялар орталығы» ЖМ-да Samruk Research Services (SRS) әлеуметтік зерттеу жүргізілуде. Сауалнама нәтижелері бойынша әлеуметтанушылардың ұсынымдарына сәйкес жыл сайынғы негізде Дабыл аймақтарында жұмыс істеу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіледі.

2023 жылы Әлеуметтік өзара әрекеттесу және коммуникациялар орталығы SRS индексіне зерттеу жүргізді, оның нәтижелері бойынша «Қазақтелеком» АҚ-ның ҚНК шекті мәні 65% болғанда оның жиынтық мәні 67%-ды құрады.

SRS жиынтық мәні үш индекстің нәтижелері бойынша біріктірілген:

  • Қатысу индексі – жоғары деңгей.
  • Әлеуметтік әл-ауқат индексі – тұрақты деңгей.
  • Әлеуметтік тыныштық индексі – жоғары деңгей.

Қатысу индексі жұмысты сапалы және ыңғайлы орындау үшін қажетті материалдық-техникалық инфрақұрылымға, жүктемеге, сыйақы мен әлеуметтік пакетке, адалдыққа, коммуникацияға, даму мен мансаптық мүмкіндіктерге қанағаттану деңгейін, сондай-ақ басшылық тарапынан мойындауды өлшейді.

Әлеуметтік әл-ауқат индексі әл-ауқат деңгейін статика мен динамикадағы өзінөзі бағалауды, сондай-ақ әлеуметтік, қаржылық әл-ауқатты, өз денсаулығы мен қоршаған орта сапасын бағалауды белгілейді.

Әлеуметтік тыныштық индексі ұжымның әлеуметтік шиеленіс деңгейін, қызметкерлердің өз құқықтарының қорғалу дәрежесін, ұжымдағы жанжал мен наразылық деңгейін, оның ішінде оларға қатысуға деген көзқарасты, сондай-ақ наразылық қатысушыларына түсіністіпен қарау деңгейін көрсетеді.

2023 жылғы SRS нәтижелерін талдау қорытындысы бойынша Компания оң әлеуметтік ортаны, жайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ ұжымдарда салауатты және сындарлы қарым-қатынастарды сақтау бойынша жұмыс жүргізді. SRS нәтижелері бойынша қызметкерлердің жағдай деңгейіне қанағаттануын жақсарту мақсатында «Қазақтелеком» АҚ-да 2024 жылға арналған Дабыл аймақтарында жұмыс істеу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

67%
2023 жылғы «Қазақтелеком» АҚ-дағы әлеуметтік тұрақтылықтың жалпы көрсеткіші
67%
2023 жылғы «Қазақтелеком» АҚ-дағы қатысу индексі

Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау

«Қазақтелеком» АҚ-да жұмыс жасау үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ететін қызметкерлерді әлеуметтік қолдау жүйесі жұмыс істейді.

«Қазақтелеком» АҚ-ның Ұжымдық шарты Компания қызметкерлерінің 86%-ын қамтиды.

GRI 2-30, GRI 401-2

Компания Ұжымдық шартқа сәйкес қызметкердің жұмыспен қамтылу сипатына қарамастан (тұрақты немесе уақытша) 2023 жылы әлеуметтік қолдаудың мынадай түрлерін көрсетуді жалғастырды:

  • өмірді сақтандыру;
  • медициналық қызмет;
  • бала күтімі бойынша демалыс;
  • зейнетақы бағдарламалары.

Компанияның Ұжымдық шартына қандай негізгі әлеуметтік жеңілдіктер енгізілгені туралы толығырақ біздің 2021 жылғы Жылдық есебімізден оқыңыз.

GRI 402-1

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қызметкерлер санының немесе штаттың қысқаруына байланысты еңбек шарттары бұзылған кезде қызметкерлерді ескертудің ең аз мерзімі 4 аптаны (30 күнтізбелік күн) құрайды. «Қазақтелеком» АҚ-да бекітілген Ұжымдық шартқа сәйкес бұл мерзім заңнаманың ең төменгі талаптарымен салыстырғанда ұлғайтылды және 45 күнтізбелік күнді құрайды.

2023 жылдың маусым айында Компания басшылығы мен Салалық кәсіподақ арасында келесі бағыттар бойынша әлеуметтік кепілдіктерді кеңейтетін қосымша келісімге қол қойылды:

  • ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге; бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар қызметкерлерге жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалыстары беру;
  • некені тіркеу кезінде қызметкерлерге материалдық көмек көрсету;
  • «Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын» демалыста жүрген Қоғам қызметкерлеріне (аналарға (әкелерге), бала асырап алған әйелдерге (ерлерге) төлем жүргізу;
  • бала күтімі бойынша демалыстағы қызметкерлерге қосымша төлемдер және т.б. төлемдер.

Қызметкерлерге арналған негізгі әлеуметтік жеңілдіктерден басқа, Компанияда 2023 жылы әзірленген, ал 2024 жылдан бастап «Жеңілдіктер кафетериясы» жүйесі жұмыс істейді, ол қызметкер бөлінген қаражат лимиттері мен жеңілдіктер тізімі шеңберінде өзінің әлеуметтік пакетінің құрылымы мен толтырылуын дербес анықтай алады деп болжайды.

«Жеңілдіктер кафетериясы» тұжырымдамасы Компанияның келесі лауазымдардағы қызметкерлеріне қолданылады:

  • Орталық аппараттың Басқарушы директорлары (сыртқы активтерді басқару жөніндегі Басқарушы директорды қоспағанда), Бас қазынашы, персонал жөніндегі директор, клиенттік тәжірибені басқару жөніндегі директор, филиалдардың Бас директорларының тікелей бағынатын филиалдардың қызмет бағыттары бойынша директорлар;
  • Орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары.

