Біріктірілген жылдық есеп 2023
ҚАЗ
РУС
ENG

Компанияның экономикалық тиімділігі

Басқару тәсілі

GRI 3-3

«Қазақтелеком» АҚ қызметінің экономикалық құрамдас бөлігі Компанияның өзі үшін де, мемлекет экономикасы үшін де стратегиялық жоспарлауда маңызды рөл атқарады. Ол компанияның стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылатын акционерлер мен инвесторлар үшін Компанияның ұзақ мерзімді құнын арттыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасының ірі телекоммуникациялық операторы бола отырып, Компания ел экономикасын жаңғыртуға және әртараптандыруға елеулі үлес қосуға ұмтылады және жергілікті қауымдастықтардың тұрақты дамуына жәрдемдеседі.

GRI 201-1

«Қазақтелеком» АҚ өзінің қатысу аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосуға ұмтылады.

Компания тікелей экономикалық құнды табыс әкелетін негізгі қызмет арқылы жасайды. Құрылған экономикалық құнды бөлу жұмысшылардың жалақысын төлеу, акционерлерге дивидендтер төлеу, сондай-ақ мемлекет пайдасына салықтар мен өзге де төлемдер; тауарлар мен қызметтерді сатып алуды және ерікті әлеуметтік инвестициялауды жүзеге асыру процесінде жүреді. Бұл туралы толығырақ «Қызметкерлермен өзара әрекеттесу» және «Жергілікті қауымдастықтар» бөлімдерінен оқыңыз.

GRI 2-6, GRI 201-1
Құрылған және бөлінген тікелей экономикалық құн, 2023 жыл, млн теңге
2023 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есептілікке сәйкес деректер.