Біріктірілген жылдық есеп 2023
ҚАЗ
РУС
ENG

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Компания адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын ұстанады. «Қазақтелеком» АҚ және ЕТҰ, сондай-ақ олардың барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын және бизнесті әдепті жүргізу қағидаттарын сақтауға міндетті.

Басқару тәсілі

GRI 3-3

Компанияда Комплаенс қызметі тиімді жұмыс істеуін жалғастыруда. Комплаенс бөлімшесінің негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен «Қазақтелекомның» ішкі құжаттарындағы бұзушылықтардың алдын алу және анықтау болып табылады.

Комплаенс қызметі әдеп пен мінез-құлық мәселелеріне де көп көңіл бөледі және «Қазақтелекомның» өзінде де, оның еншілес компанияларында да басшылық тарапынан қызметкерлерді қорлау және кемсіту жағдайларын құптамайды. Мұндай бұзушылықтар анықталған кезде комплаенс жосықсыз басшыларды жауапқа тарту үшін шаралар қабылдайды. Бұл мәселеде комплаенс бөлімшесі Қоғамның Басқарма Төрағасының да, еншілес компаниялардың жоғарғы басшылығының да қолдауына ие.

Компанияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-рәсімдерді реттейтін мынадай ішкі құжаттар енгізілген:

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты (2023 жылы өзектендірілген).
  • Болжамды әдепсіз/заңсыз әрекеттер туралы хабарлау саясаты.
  • Мүдделер қақтығысын реттеу саясаты.
  • Іскерлік әдеп кодексі.
  • Корпоративтік басқару кодексі.

Құжаттармен Компанияның telecom. kz сайтында «Тұрақты даму» бөлімінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тармақшасында танысуға болады.

GRI 205-1, 205-2


Компаниядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет келесі негізгі қағидаттарға негізделеді:

  1. Қоғам қызметінің заңдылығын;
  2. Қоғам қызметінің жариялылығы және ашықтығы;
  3. Қоғамның қызметкерлері, серіктестері мен клиенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жүргізу;
  4. сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласында мемлекеттік органдармен, сондай-ақ Қоғамның серіктестерімен және клиенттерімен ынтымақтастық;
  5. сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Қоғамның ішкі саясатын бұзу фактілері бойынша қызметтік тексерулерді міндетті түрде жүргізу;
  6. сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жәрдемдесетін адамдарды қорғау және көтермелеу;
  7. Лауазымды тұлғалардың осы Саясатта көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаттарын ұстануы және «жоғарыдан үн қосуды» орнату;
  8. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы.

2023 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары

2023 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласын-дағы комплаенс жұмысының негізгі бағыттары:

  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты» өзектендіру;
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау;
  • қызметкерлерді оқыту;
  • кері байланыс арналары;
  • ЕТҰ-мен өзара әрекеттесу.

2023 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық түрлерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаттары, міндеттері мен қағидаттарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына барлық деңгейдегі қызметкерлер мен басшылардың жауапкершілігін белгілейтін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» өзектендірілді.

Сонымен қатар Компанияда осы лауазымдарға қабылдау/тағайындау үшін ерекше, жоғары талаптар белгілене отырып, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге келісім қабылдай отырып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау қаупі жоғары лауазымдардың тізбелері айқындалды және Бұйрықтармен (ОА және филиалдар) бекітілді. Компания қызметкерлері үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатпен танысу бойынша қашықтықтан оқыту онлайн-курсы әзірленіп, learning.telecom.kz ішкі порталында орналастырылған.

2023 жылы «Қазақтелеком» АҚ-да 2022 жыл кезеңінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

2023 жылы «Қазақтелеком» АҚ-ның
1 030
қызметкері өзектендірілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатпен» танысу бойынша қашықтықтан оқыту онлайн-курсынан өтті.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  • сатып алу қызметі;
  • персоналды басқару;
  • Қоғамдағы бизнес-процестер.
GRI 205-1
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты тәуекелдерді бағалау жүргізілген бөлімшелер мен бизнес-процестер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері оларды жою бойынша ұсынымдармен «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасына жіберілді.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары дайындалып, бекітілді.

GRI 205-3

Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша «Қазақтелеком» АҚ мен ЕТҰ-да сыбайлас жемқорлық пен парақорлықтың расталған жағдайлары тіркелмеген.


GRI 205-2
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты мен әдістері туралы хабардар ету, 2021–2023
Кестеге ескерпе: Аймақтар бойынша ақпарат жиналмайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту

Компания қызметкерлер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тренингтер өткізеді. Барлық жаңа қызметкерлер «Іскерлік әдеп кодексінің» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының» негізгі қағидаттары бойынша міндетті онлайн-кіріспе курсынан өтеді.