«Жеңілдіктер кафетериясы» келесі санаттарды қамтиды:

  • ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасын кеңейту;
  • қызметкерлерге және/немесе қызметкерлердің балаларына арналған білім беру курстарының/бағдарламаларының құнын төлеу;
  • шипажайлық-курорттық демалыс/емдеу құнын төлеу (ЕМС бойынша қарастырылғандарды қоспағанда) және т.б.

Компанияның қызметкерлерге арналған негізгі әлеуметтік бағдарламаларының бірі «ДЕМЕУ» бағдарламасы болып табылады, оның шеңберінде Компания көп балалы отбасыларға, мүгедек балалары бар отбасыларға, 2-ден астам баланы асырап алған отбасыларға көмек көрсетеді. 2023 жылы «ДЕМЕУ» бағдарламасы өзектендірілді және оның қолданысы енді «толық емес отбасы» санатына жататын қызметкерлерге, сондай-ақ жақын туыстарына қамқорлық жасайтын қызметкерлерге де қолданылады.

«ДЕМЕУ» бағдарламасы шеңберінде Компания қызметкерлері мүгедек балаларды оңалтуға, мүгедек балаларға арналған арнайы білім беру бағдарламаларына; мүгедек балаларға арналған арнайы түзету ұйымдарына баруға; балалардың сауықтыру лагерьлері мен шипажайларына (мүгедек балаларға) жолдамалар сатып алуға, сондай-ақ дәрі-дәрмек сатып алуға, мектеп оқушыларына арналған тамақтану және т.б. материалдық көмекке байланысты шығындарды өтеу үшін төлемдер алады.

2023 жылы
1 800
Компанияның
қызметкері
жалпы сомасы
294
млн теңгеге
«Демеу» бағдарламасы бойынша төлемдер алды

Employee Experience стратегиясының бағыттарының бірі «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлерінің әл-ауқаты мен денсаулығын қамтамасыз ету болып табылады. Компанияда 2023 жылы қызметкерлер арасында сырқаттанушылыққа мониторинг жүргізуге және аурулардың алдын алуға, салауатты өмір салтын ілгерілетуге бағытталған Well-Being бағдарламасы бекітілді.

2023 жылы қызметкерлердің денсаулығы мен әл-ауқаты бойынша қауіп факторларына бағалау жүргізілді, сондай-ақ аурулардың алдын алу бойынша іс-шаралар іске асырылды:

  • СӨС марафондары;
  • өмірге қауіп төндіретін аурулардың алдын алу бойынша дәрістер мен вебинарлар;
  • қызметкерлерді маусымдық ауруларға қарсы профилактикалық вакциналау;
  • Health Balance платформасындағы қызметкерлерге арналған жеке психологиялық кеңес беру және т.б. іс-шаралар.

Бала күтімі бойынша демалыс

GRI 401-3
Бала күтіміне байланысты демалыс бойынша қызметкерлерді бөлу, адам

Есепті кезеңнің соңында бала күтімі бойынша демалысқа шыққан қызметкерлер саны – 1 008 адам, бұл ретте әйелдердің үлесі 98%-ды құрады.

Қызметкерлерді оқыту және дамыту

GRI 404-1, GRI 3-3

«Қазақтелеком» қызметкерлердің кәсіби және тұлғалық дамуына, соның ішінде оқытуға, өзін-өзі дамытуға және мансаптық мүмкіндіктерге ықпал ететін жүйені құрды.

2023 жылы Компанияның 10 851-ден астам қызметкері оқудан өтті, оның ішінде келесі бағыттар бойынша қашықтықтан оқыту курстарын оқыды: Leadership academy, EX academy, HSE&ESG academy, Сервис және сату академиясы, Техникалық академия, IT академиясы, Qazaq&English academy, Қаржы академиясы.

«Қазақтелеком» АҚ-ның оқытуға салған инвестициялары, 2022–2023, млн теңге
GRI 404-1
2023 жылғы 31 желтоқсандағы қызметкерлерді оқыту сағаттарының саны, адам.

Employee Experience стратегиясына сәйкес Компанияның бір қызметкеріне шаққандағы оқу сағаттарының саны бекітілді. Бір қызметкерге жылына орташа оқу сағаттарының нақты көрсеткіші 2023 жылы: ерлерге – 11,54 сағат, әйелдерге – 11,84 сағат болды.

2023 жылғы бір қызметкерге шаққандағы оқу сағаттарының орташа санының көрсеткіштері:

11,54
сағат
ерлер
11,84
сағат
әйелдер

Корпоративтік университет

GRI 404-2

2023 жылы Корпоративтік университет Astana IT University базасында өз жұмысын жалғастырды, ол ЖОО студенттерінің «Қазақтелеком» АҚ-да өндірістік практикадан және тағылымдамадан өтуіне жағдай жасайды, талантты түлектер қатарынан IT-мамандарын таңдап алды.

«Қазақтелеком» Корпоративтік университет жұмысы аясында телекоммуникация саласында білікті мамандарды даярлауға қатысады.


Корпоративтік университет кадрларды компанияның нақты сұраныстарына сәйкес дайындауға және нарықта жаңа тенденциялар пайда болғаннан кейін оның оқу бағдарламасын түзетуге мүмкіндік береді.

Корпоративтік университеттің негізгі білім беру бағдарламалары