
2023 жылдың негізгі оқиғалары
Қаңтар
10.01.2023 ж.
Қазақстан мен Әзірбайжанның жетекші
телекоммуникациялық компаниялары «Қазақтелеком»
АҚ мен AzerTelecom Каспий теңізінің түбінде талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) төсеу жобасы
шеңберінде «Ынтымақтастық шарттары туралы келісім»
жасасты. Келісім стратегиялық серіктестіктің негізгі
құжаты болып табылады және бұрын қол қойылған
меморандум аясында екі компания арасындағы
ынтымақтастықтың негізгі шарттарын айқындайды.
16.01.2023 ж.
Salem Social Media бейнеконтентін жасау
және ілгерілету жөніндегі қазақстандық
медиакомпания мен Қазақстандағы ірі
телеком-операторы «Қазақтелеком» АҚ
киноөнімдерін шығару және оларды
TV+ платформасында трансляциялау
бойынша бірлескен жұмысты көздейтін
меморандумға қол қойды.
Ақпан
02.02.2023 ж.
«Қазақтелеком» АҚ өткен жылдың қазан айында өткен соңғы конференциядан бері
жинақталған сатып алу саласындағы мәселелер мен проблемаларды талқылау үшін
тауарлар мен қызметтердің қазіргі және әлеуетті жеткізушілерімен кезекті кездесу
ұйымдастырды. «Қазақтелеком» бизнесті сатып алу рәсімдерін реформалауға
және оңтайландыруға шақыра отырып, осындай кеңестерді тұрақты түрде өткізеді.
Мәселен, өткен жылғы кездесулердің нәтижелері бойынша телеком-оператор
жеткізушілермен кооперацияда бола тұра кәбілді-өткізгіш өнімдерінің бағасын
көтеруге, ағаш тіректерді, жиһаздарды және басқа да тауарлар мен қызметтерді
сатып алуға қатысты мәселелердің тұтас кешенін шеше алды.
21.02.2023 ж.
Астана мен Алматыдан кейін
«Қазақтелеком» АҚ республика
аймақтарында GPON технологиясын
кеңейтеді. «Қазақтелеком» АҚ
Петропавлдағы 50-ден астам жаңа
тұрғын үй кешендерінің тұрғындарын
Gigabit Passive Optical Network
арқылы жоғары жылдамдықты
интернетке қосты.
21.02.2023 ж.
«Қазақтелеком» АҚ моноқалалардағы өз
инфрақұрылымын жаңғырту бойынша
ауқымды жобаны жалғастыруда. 2023
жылы Хромтау «оптикалық» қалалар
қатарына қосылды, онда жыл соңына
дейін «Қазақтелеком» жеке бағдарлама
аясында бүкіл қаланы ескірген ADSL мыс
технологияларынан заманауи талшықты-оптикалық желілерге көшіреді.
Наурыз
02.03.2023 ж.
«Қазақтелеком» АҚ 3–4 курс студенттеріне,
магистранттар мен техникалық мамандықтар
түлектеріне арналған «Telecom Data Factory»
онлайн-тағылымдама бағдарламасын іске
қосты. Тағылымдама барысында бағдарлама
қатысушылары Big Data саласындағы
практикалық тапсырмаларды орындайды және
жобалармен жұмыс істейді, сонымен қатар
«Қазақтелекомның» IT кәсіпқойларының
командасына қосылу мүмкіндігіне ие болады.
09.03.2023 ж.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Қазақтелеком»
АҚ Бас қаржы директоры және Басқарма мүшесі Людмила
Атамұратова KASE – Kazakhstan Stock Exchange Ring
the Bell for Gender Equality сауда-саттығының ашылу
салтанатына қатысты. Ауқымды іс-шараның басты
мақсаттарының бірі – әлемдік қоғамдастықтың назарын
тұрақты даму саясаты мен ESG қағидаттары контекстінде
гендерлік инклюзивтілікті дамыту перспективаларына
және гендерлік теңдікті қолдауға аудару.

Сәуір
11.04.2023 ж.
«Қазақтелеком» АҚ Түркістан облысының 6 мың тұрғынын
«мыстан» «оптикаға» ауыстырды. Жыл басынан бері
Компания Түркістан облысында ADSL желісінен GPON-ға көшу жоспарының 23%-ын орындады және аймақ
тұрғындарын талшықты оптоталшыққа ауыстыру бойынша
белсенді жұмыс жалғасуда. Жалпы, Компания бүкіл ел
бойынша «мыстан» толығымен бас тартуды жоспарлап
отыр, себебі өткен жылы Компания Курчатов қаласын
оптикалық желілерге толығымен ауыстырған тиімді пилот
тәжірибесі бар.