2023 жылы филиалдар мен ЕТҰ-ның барлық басшылары сыбайлас жемқорлыққа, ала-яқтыққа және басқа да комплаенс тәуекелдеріне қарсы іс-қимылға бағытталған коммуникациялық оқыту сессияларын өткізді.

«Қазақтелеком» АҚ-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын өзектендіруге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің қосымша нормаларын енгізуге байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзгерістеріне сәйкес барлық филиалдар мен ОА қызметкерлерінің 100%-ын таныстыра отырып, техникалық оқу өткізу ұйымдастырылды.

2023 жылы «Қазақтелеком» АҚ және ЕТҰ басқару органдары мен атқарушы органының мүшелері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту сессиясы өткізілді, комплаенс және корпоративтік мәдениет саласындағы соңғы трендтер көрсетілді.

2023 жылы Комплаенс қызметінің басшысы zakon.kz және kursiv.media ақпараттық платформаларында Комплаенс қызметінің негізгі мақсаттарын, міндеттерін және нәтижелерін ашатын шолу сұхбаттарын жүргізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша
4
оқыту іс-шарасы
2023 жылы Компанияда өткізілді
Қамту:
15 217 (80%)
Компания қызметкерлері
GRI 205-2
2023 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқудан өткен санаттар бойынша қызметкерлер саны
Кестеге ескертпе: Санат бойынша қызметкерлер саны жалпы тізімдегі қызметкерлер санынан ерекшеленеді, өйткені деректер оқу күні алынған.

Кері байланыс арналары

GRI 2-16, 2-25, 2-27, GRI 205-3

Компаниядағы әдепсіз немесе заңсыз мінез-құлық фактілері туралы хабарлау механизмдері «Болжамды әдепсіз/заңсыз әрекеттер туралы хабарлау саясатымен» реттеледі.

Компанияда жедел желі жұмыс істейді - заңнаманы бұзудың нақты немесе ықтимал жағдай-ларына, оның ішінде алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, әдепсіз мінез-құлық және басқа да бұзушылықтарға байланысты жүгінуге арналған тәуелсіз, құпия және анонимді байланыс арнасы. Жедел желі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ бас компаниясы арқылы жұмыс істейді және оған тәуелсіз оператор (KPMG компаниясы) қызмет көрсетеді.

Жедел желі құпиялылық пен анонимділікке кепілдік береді (жүгінген адамның қалауы бойынша), сондай-ақ өтініштердің 100%-ын тіркейді және өңдейді, содан кейін жауапты тұлғаларға есептер ұсынады.

Компаниядағы бұзушылықтар туралы хабарлаған қызмет-керлерге, іскери серіктестерге және басқа да мүдделі тараптарға қатысты құпиялылықтың сақталуына, сондай-ақ қудалаудың және/немесе кем-сітушіліктің болмауына Компания кепілдік береді.

2023 жылы жедел желіге 105 өтініш түсті (51 расталды).

Өтініштердің негізгі тақырыптары:

  • қызметтерді қосу рәсімдерін бұзу;
  • тең емес жалдау және еңбек жағдайлары;
  • теріс пайдалану;
  • әдепсіз мінез-құлық;
  • әділетсіз жалақы.
GRI 2-16

Комплаенс қызметі жедел желі арқылы алынған өтініштер мен материалдарды зерттейді. Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болған кезде Комплаенс қызметі оларды Басқарма Төрағасының басшылығымен «Қазақтелеком» АҚ-ның Қаржы-шаруашылық пәні жөніндегі басқарушы комитетінің қарауына жібереді. Басқарушы комитеттің мүшелері материалдарды құқық қорғау органдарына беру туралы шешім қабылдайды.

Комплаенс қызметінде тіркелген әрбір факт Директорлар кеңесіне баяндау үшін тоқсандық есепте көрсетіледі. 2023 жылы аса маңызды проблемалар болған жоқ.

Компанияның ішкі және корпоративтік сайттарында жедел желі және Комплаенс қызметінің байланыс деректері орналастырылған, олар бойынша кез келген еңбек, сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлауға болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының бұзушылықтары туралы хабарлауға арналған кері байланыс арналары:

2024 жылға және орта мерзімді перспективаға арналған жоспарлар

  • Комплаенс саласындағы мәселелер бойынша оқыту іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу.
  • Мүдделер қақтығысын уақтылы анықтауды және реттеуді қамтамасыз ету.
  • Құпия ақпараттандыру желісі бойынша берілген өтініштердің 100%-ын қарауды қамтамасыз ету.
  • Қоғам қызметкерлері арасында Комплаенс қызметінің қызметін танымал ету мақсатында өңірлерге шығу (КҚ-нің мобильді кеңсесі).
  • Стандартқа сәйкес Қоғамның және ЕҮҰ-ның бастапқы сертификаттық аудитін жүргізу.
  • ҚР СТ ISO37001 «Парақорлыққа қарсы күрес менеджмент жүйесі. Талаптар және пайдалану жөніндегі нұсқаулық».