Біріктірілген жылдық есеп 2023
ҚАЗ
РУС
ENG

«Қазақтелеком» ақ-ның компаниялар тобының құрылымы

GRI 2-6

Еншілес компаниялар төмендегілердің арқасында «Қазақтелеком» АҚ-ның инфокоммуникация нарығында B2C біріктірілген сервис провайдері ретінде қалыптасуында маңызды рөл атқарады:

  • телекоммуникация нарығының мобильді сегментіндегі «Қазақтелеком» АҚ Тобының ұстанымын күшейту және дәстүрлі телекоммуникация қызметтерін дамытуға үлес қосу;
  • «Қазақтелеком» АҚ-ның негізгі қызмет түрлерін толықтыратын жаңа өнімдерді іске қосу;
  • электрондық коммерция сияқты жаңа бағыттарды дамыту «Қазақтелеком дүкені»;
  • цифрландыруды және үлкен деректермен жұмыс істеуді қамтамасыз ету.

Ұялы байланыс

«Кселл» АҚ
(51%)

Соңғы 20 жылда «Кселл» АҚ Қазақстандағы ең заманауи, технологиялық дамыған және ауқымды ұялы байланыс желілерінің бірін құра алды. «Кселл» компаниясы мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламаларды жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қол жеткізу сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру қызметтерін, оның ішінде Интернет желісіне қол жеткізуді ұсынады.

Kcell және Activ брендтері B2B және B2C сегменттерінің жоғары бәсекеге қабілетті телекоммуникациялық нарықтарында жақсы жұмыс істеді және қызмет көрсету сапасы мен құндылығымен танымал. «Кселл» АҚ 2G, 3G және 4G/LTE желілерінде жұмыс істеуге мерзімсіз лицензияға ие.

«Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС
(100%)

«Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС – 2G/3G/4G (LTE/LTE Advanced) ұялы байланыс қызметтерінің толық спектрін ұсынатын және Tele2 мен Altel брендтерімен қызметтер көрсететін Қазақстандағы ұялы байланыс операторы.

«Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламаларды беру қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қол жеткізу сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, оның ішінде Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін ұсынады.

«Кселл» АҚ және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС операторлар консорциумының құрамында 2022 жылдың желтоқсанында радиожиілік спектрі аукционының жеңімпаздары атанды және ҚР-да 5G бесінші буын ұялы байланыс стандартын өрістету құқығына ие болды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша операторлар жалпы республика бойынша 1000 астам 5G базалық станциясын орнатты.

Техникалық ресурстар

«Востоктелеком» ЖШС
(100%)

«Востоктелеком» ЖШС – ауылдық елді мекендерде (АЕМ) телефония және интернет қызметтерін көрсетуге арналған «Қазақтелеком» АҚ-ның жиілік-техникалық ресурсы болып табылады.

«КТ АйИкс» ЖШҚ
(100%)

Компания IPLC және IP VPN бойынша клиенттерді қоса және оларға қызмет көрсете отырып, Ресей Федерациясындағы «Қазақтелеком» АҚ-ның техникалық торабы ретінде жұмыс істейді:

  • өзінің №9 ХҚТБ-дағы торабына қосады және IPLC және IP VPN арналарын жалға беру бойынша операторлар мен корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетеді;
  • бұл Google, ВКонтакте, Mail.ru, «Қазақтелеком» АҚ желілеріне HD, UHD, 4K форматтарындағы анықтығы жоғары телевидения контенті трафигін бағыттай отырып, Интернет желісінің пирингтік алаңы болып табылады;
  • Telepresence жоғары сапалы бейнеконференция қызметтерін көрсетеді.
CASPINET B.V.
(50%)

CASPINET B.V. «Қазақтелеком» АҚ-ның сыртқы интернетке шығуының балама маршрутын құруға бағытталған компания болып табылады.

Жаңа бизнестер

  • «НҰРСАТ+» ЖШС (100%)
  • «НҰРСАТ+» ЖШС – электрондық коммерция саласындағы бизнестің жаңа бағыттарын дамытатын «Қазақтелеком» АҚ-ның еншілес компаниясы.
  • «КТ-Телеком» ЖШС (100%)
  • «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС (100%).