Компанияның қысқаша бейіні
Компания туралы фактілер
«Қазақтелеком» АҚ қызметі туралы негізгі фактілер:
- «Қазақтелеком» АҚ – Қазақстандағы ең ірі телекоммуникациялық компания.
- «Қазақтелеком» ҰАК Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1994 жылғы 17 маусымдағы №666 қаулысы негізінде құрылды.
- Негізгі кеңселер Астана және Алматы қалаларында, аймақтық өкілдіктер Қазақстанның барлық жерінде орналасқан.
- 2000 жылдардың ортасынан бастап «Қазақтелеком» АҚ жылдық айналымы ондаған миллиард теңгеге жететін еліміздің ең табысты кәсіпорындарының рейтингінде тұрақты жоғары орындарды иеленіп келеді.
- «Қазақтелеком» АҚ Қазақстанның ірі қалаларын деректерді берудің жоғары жылдамдығымен цифрлық ағындармен байланыстыратын тасымалдау талшықты-оптикалық сақина болып табылатын Ұлттық ақпараттық супермагистральға ие.
- Компанияның қызметі Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралады.
Қызмет бағыттары
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы (Компания, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақтелеком») байланыс қызметтерін, оның ішінде ауылдық жерлерде байланыс қызметтерін ұсынуда көшбасшы ретінде танылған Қазақстандағы тіркелген телефония бойынша ірі оператор, сондай-ақ Деректерді беретін ұлттық желінің ірі операторларының бірі болып табылады.
«Қазақтелеком» АҚ – Республика аумағында байланыс қызметтерінің кең ауқымын ұсынатын, ұлттық ауқымдағы құрылатын акционерлік қоғамның жарғылық қорына мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың және телекоммуникация ұйымдарының мүлкін беру арқылы «Қазақтелеком» ұлттық акционерлік компаниясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1994 жылғы 17 маусымдағы №666 қаулысына сәйкес құрылған ұлттық компания.
Компания «Қазақтелеком» Ұлттық акционерлік компаниясының құқықтық мирасқоры болып табылады (Қазақстан Республикасының Әділет органдары алғашқы мемлекеттік тіркеуді 1994 жылғы 1 желтоқсанда жүргізді).
«Қазақтелеком» негізгі мақсаты акционерлердің мүддесі үшін табыс табу болып табылатын, өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын коммерциялық ұйым болып табылады.
Акционерлік қоғамның қызметі оның ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін айқындайтын бекітілген Жарғы шеңберінде жүзеге асырылады.
«Қазақтелеком» АҚ қызметінің негізгі мақсаттары:
- коммерциялық қызметтен пайда табу және оны акционерлердің мүддесіне пайдалану;
- Қазақстан Республикасының аумағында заманауи телекоммуникациялық желілерді құру және оларды әлемдік телекоммуникация желісіне интеграциялау;
- Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде пайдаланушыларға телекоммуникациялық қызметтердің барлық түрлерін ұсыну.
«Қазақтелеком» АҚ жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісін және телекоммуникациялардың жеке жүйелерін құру, монтаждау, пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасының байланыс операторы ретінде қызметін жүзеге асырады, жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі операторының, оның ішінде Халықаралық одақ регламенті және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа мемлекеттердің байланыс әкімшіліктерімен, компаниялармен, пайдаланушылармен есеп айырысу жүргізу құқығымен қалааралық және халықаралық байланыс операторының функцияларын орындайды.
Компания Қытаймен, Ресеймен, Еуропамен және Орталық Азия республикаларымен байланысты қамтамасыз ете отырып, барлық шекара маңы учаскелерін қосатын магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желілерінің желісіне ие болғандықтан транзиттік әлеуетті дамытуға және Қазақстан арқылы транзиттік телекоммуникациялық ағындарды ұлғайтуға зор көңіл бөледі.
Компанияның инфрақұрылымы республика бойынша 88 000 километрден астам талшықты-оптикалық желілерді, 27 деректерді өңдеу орталықтарын, 14 000 астам базалық станцияларды құрайды – 4G/LTE желісі Қазақстанның барлық ірі қалаларында орналастырылған, 2023 жылдың соңында ел бойынша 1 000 астам 5G базалық станциялары орнатылды.