Жергілікті қауымдастықтар
Басқару тәсілі
Компания өзінің қатысатын аймақтарын дамытуға жәрдемдесуге тырысады. Біз жергілікті халықты сапалы байланыс пен интернетпен қамтамасыз етеміз, қалалар мен ауылдар арасындағы цифрлық теңсіздікті төмендетуге үлес қосамыз, сондай-ақ аса мұқтаж жандарға көмек көрсетеміз.
2023 жылы Компанияда «Жергілікті қауымдастықтармен өзара әрекеттесу саясаты» қабылданды.
«Жергілікті қауымдастықтармен өзара әрекеттесу саясаты» «Қазақтелеком» АҚ-ның Қоғам қатысатын аймақтардағы жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық ұйымдармен және жергілікті тұрғындармен өзара әрекеттесуді басқарудың бірыңғай қағидаттарын айқындайды және олармен қолайлы сындарлы қатынастарды қолдауға бағытталған.
Саясат келесі халықаралық құжаттарда: БҰҰ-ның Жаһандық келісімшартында, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында, Халықаралық Еңбек ұйымының конвенциясында баяндалған қағидаттар негізінде қалыптастырылған, сондай-ақ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын ескереді.
Саясаттың қағидалары:
- Өзінің кәсіпкерлік қызметі барысында қатысу аймақтарында әлеуметтік-экономикалық дамуға жәрдемдесуге үлес қосуды қамтамасыз ету.
- Қатысу аймақтарындағы жергілікті қауымдастық өкілдерінің өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ету.
- Жергілікті қауымдастықтармен олардың пікірлерін, қызығушылықтарын, көзқарастары мен қалауларын ескере отырып, сындарлы қарым-қатынасты сақтау.
- Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау.
- Өз қызметін жүзеге асыратын өңірлерде әлеуметтік және экологиялық тәуекелдерді және жергілікті халыққа әсерді барынша азайту.
Компанияда жергілікті қауымдастықтармен өзара әрекеттесу бағдарламаларын іске асыратын арнайы бөлімшелер жоқ, бұл «Самұрық-Қазына» АҚ Қайырымдылық саясатына» байланысты – Самұрық-Қазына» АҚ Компаниялар тобының барлық қайырымдылық және демеушілік қызметін Samruk-Kazyna Trust Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырады.
2023 жылы Samruk-Kazyna Trust Әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қайырымдылық көмегінің негізгі бағыттары:
- емдеу, балалар және өзге де әлеуметтік мекемелерді қолдау;
- халыққа, ең алдымен жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, толық емес, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға ауруларды диагностикалауды, емдеу мен оңалтуды ұйымдастыру жолымен медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру;
- халықтың ең аз қорғалатын топтарына, оның ішінде күтімге, қорғаншылыққа мұқтаж табысы төмен (аз қамтылған) адамдарға көмек көрсету;
- азаматтардың денсаулығының алдын алуға және қорғауға жәрдемдесу, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау;
- мәдениетті, өнерді дамытуды қолдау;
- спортты дамытуды қолдау;
- азаматтық бастамаларды қолдау арқылы жергілікті қауымдастықтарды дамыту.

Samruk-Kazyna Trust қорының қызметі туралы толығырақ https://sk-trust.kz/en/ сайттан біле аласыз.
Жергілікті қауымдастықтардың дамуына ықпал ету
«Қазақтелеком» АҚ өз қызметін Қазақстанның барлық өңірлерінде жүзеге асырады және ірі жұмыс беруші және салық төлеуші болып табылады.
Компания салық төлемдерін толық көлемде, уақтылы және жоғары деңгейде ашық түрде жүзеге асырады.
Ірі жұмыс беруші және салық төлеуші
(*шоғырландырылған деректер)
Біз байланыс пен интернетпен қамтамасыз етеміз:
Мүдделі тараптар үшін экономикалық құндылықты құру
«Қазақтелеком» АҚ өзінің қатысу аймақтарын тұрақты дамытуға қатысуының маңыздылығын түсінеді және жергілікті қауымдастықтардың өміріне өзінің оң әсерін күшейту үшін барлық қолжетімді шараларды қабылдайды. Қатысу аймақтарында ірі жұмыс беруші бола отырып, Компания жергілікті еңбек нарықтарының дамуына айтарлықтай үлес қосады. Мұндай жауапты тәсіл Компанияның іске асырылып жатқан Даму стратегиясы шеңберінде әзірленді.
Тікелей экономикалық құн Компанияның табыс әкелетін негізгі қызметі арқылы жасалады. Құрылған экономикалық құнды бөлу қызметкерлерге жалақыны төлеу, акционерлерге дивидендтер төлеу, сондай-ақ мемлекет пайдасына салықтар мен өзге де төлемдер, тауарлар мен қызметтерді сатып алуды және ерікті әлеуметтік инвестициялауды жүзеге асыру процесінде жүреді.
Компания өз қызметінің жергілікті қауымдастықтарға, қоршаған ортаға және биоалуантүрлілікке әсерін жауапкершілікпен қарайды.
Бұл туралы толығырақ ақпарат «Биоалуантүрлілікке әсер ету» бөлімінде берілген.
Компанияның жергілікті және ұлттық экономикаларға, сондай-ақ жергілікті қауымдастықтарға қосқан үлесі мыналарда көрінеді:
- тікелей іскерлік белсенділік және тиімділікті арттыруға назар аудару;
- тікелей және жанама жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін құру;
- әлеуметтік инвестициялар.
