Біріктірілген жылдық есеп 2023
ҚАЗ
РУС
ENG

Ақпараттық технологиялар

«Қазақтелеком» өз клиенттеріне цифрлық бизнеске қажетті ақпараттық-коммуникациялық сервистердің кең спектрін – клиенттік жабдықты ДӨО-да және виртуалды инфрақұрылымда физикалық орналастырудан бастап, ақпараттық қауіпсіздік, веб-сайттар, конференциялар әзірлеу және тағы басқалар бойынша SaaS-сервистерге дейін ұсынады.

2023 жылдың қорытындысы бойынша АТ дивизионы қызметтің барлық салаларында өсім көрсетті. Осылайша, Дивизионның бизнес-қызметінен түсетін бос ақша ағыны екі есеге өсті. Бұл ретте, ағымдағы инвестициялар кезінде басқалармен қатар капиталды дұрыс басқару және операциялық тиімділік арқылы бос ақша ағынының өсуіне қол жеткізіледі. Бұл АТ бағыты салынған инвестициялардың орнын толтыру үшін жеткілікті ақшалай қаражатты өндіруге қабілетті екенін көрсетеді.

Сонымен қатар, жүзеге асырылып жатқан жобалардың санына және Дивизион қызметінің жаңа бағыттарына қарамастан, операциялық шығындар айтарлықтай өсуді көрсеткен жоқ. Осылайша, 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы операциялық шығындардың өсімі небәрі 5%-ды құрады, бұл активтерді, техникалық және адам ресурстарын тиімді басқаруды көрсетеді.

249
млрд теңге
ДӨО негізінде «Қазақтелеком» АҚ өнімдері мен жобаларынан алынған кірістер
12,6
млрд теңге
2023 жылдың қорытындысы бойынша АКТ бағыты бойынша түсім

Ақпарат орталықтары желісін дамыту

Ақпараттық технологиялар дивизионы (АТ дивизионы) Қазақстандағы ДӨО мен бұлттық қызметтер нарығындағы өзінің жетекші позициясын сәтті сақтауды жалғастыруда. IDC деректері бойынша Компанияның ДӨО нарығындағы үлесі шамамен 52%, ал бұлттық қызметтердің ішкі нарығында – 31% («Қазақтелекомның» ДӨО базасында іске асырылатын бұлттық сервис жобаларын есепке алғанда).

Бүгінгі таңда Компания республиканың ірі қалалары мен облыс орталықтарында 27 ақпарат орталықтары желісін қолдайды. Бұл шамамен 1600 тірек.

2023 жылы Дивизион Алматы модульдік ақпарат орталығында сыйымдылығы 84 тірек болатын екі жаңа модульді – Компания желісіндегі ең жаңа ДӨО-ны ұйымдастыруды аяқтады. Сәйкесінше, ДӨО-ның жалпы сыйымдылығы 168 тірек орындарын құрады. 2024 жылы Дивизион Ақкөл ақпарат орталығында да 44 тіректі жаңа оқшаулау аймағын ұйымдастыруды аяқтауды көздеп отыр. Сондай-ақ Астана қаласында 300 тірегі бар жаңа TIER III деңгейлі ДӨО-ны салу жоспарлануда, мұнда сұраныс қазіргі уақытта геометриялық прогрессияда өсіп келеді.

 
27
Қазақстан Республикасының ірі қалалары мен облыс орталықтарындағы ақпарат орталықтары
шамамен
1 600
ақпарат орталықтарындағы тіректер

Бұлтты қызметтерді дамыту

Бұлтты қызметтерді дамыту және олардың ассортиментін кеңейту тұрғысынан АТ Дивизионы өзінің жеке ДӨО-ның негізінде, сондай-ақ серіктестермен бірлесе отырып, виртуалды ресурстар мен инфрақұрылымдық шешімдердің жеке инфрақұрылымын дамытуда. Осы бағыт аясында Алматыда виртуалды ақпарат орталығының жаңа алаңы ұйымдастырылды, онда шешім VMware соңғы нұсқасының жаңартылған лицензияларымен қолдау көрсетіледі. 2024 жылы қолданыстағы алаңдарды жаңа нұсқаға көшіру және IaaS сервистер ассортиментін дамыту жоспарлануда. Осы бөлім PaaS/IaaS шешімдерін дамыту үшін бұлтты қызмет провайдерлерімен серіктестіктерді де қамтиды. 2023 жылдың соңында «Қазақтелеком» АҚ мен «Ақылды қалалар» ЖШС ismet.kz сайтында self’s services функционалы бар IaaS және PaaS жаңа бұлтты қызметтерін әзірлеу және дамыту бойынша ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды. Қазірдің өзінде порталда Компанияның клиенттері екі өнімді - «Виртуалды есептеу ресурстарын» және «S3 объектілік қоймасын» сатып ала алады. 2024 жылы «Қазақтелекомның» ДӨО ресурстарында қуаттылықты дамыта отырып, өнімдер ассортиментін кеңейту жоспарлануда.

«Қазақтелеком» мен «Ақылды қалалар» Қазақстан Республикасында бұлтты технологияларды бірлесіп дамытуда.

2023 жылдың желтоқсанында BTS Digital компаниясының AITU цифрлық экожүйесіне кіретін «Қазақтелеком» және «Ақылды қалалар» ЖШС Қазақстанда бұлтты технологияларды дамыту, сондай-ақ cloud-шешімдер мен өнімдер желісін кеңейтуде ынтымақтастық туралы туралы келісімшарт жасасты.