14.04.2023 ж.
«Қазақтелеком» АҚ клиенттерге қызмет көрсету сапасын
арттыру, ұлттық және жаһандық желілік қауіпсіздікті
нығайту үшін шетелде өзінің халықаралық қатысуын және
инфрақұрылымын кеңейтуді жалғастыруда. Жақында
«Қазақтелеком» мен Microsoft Франкфуртте өз жүйелері
арасында тікелей пирингті орнату жобасын аяқтады, бұл
қазақстандық клиенттер үшін Microsoft қызметтері мен
сервистеріне қолжетімділікті жақсартуға және олардың
республикадағы қызметтердің неғұрлым тұрақты жұмысын
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
25.04.2023 ж.
«Қазақтелеком» Компаниялар тобы
мемлекетпен бірлесіп «Қолжетімді
интернет» ұлттық жобасы аясында
5 миллионға жуық ауыл тұрғындарын
заманауи телекоммуникациялық
қызметтерімен және сервистерімен
қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
2023 жылдың сәуір айында жоба іске
қосылды. Жобаны іске асыру
2024–2028 жылдарға жоспарланған.
Мамыр
16.05.2023 ж.
«Қазақтелеком» АҚ танымал TV+ платформасы
қазақстандық Salem social media студиясының
бейне өндірісінің жаңа эксклюзивті серияларымен
толықтырылады. Осы айдан бастап сервисті пайда-
ланушылар «Черный двор», «МСБ», «Qarga» және
«Шеше» эксклюзивті картиналарының драматургиясы мен режиссерлік жұмысын алғашқылардың
бірі болып бағалай алады.
17.05.2023 ж.
2023 жылдың бірінші тоқсанында бейнебақылау камералары 680
мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтауға, 136
мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтарды тіркеуге мүмкіндік
берді және 3 мыңға жуық қылмыстық істі ашуға көмектесті (ҚР Ішкі
Істер Министрлігінің статистикасына сәйкес). Күн сайын құқық қорғау
органдарының деректер базасымен біріктірілген бейнебақылау жүйелері, соның ішінде «Қазақтелеком» жабдығы күніне 9 мыңнан астам заң
бұзушылықты тіркейді.
31.05.2023 ж.
«Қазақтелеком» АҚ Гонконгтағы Amazon Web Services (AWS)
желісімен жаңа тікелей физикалық байланыс ұйымдастыра
отырып, Amazon автономды жүйесімен пирингтік байланысын
кеңейтті. Жалпы, ірі телеком-операторы Еуропа мен Азиядағы
ең ірі интернет-компаниялармен: Facebook, Amazon, Apple,
Microsoft, Google компанияларымен тікелей байланыстарды
ұйымдастыруды аяқтады және қазір олармен транзиттік жүйелерсіз тікелей трафикпен алмасуда.
Маусым
23.06.2023 ж.
Қазақстан мен Әзірбайжанның жетекші теле-
ком-операторлары «Қазақтелеком» АҚ мен
AzerTelecom Қазақстан Премьер-министрі Әлихан
Смайыловтың Бакуге сапары барысында Каспий
теңізінің түбінде Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) салу және
пайдалану үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы
Акционерлердің келісіміне қол қойды.
29.06.2023 ж.
2022 жылдан бастап «Қазақтелеком» ескірген
мыс желілерін заманауи оптоталшыққа ауыстыру
бойынша «Тазарту» жобасын жүзеге асыруда.
Жобаны іске асырудың екі жылында Компания
ескірген мыс желілерін заманауи оптоталшыққа
ауыстыру арқылы өзінің 113 мыңнан астам клиенттерін ауыстырды. 2023 жылдың соңына дейін тағы
23 мың пайдаланушыны ауыстыру жоспарланған.
Шілде
04.07.2023 ж.
«Самұрық-Қазына» қорының басшысы
«Қазақтелеком» Компаниялар тобының топ-
менеджментімен кездесті. «Қазақтелеком» АҚ
Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев, сондай-ақ «Кселл» ұялы байланыс операторының
басшысы Асхат Өзбеков пен «Мобайл Телеком-Сервис» ұялы байланыс операторының басшысы
Сергей Коньков Нұрлан Жақыповқа елімізде
бесінші буын – 5G байланыс желісін енгізу
жөніндегі ауқымды жобаны іске асырудың
аралық нәтижелері туралы айтып берді.
26.07.2023 ж.
