Біріктірілген жылдық есеп 2023
ҚАЗ
РУС
ENG

Алғы сөз

Сіздердің назарларыңызға «Қазақтелеком» АҚ-ның 2023 жылғы қызметі туралы Біріктірілген жылдық есебі ұсынылады, ол Компанияның қаржы-шаруашылық қызметіне неғұрлым жан-жақты шолу болып табылады, сонымен қатар оның жетістіктерін, жоспарлары мен перспективаларын көрсетеді.

Өткен жыл оңай болған жоқ, бірақ сонымен бірге нарықтық жағдайдың өзгеруіне, бәсекелестікке және клиенттердің өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне байланысты бірқатар қиындықтарға тап болған Компания үшін ерекше болды. Компания олармен сәтті күресіп қана қоймай, өз қызметінің жоғары тиімділігі мен нәтижелілігін көрсетті.

«Қазақтелеком» АҚ тек Компанияның емес, жалпы еліміздің телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірқатар стратегиялық маңызды жобаларды жүзеге асырды. Компания ТМД аумағында 5G технологиясын өнеркәсіптік қолданысқа енгізген бірінші және жалғыз Компания болды. Біз Транскаспий су асты талшықты-оптикалық байланыс желісін салу бойынша бірегей жобаны іске қостық, мыңдаған абоненттерді заманауи оптикалық технологияларға ауыстыра отырып, желіні жаңарттық және жетілдірдік.

Осының барлығы Компанияның нарықтағы жетекші позициясын нығайтуға, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, клиенттердің ең жоғары талаптарын қанағаттандыруға, сондай-ақ Қазақстандағы цифрлық экономика мен ақпараттық қоғамның дамуына үлес қосуға мүмкіндік берді.

Компания өзінің барлық акционерлеріне, серіктестеріне және клиенттеріне ынтымақтастықтың барлық кезеңінде Компанияға сенім мен қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді. «Қазақтелеком» АҚ Компанияның жетістігі мен дамуына қосқан үлесіңізді жоғары бағалайды, сонымен қатар өз ұжымына – Компания мен клиенттердің игілігі үшін күн сайын жұмыс істейтін жоғары кәсіби және дарынды қызметкерлерге ризашылығын білдіреді.

2024 жылы «Қазақтелеком» АҚ өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы үш онжылдықта Компания дауыстық байланыс пен интернеттің қарапайым жеткізушісі мен провайдерінен B2C, B2B, B2G, B2O барлық сегменттерінде клиенттерге телекоммуникациялық және цифрлық қызметтер мен сервистердің тұтас кешенін көрсететін Қазақстанның телекоммуникациялық нарығының көшбасшысына, көп өнімді холдингке айналды.

Бүгінгі таңда Компанияның инфрақұрылымы бүкіл республика бойынша 88 000 километрден астам талшықты-оптикалық желіні, 27 деректерді өңдеу орталығын, 14 000-нан астам базалық станцияны құрайды – 4G/LTE желісі Қазақстанның барлық ірі қалаларында орналастырылған, 2023 жылдың соңына қарай ел бойынша 1000-нан астам 5G базалық станциялары орнатылды және жаңа буын желісін өрістету бойынша белсенді жұмыс жалғасуда, қалаларда 44 000-нан астам қалалық бейнебақылау камералары орнатылған, республика бойынша біздің қызметтеріміз бен сервистерімізді 5 000-нан астам мектеп, 4 000-ға жуық аурухана, 15 000-нан астам мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар пайдаланады, 570 мыңнан астам бизнес субъектілері Қазыналық деректер операторының порталында тіркелген.

Мұның бәрі «Қазақтелекомға» мемлекет, бизнес және азаматтар үшін инновациялық және цифрлық қызметтердің жеткізуші бола отырып, елдегі ең ірі технологиялық компаниясы болуға және дамуға мүмкіндік береді.