Алғашқы бірнеше бірлескен бұлттық қызметтерді «Қазақтелеком» бизнеске арналған ismet.kz порталында ұсынды: «Виртуалды есептеу ресурстары» және «S3 объектілік қоймасы».

Келесі кезеңде «Қазақтелеком» серіктес компанияның бұлтты өнімдеріне өз инфрақұрылымын қосуды көздеп отыр. Бұл «Қазақтелеком» өзінің ақпарат орталықтар желісі базасында ұсынатын деректердің жоғары сенімділігі мен қауіпсіздігін «Ақылды қалалар» жоғары сапалы және жедел сервисімен біріктіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 2024 жылы компаниялар бірлескен әзірлемелер арқылы бұлтты өнімдер мен қызметтердің ассортиментін кеңейтуге ниетті. Жақын арада іске қосылатын басым бірлескен өнімдердің бірі АТ әзірлеушілеріне арналған бірлескен бұлттық өнімдер болады: Kubernetes as a Service және Database as a Service аналитикалық қызметі.

Инфрақұрылымды және АТ-архитектураны дамыту

АТ дивизионы үшін 2023 жылдың маңызды нәтижелерінің бірі «Ақпараттық технологиялар. Қызмет менеджменті» АТ қызметтерін басқару жүйесін сертификаттауды сәтті аяқтау болды. Қазір «Қазақтелекомның» АТ қызметтерінің сапасы ISO/IEC 20000-1-2016 халықаралық сертификатымен расталды.

«Қазақтелеком» Қазақстан нарығында алғашқылардың бірі болып ISO/IEC 20000-1-2016 АТ қызметтерін басқару жүйесінің халықаралық сертификатын алды.

Компанияның АТ-инфрақұрылымын жаңғырту және жетілдіру жобасы аясында АТ дивизионы жаңа өнімділігі жоғары серверлік және желілік жабдықты орнатып, іске қосты, корпоративтік желінің өзегін жаңартты, өңірлердегі желі сегменттерін жаңарту бойынша үлкен бағдарламаны бастады. 2024 жылы Дивизион жаһандық модернизацияны аяқтауды жоспарлап отыр және АТ инфрақұрылымы ақауларға төзімділік, сенімділік, өнімділік және бизнес талаптарындағы өзгерістерге жауап беру жылдамдығына қатысты бизнес күтулерін толығымен қанағаттандырады.

Сонымен қатар, Компанияның негізгі АТ жүйелеріне арналған ақауларға төзімді, географиялық алшақтатылған алаң іске қосылды. Жүйелердің негізгі бөлігі жаңа алаңға көшіп қойған. Дивизион көшіқон процесін 2024 жылдың бірінші жартысында аяқтауды жоспарлап отыр.

Астанадағы ДӨО базасында микросервистердің жаңа ландшафты іске қосылды, ол микросервистерге арналған ортаны, авторизациялау, логирлеу және мониторинг жүргізудің қажетті құралдарын қамтиды. Қолданыстағы микросервистер де жаңа платформаға көшірілді.

ESG бағытындағы бастамаларды іске асыру шеңберінде АT дивизионы дербес компьютерлердің электр энергиясын тұтынуын азайту жобасын жүзеге асырды. Іс жүзінде бұл барлық осы құрылғылардағы энергия үнемдеу саясатының баптауларында көрініс тапты, бұл тек 2023 жылы электр энергиясын тұтынудың жалпы көлемі шамамен 900 МВт үнемдеуге мүмкіндік берді.

2023 жылы АТ дивизионы Компанияның негізгі ақпараттық жүйелерін монолиттен микросервистік АТ-архитектурасына көшіру бойынша маңызды ішкі жұмыстарды да атқарды. Микросервистер басқаларға әсер етпестен белгілі бір жүйеге жылдам өзгертулер енгізуге мүмкіндік береді. Бұл жаңа сервистер мен қызметтерді енгізудің жылдам процесін қамтамасыз етеді, сонымен қатар ақауларға жоғары төзімділік пен икемді масштабтауды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта Компания ішінде бірнеше міндеттер іске асырылды, соның ішінде Oracle ASAP жүйесін микросервистік архитектураға көшіру, онда АТ дивизионы GPON ресурстарын және телефония желісінің объектілерін белсендіру/өшіру бойынша микросервистердің екі жинағын әзірледі. Нәтижесінде ресурсты белсендіру кезеңінде тапсырысты орындауға кететін уақытын қысқартуға, қолмен жасалатын операциялардың санын, алдыңғы кезеңдерге қайтарымдар санын және т.б. азайтуға мүмкіндік беретін бизнес-процестердің реинжинирингі болды.

Жаңа схемамен тапсырысты орындау нәтижелері бойынша барлық деректер техникалық есеп жүйелеріндегі қате мәліметтерді талдау және қателерді азайту мақсатында Big Data жүйесіне жүктеледі. 2024 жылы микросервистік архитектураға көшу аясында АТ дивизионы Amdocs, Спутник, Remedy, Siebel CRM сияқты монолитті жүйелердегі жұмысты аяқтауды жоспарлап отыр. Меншікті бағдарламалық жасақтамадан Компанияда келесі ақпараттық жүйелер сақталады: Small Word, Cramer, SAP, Genesys. Олар ашық интерфейстер мен микросервистік стандарттардың талаптарын қолдайды. Бұл ретте SAP жүйесі SAP Hana мультимодельді дерекқорды басқару жүйесіне ауыстырылады.