Біріктірілген жылдық есеп 2023
ҚАЗ
РУС
ENG

Желі мен инфрақұрылымды дамыту

2023 жылы Компанияның телекоммуникация желілерін техникалық дамыту мен қолдаудың инвестициялық жобаларын іске асыру шеңберінде телекоммуникация желілерін дамытудың мынадай негізгі бағыттары бойынша жұмыстар жалғастырылды:

  • магистральдық тасымалдау желісі;
  • магистральдық деректерді беру желісі;
  • кіру желісі.

Нәтижесінде келесі көрсеткіштерге қол жеткізілді:


Деректерді беру желісі

2023 жылы «Қазақтелеком» АҚ-ның Алматы, Астана, Шымкент қалаларының 5G желісімен қамту жөніндегі лицензиялық міндеттемелерін іске асыру үшін 30 PAGG тірек торабы (Алматы – 15, Астана - 7, Шымкент – 8) орнатылды, 10 Гб/с 5G базалық станцияларының кіру жабдығын қосу үшін 486 порт (Кселл – 189 БС, МТС – 297 БС), ядроға қосу үшін 100 ГБ/с 89 порт қамтамасыз етілді.

2023 жылғы МДБЖ желісінің ядросында тартылған байланыс арналарының саны: 64 х 100G және 230 х 10G.

«МДБЖ кеңейту» жобасы шеңберінде (Қостанай, Семей, Петропавл, Тараз, Ақтау, Талдықорған) ЖІШЖ бойынша уәкілетті органның талаптарын ескере отырып, 10GE-ден 100GE интерфейстеріне көшу үшін жабдық пайдалануға берілді.

Тасымалдау желісі

Халықаралық операторлармен түйіскен жерлердегі транзиттік сыйымдылықты кеңейту жобасы шеңберінде «Қазақтелеком» АҚ желісі арқылы транзит үшін халықаралық операторларға сыйымдылығы 400 ГБ/с Ресей–Өзбекстан, сыйымдылығы 300 ГБ/с Ресей-Қырғызстан бағыттарында магистральдық байланыс арналары ұйымдастырылды.

Абай–Пахта мен Өзбектелек арасындағы шекаралық өткелдерде 2х100гбит/с, Орал–Озинки мен ХҚТБ-пен 3Х100 Гбит/с және Квант-Телекоммен 1х100 Гбит/с-ке халықаралық түйісулер кеңейтілді.

Ақтөбе–Ақтау, Ақтөбе–Орал учаскелерінде DWDM hiT7300 және G30 магистральдық желісі 4x100 Гбит/с-ке кеңейтілді.

«Интернет қызметтерінің сапасын жақсарту үшін желіні жаңғырту», «КЖҚ желісін дамыту» жобалары бойынша Талдықорған, Петропавл, Қостанай, Тараз, Павлодар, Семей, Ақтау, Қызылорда, Орал қалаларында КЖ желісінің сервистік шекаралары жабдықтарының орталық тораптарына қосылу үшін DWDM магистральдық тасымалдау желісінде 69×100 Гбит/с арналар ұйымдастырылды.

Алматы-Жаркент учаскесінде DWDM hiT7300 (Маловодное, Шілік, Чунджа, Жаркент) жабдықтары базасында резервтік оптикалық бағыт ұйымдастырылды.

DWDM hiT7300 және G30 (Қонаев, Түркістан, Жезқазған, Алматы) жабдықтары базасында Алматының қолданыстағы байланыс торабын енгізу-шығаруды ұйымдастыру және жаңғырту үшін желілік элементтерді қайта конфигурациялау жүргізілді.

Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинско-Бурабай курорттық аймағында GPON желісін салу үшін аймақтық тасымалдау желісі 2×10 Гбит/с-ке кеңейтілді.


Қолжетімділік желісі

Оптикалық қолжетімділік желілерінің (ECI, Ericsson) ескірген жабдықтарын жаңғырту мақсатында Қостанай, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Алматы қалаларында GPON жабдығы пайдалануға берілді.

Қарағанды, Теміртау, Ботақара, Ерейментау, Семей, Түркістан, Талдықорған қалалары мен Алматы облысында GPON желісін 824 PON порттарына кеңейту жүргізілді.

Телекоммуникация қызметтерін тұтынушыларды мыс желілерінен оптикалық желілерге ауыстыру бойынша жұмыстар жалғастырылды. 2023 жылы «Тазарту» жобасын іске асыру барысында жоспарланған 53 мың абоненттен 57 мыңнан астам абонент ауыстырылды. Сондай-ақ желіні жаңғырту барысында аналогтық теледидардың 13 мың абоненті заманауи цифрлық ID TV және TV сервисіне ауыстырылды.

5G желісін өрістету

2022 жылдың желтоқсан айында «МТ-С» ЖШС және «Кселл» АҚ ұсынатын операторлар консорциумы 5G желісін енгізу бойынша жиіліктер аукционында жеңіске жетті. 2027 жылға дейін компаниялар бүкіл ел бойынша 7000-нан астам 5G базалық станцияларын орнатуы керек. Базалық станциялар алдымен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында пайда болады.

«Қазақтелеком» мамандарының бағалауы бойынша 2027 жылдың соңына дейін Қазақстан азаматтарының 80%-ы 5G желісіне қол жеткізе алады.

Компанияда елімізде 2024 жылы 2,7 мыңнан астам және 2025 жылы 3,2 мыңға жуық станцияны өрістетуді көздейтін бесінші буын стандартының 7 мыңнан астам базалық станциясын салу жоспары әзірленді. Қазіргі уақытта Компания ТМД кеңістігінде бірінші және әзірге жалғыз болып 5G технологиясын өнеркәсіптік пайдалануға енгізді: барлық облыс орталықтарында мыңға жуық 5G базалық станциялары өрістелінді және желіге қосылды.

5G желісін өрістету бірегей цифрлық мүмкіндіктердің пайда болуы, инновациялар мен технологиялардың дамуы, барлық салалардағы трансформациялық процестердің жеделдеуі арқасында Қазақстан экономикасына және азаматтардың өмір сүру сапасына айтарлықтай әсер етеді.

Бұл жобаны жүзеге асыру туралы толығырақ біздің келесі есептерімізден оқыңыз.

2024 жылға арналған негізгі міндеттер

Тасымалдау желісі бойынша:

  1. 1+13 резервімен сыйымдылығы 12*100 Гбит/с Ресей–Қытай бағытындағы транзиттік арналарды ұйымдастыру;
  2. МДБЖ кеңейту жобаларына сәйкес магистральдық желіде арналарды ұйымдастыру үшін DWDM жабдықтарын кеңейту;
  3. Түркістан–Шымкент бағытында 100G (1+1) арнасын ұйымдастыру.

Деректерді беру желісі бойынша:

  1. МДБЖ арналарын кеңейту:
    • Астана, Ақтөбе, Алматы учаскелеріндегі 41 400G порты;
    • Ақтөбе, Ақтау, Қостанай, Петропавл, Орал, Өскемен, Алматы учаскелеріндегі 100G 66 порты;
  2. 5G жобасы бойынша арналарды ұйымдастыру.

Қолжетімділік желісі бойынша:

  1. Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қостанай қалаларында ескірген G-PON OLT жабдықтарын ауыстыру;
  2. Мыс желілерінен бас тарту және өңірлердегі 63 мыңға жуық қызмет тұтынушыларын ауыстыру бойынша жұмыстарды жалғастыру;
  3. 21 ауылдық елді мекенге дейін ТОБЖ салу.