«Қазақтелеком» АҚ жаңа E-Kassa мобильді
қосымшасын ұсынды. Телеком-оператордың жаңа
өнімі бизнеске тауарлар мен қызметтерді сатуды
есепке алу процесін жеңілдетуге көмектеседі,
сонымен қатар кассалық аппараттарды сатып
алуда үнемдеуге мүмкіндік береді. Google
Play Market пайдаланушылары қазірдің өзінде
қосымшаның артықшылықтарын бағалай алады.

Тамыз
17.08.2023 ж.
Еліміздегі ірі телеком-операторы «Қазақтелеком» АҚ және
табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы әлемдік
жетекші компаниялардың бірі Eurasian Resources Group бірлескен инвестициялық қор құруға ниетті. Тараптар тиісті келісімге
қол қойды, қор «Астана» Халықаралық қаржы орталығының
заңнамасына сәйкес және алаңында тіркелетін болады. Қор
IT, медиа және финтек саласындағы жобаларды қолдауға және
дамытуға бағытталған.
«Қазақтелеком» АҚ заңды тұлғаларды офлайн режимінен онлайн сату және қызмет көрсету форматына 100% ауыстыру курсын белгіледі. Осы мақсатта бизнеске арналған ismet.kz пор- талының функционалдығы кеңейтіліп, жаңа цифрлық қызметтер мен сервистер құрылуда.
«Қазақтелеком» АҚ заңды тұлғаларды офлайн режимінен онлайн сату және қызмет көрсету форматына 100% ауыстыру курсын белгіледі. Осы мақсатта бизнеске арналған ismet.kz пор- талының функционалдығы кеңейтіліп, жаңа цифрлық қызметтер мен сервистер құрылуда.
18.08.2023 ж.
«Қазақтелеком» АҚ Алматы қаласындағы қолданыстағы модуль-
дік дата-орталықта қосымша 84 тұрақты орынды пайдалануға
берді. Машина залдарын кеңейту жұмыстарын жүргізгеннен
кейін тапсырыс берушілердің жабдықтарын орналастыру мүм-
кіндігі бірнеше есе артты. Қазіргі уақытта МДӨО-дегі тұрақты
орындарының жалпы саны 168 құрайды.
Қыркүйек
05.09.2023 ж.
«Қазақтелеком» АҚ өз жабдықтарының
қоршаған ортаға әсерін зерттеді. Елдің
ірі телеком-операторы жабдықтарының
Қазақстанның биоалуантүрлілігіне, жер
және су ресурстарына әсерін бағалау
нәтижелері Компанияның климаттың
өзгеруіне және әлеуметтік факторларға
байланысты тәуекелдерді төмендету
жөніндегі түрлі компаниялардың үлесін
көрсететін ESG-қағидаттарын енгізуге
арналған өтініміне енгізілетін болады.
07.09.2023 ж.
«Қазақтелеком» жаңа пайдаланушыларды
ҚДО-сы бар E-Kassa онлайн-кассасының
мобильді қосымшасына қосу саласындағы
ынтымақтастықты ұсынады. 1 қыркүйектен
бастап кез келген адам кеңесші бола алады
және кәсіпкерлерге «Қазақтелекомнан» қа-
зыналық деректер операторының қызметін
қосуға көмектесе алады.
22.09.2023 ж.
2023 жылдың соңына дейін «Қазақтелеком»
Компаниялар тобы 700-ден астам 5G базалық
станциясын орнатады. «Қазақтелеком» Компаниялар тобы еліміз үшін ауқымды және аса
маңызды жобаны – бесінші буын байланыс
стандартын енгізуді жалғастыруда.
Желілік инфрақұрылымды барынша белсенді жаңарту Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жүргізілуде. Бұл ретте Түркістан, Қостанай, Қарағанды және Семей қалаларының тұрғындары қазірдің өзінде 5G желісіне қолжеткізді. Жыл басынан бері Компания 5G қамтуды қамтамасыз ету үшін 266 базалық станцияны қосты. Жыл соңына дейін тағы 516 базалық станцияны қосу жоспарлануда.
Желілік инфрақұрылымды барынша белсенді жаңарту Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жүргізілуде. Бұл ретте Түркістан, Қостанай, Қарағанды және Семей қалаларының тұрғындары қазірдің өзінде 5G желісіне қолжеткізді. Жыл басынан бері Компания 5G қамтуды қамтамасыз ету үшін 266 базалық станцияны қосты. Жыл соңына дейін тағы 516 базалық станцияны қосу жоспарлануда.
Қазан
12.10.2023 ж.