Компанияның жергілікті қауымдастықтармен өзара әрекеттесуі
Компания өзінің жергілікті қауымдастықтарға әсерін біледі. «Қазақтелеком» АҚ өз қызметі барысында жобаларды жоспарлау және іске асыру кезінде жергілікті қауымдастықтарды қоса алғанда, қызметкерлердің, әріптестердің және өзге де мүдделі тараптардың мүдделері мен пікірлерін талдауды, есепке алуды жүргізеді.
«Қазақтелеком» АҚ өз қызметі барысында олардың мүдделерін құрметтеу негізінде жергілікті қауымдастықтармен тұрақты түрде диалог құрады.
Компанияның жергілікті қауымдастықтармен өзара әрекеттесуінің негізгі жолдары:
- БАҚ-та даму жоспарлары, «Қазақтелеком» АҚ-ның тұрақты даму саласындағы қызметінің нәтижелері туралы жарияланымдар арқылы өзекті ақпаратты ұсыну.
- Қатысу аймақтар аумағында Қоғам жоспарлаған іс-шаралар туралы жергілікті қауымдастықтардың пікірін айқындау мақсатында корпоративтік БАҚ арқылы сұрақ-жауап, сауалнамалар жүргізу.
- Кері байланыс арналары бойынша өтініштермен жұмыс.
- Қатысу аймақтарын әлеуметтік-экономикалық қолдау шеңберінде әлеуметтік инвестициялар мен қайырымдылық қызметті жоспарлау және жүзеге асыру.
- Жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлескен кеңестерге, жұмыс топтарына және қазіргі тұрақты комитеттерге қатысу шеңберінде тікелей диалог жүргізу.
- Мемлекеттік билік өкілдерімен қатысу аймақтарын дамыту бойынша бірлескен тиімді жұмыс құру.
«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде Компания мектептерге өтеусіз негізде техникалық шарттар беруді жүзеге асырады. 2024 жылы (1 кезең) 215 мектепке техникалық шарттар беріледі. 2025 жылы (2 кезең) техникалық шарттар 125 мектепке беріледі.
«Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба бүкіл ел бойынша орта білім беру ұйымдарындағы апатты объектілерді, үш ауысымдық оқытуды және оқушы орындарының тапшылығын жоюға бағытталған.
Бұл мақсатқа екі негізгі міндетті шешу арқылы қол жеткізу көзделеді:
- 2026 жылға дейін ағымдағы және болжамды оқушы орындарының тапшылығын жабу үшін қалалар мен ауылдық елді мекендерде кемінде 740 мың (екі ауысымды оқыту кезінде) жаңа оқушы орындарын пайдалануға беру.
- Ұлттық жоба шеңберінде енгізілетін орта білім беру ұйымдарында жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құру.
Бұл жобаны жүзеге асыру туралы толығырақ келесі есептерімізден оқыңыз.
2023 жылы бүкіл Қазақстан орман өрті өршіп тұрған Абай ауданындағы отандастар үшін алаңдады.
«Қазақтелеком» Компаниялар тобы Абай облысындағы орман өртін жоюға жәрдемдесіп, қажетті байланыс беріп, жедел штабты ұялы телефон байланысын қосымша орналастырумен телефон және интернет байланысымен қамтамасыз етті.
«Кселл» АҚ абоненттерге өрт радиусы шегінде 60 минут және 10 гб+ пакетін берді және қызметтердің үздіксіз жұмыс істеуі үшін ТЖМ-ға мобильді базалық станцияларды ұсынды.
Tele2/Altel операторы орман өрті аймағында қалып қойған абоненттеріне Қазақстанның барлық операторларына 60 минут пен 60 SMS, сондай-ақ 10 ГБ трафик берді. Сонымен қатар, Tele2/Altel мамандары ТЖМ-ге көмек көрсету және облыс тұрғындарын үздіксіз байланыспен қамтамасыз ету үшін апат аймағына мобильді базалық станцияны орналастырды.
Еріктілік
«Қазақтелеком» Компания қатысатын аймақтарда өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететін экологиялық, білім беру, спорттық және мәдени бастамаларды қолдайды.
Компания қызметкерлері жыл сайын қарт адамдарға – ардагерлер мен зейнеткерлерге көмек көрсетіп, оларды Халықаралық қарттар күнімен құттықтап, азық-түлік себетін сыйлайды.
Әлеуметтік жағынан осал отбасылар үшін «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері Қор қызметкерлерімен бірлесіп 1 қыркүйек қарсаңында бірінші сынып оқушысының рюкзактарын жинап, табыс етті.
Біздің қызметкерлер сенбіліктер мен марафондарға да қатысады.
2023 жылдың қыркүйегінде «Қазақтелеком» Астанада 5G KcellRUN марафонын өткізді. Жүгіру бір уақытта Түркістанда да өтті. Екі қаладағы марафонға бір уақытта мыңнан астам спорт әуесқойлары, салауатты және белсенді өмір салтын ұстанушылар қатысты.
5G KcellRUN марафоны кезінде телекөпір ұйымдастырылды, ол қатысушыларды бесінші буын технологиясы бойынша екі қалада тікелей эфирде байланыстырд
2024 жылға және орта мерзімді перспективаға арналған жоспарлар
- Компанияның жергілікті қауымдастықтарды дамыту (қатысу аймақтарын қолдау) мақсаттары мен міндеттерін және оларға қол жеткізу мерзімдерін белгілеу.
- Жергілікті қауымдастықтарды дамыту бағдарламаларына (қатысу аймақтарын қолдау) және қайырымдылық бағдарламаларына мониторинг жүргізу практикасын енгізу.