Директорлар Кеңесі Төрағасының үндеуі

Құрметті акционерлер, әріптестер, клиенттер және серіктестер,
2023 жылы біз «Қазақтелеком» үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар бірқатар жобаларды жүзеге асырдық.
Біз «Бесінші буын байланыс стандартын өрістету» және «Қазақстан–Әзірбайжан» бағыты бойынша Каспий теңізінің түбімен су асты магистралін төсеу» сияқты ауқымды және маңызды жобалар туралы айтып отырмыз.
Бесінші буынның байланыс технологиясы мегаполистер мен аймақтық маңызы бар қалалардың тұрғындарына қолжетімді болды. Өткен жылы 1000-ға жуық базалық станция орнатылып, желіге қосылды, биыл еліміз бойынша 2,7 мыңнан астам станция, ал келесі жылы 3,2 мыңға жуық станция орнату жоспарлануда.
Сонымен қатар, біз елдің телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жоспарларымызды бәсеңдетпей, жүзеге асыруды жалғастырдық, оның сенімділігіне, қауіпсіздігіне және жоғары өткізу қабілеттілігіне кепілдік беру үшін желіні кеңейтуге, жаңартуға және жаңғыртуға қомақты қаражат жұмсадық, ондаған мың клиенттерімізді ADSL мыс желілерінен оптикалық GPON-ға ауыстырдық.
2023 жылы біз клиенттеріміздің қанағаттану дәрежесін арттыруға бағытталған бірқатар жобаларды іске қостық, бұл қызмет көрсету параметрлерінің сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.
Көптеген жобаларды жүзеге асыруға қомақты инвестиция құйылғанына қарамастан, Компания өтімділіктің жеткілікті қолайлы деңгейін сақтап, қаржылық ресурстарының елеулі көлемін және барлық дерлік негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштер бойынша өсуді қамтамасыз ете алды. Бұл ретте әлеуметтік жауапкершілік пен тұрақты даму біз үшін әрқашан маңызды болған және бола бермек.
Ағымдағы жылы Компанияда дәстүр бойынша акционерлер қойған ірі жобалар мен міндеттердің тұтас портфелі бар және мен біздің кәсіпқойлар командамыздың қолдауымен олардың барлығын орындап, стратегиялық мақсаттарға жету жолын жалғастыратынымызға сенімдімін.
Қорытындылай келе, біздің барлық табыстарымыз бен жетістіктеріміз Директорлар кеңесі, Басқарма мүшелері, серіктестер, клиенттер және басқа да стейкхолдерлер тарапынан белсенді қолдауымен Компания, менеджмент қызметкерлерінің тиімді және үйлестірілген жұмысының нәтижесі екенін атап өткім келеді. Осының барлығы үшін мен шын жүректен алғысымды білдіргім келеді.
«Қазақтелеком» АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы Н. Байдәулетов