«Қазақтелеком» АҚ жыл сайынғы Digital Bridge
IT-форумында ел мен халық үшін ең ірі және
стратегиялық маңызды екі жобаны ұсынды.
Атап айтқанда, әзербайжандық AzerTelecom
компаниясымен бірлесе отырып, Каспий теңізінің
түбімен талшықты-оптикалық желіні салу жобасы
және Қазақстанда бесінші буын – 5G байланыс
стандартын өрістету жобасы туралы айтылды.
24.10.2023 ж.
Қазақстандық киберспорт жанкүйерлері PUBG
MOBILE мобильді ойынының жергілікті серверлеріне
қолжеткізді. Оларды PlayerUnknown’s Battlegrounds
Mobile құқық иесімен, Tencent корпорациясымен
келісімдер бойынша «Қазақтелеком» АҚ өз
инфрақұрылымына орналастырды.
26.10.2023 ж.
Әлеуетті жеткізушілермен және мердігер ұйымдардың
өкілдерімен кездесуде «Қазақтелекомның» топ-менеджерлері Компанияның 2024 жылға арналған
стратегиялық мақсаттарының бірі - өз қызметтерін
нарыққа шығару уақытын қысқарту (Time to Market)
туралы айтты. Бұл клиенттің телекоммуникациялық
қызметтер мен сервистерге сұранысын тез арада
қанағаттандыруға және түрлі жобаларды іске асыруды
жеделдетуге мүмкіндік береді.
Қараша
16.11.2023 ж.
Қазақстан қор биржасы Алматыда өткен «Қаржы
нарықтарын трансформациялаудағы биржалардың
рөлі» форумында «Қазақтелекомға» «Акция
нарығының көшбасшысы» атағын берді. Сонымен
қатар, Компанияның басшысы мен қаржы директоры
отандық капитал нарығын дамытуға қосқан үлесі
үшін жеке марапаттарға ие болды.
27.11.2023 ж.
S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі
«Қазақтелеком» АҚ-ның Компания түсімінің одан
әрі органикалық өсуін және борыштық жүктемесінің
қалыпты деңгейін көрсететін «Тұрақты» болжамымен
BB+ деңгейінде кредиттік рейтингін растады.
Желтоқсан
06.12.2023 ж.
Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі
«Қазақтелеком» Компаниялар тобының тұрақты нарықтық
позицияларына, сондай-ақ қаржылық беріктіктің елеулі
қорына ерекше назар аудара отырып, «Қазақтелеком» АҚ-
ның «Тұрақты» болжамымен «BBB-» деңгейінде кредиттік
рейтингін растады.
07.12.2023 ж.
«Қазақтелеком» АҚ мен BTS Digital компаниясының AITU цифрлық
экожүйесіне кіретін «Ақылды қалалар» компаниясы Қазақстанда бұлтты
технологияларды дамытуда, сондай-ақ cloud-шешімдер мен өнімдер желісін
кеңейтуде ынтымақтастық туралы келісімшарт жасасты. Алғашқы бірнеше
бірлескен бұлтты сервистерді «Қазақтелеком» өзінің бизнеске арналған
ismet.kz порталында ұсынды.
13.12.2023 ж.
«Қазақтелеком» өзінің «Тазарту» желілік инфрақұрылымын
жаңғырту жобасын іске асыруды белсенді түрде
жалғастыруда, оның аясында биыл ғана «Қазақтелеком»
республика бойынша 55 мыңға жуық абонентті талшықты-оптикалық байланыс желілеріне ауыстырды. Осылайша,
жақында Компания клиенттердің, Степногорск қаласының
тұрғындарын ADSL желісінен GPON-ға кең ауқымды көшуін
аяқтады және бұл қала Курчатовтан кейінгі елдегі екінші
«оптикалық» қала болды.
26.12.2023 ж.
«Қазақтелеком» Компаниялар тобына кіретін «Теле2» және «Кселл» ұялы
байланыс операторлары республикада бесінші буын желісінің өрістеу қарқынын
арттыруды жалғастыруда. Бүгінгі таңда «Кселл» еліміздің 17 қаласында 480
5G базалық станциясын орнатты, ал «Теле2» 18 қалада 754 базалық станцияны
орнатты және жүздеген мың қазақстандықтар қазір жаңа байланыс технологиясы
бойынша барлық телекоммуникациялық және цифрлық қызметтерді пайдаланады.
«Қазақтелеком» Компаниялар тобының 5G жобасын іске асыру жылдамдығы мен
ауқымы Қазақстанды бесінші буын желісін енгізу бойынша ЕАЭО елдері арасында
көшбасшыға айналдырды.