Біріктірілген жылдық есеп 2023
ҚАЗ
РУС
ENG

Big Data-ны дамыту

«Қазақтелеком» деректерді басқару, инфрақұрылымды және Big Data сараптамасын құру және дамыту, сондай-ақ Компанияның бизнес-процестеріне жасанды интеллект енгізу мәселелеріне елеулі назар аударады.

«Қазақтелеком» Big Data аналитикасын Компанияның қосымша табыс әкелу, бизнес-процестерді оңтайландыру, қызмет көрсету сапасын арттыру және нарықтағы көшбасшылық позициясын сақтау құралы ретінде енгізуді жалғастыруда.

2023 жылы Ақпараттық технологиялар дивизионы (АТ дивизионы) деректерді басқару және Big Data саласындағы маңызды стратегиялық қадамдарды сәтті жүзеге асырды. Олардың ішінде Data Governance қағидаттарын сақтай отырып, деректерді басқару тәжірибесін енгізу бар. Компания DAMA-DMBOK және DCAM деректерді басқарудың әлемдік стандарттарына назар аударады. Бұл деректерді тиімді басқаруды қамтамасыз етіп қана қоймай, оның сапасына, сенімділігіне және құпиялылығына кепілдік берді.

Сонымен қатар DataCatalog, Business Glossary және DataQuality сияқты деректерді басқарудың негізгі компоненттері сәтті енгізілді. Бұл құралдар деректермен жұмыс жасау процестерін айтарлықтай жеңілдетті. Сонымен бірге Компанияда деректерді домендік-бөлінген сақтау белсенді түрде енгізілуде, оның негізінде SID TM-Forum телеком-операторының салалық стандарттары жатыр.

Сондай-ақ, Open Source технологияларында аналитикалық деректер базасы сәтті іске қосылды, near real-time аналитикасы енгізілді, бұл бизнес-шешімдер қабылдау үшін деректерді жедел өңдеуге және пайдалануға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Компания машиналық оқыту модельдерін дамытуға және жақсартуға көп көңіл бөледі.

Жалпы, Big Data бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың арқасында корпоративтік деректер платформасы мен BI-аналитика құралын белсенді пайдаланушылар саны айтарлықтай өсті. Бүгінгі таңда 3000-ға жуық қызметкер бұл құралдарды өз жұмысында белсенді пайдаланады. Компания үшін маңызды нәтиже 2023 жылғы деректерді басқарудан бос ақша ағынының өсуі болып табылады. Осылайша, Компанияның үлкен деректерді талдау негізінде қазірдің өзінде 50-ден астам жоба әзірленді, оның 26-сы шамамен 11 млрд теңгені құрайтын FCF әсерін көрсетті.

Big Data-ны пайдалануды көздейтін құралдар «Қазақтелекомға» әрбір клиентке жеке көзқарас табуға мүмкіндік береді, сонымен қатар Компания бөлімшелерінің қызметін жақсарту үшін қолданылады.


«Деректер фабрикасы»

2021 жылғы қарашада «Қазақтелекомда» инфрақұрылыммен, деректерді жинаумен, өңдеумен және тазалаумен айналысатын «Деректер фабрикасы» арнайы құрылымдық бөлімшесі құрылды. Сонымен қатар, әрбір бизнес-бөлімшеде мамандар бөлінді, олардың негізгі міндеттері үлкен деректерді талдау және Компания жинаған барлық ақпаратты өз бағытының бизнес-мәселелерін шешу үшін пайдалану болды. Бұрын деректерді алуға сұраулар орталықтандырылған бөлімшеге жіберілген. Мұндай сұрауларды өңдеу тапсырмалардың үлкен көлеміне байланысты ұзақ уақыт алатын. Мәселені тезірек шешу үшін Компания процесті орталықсыздандыруға және деректермен тікелей немесе жанама түрде жұмыс істейтін барлық қызметкерлерді қажетті дағдыларға үйретуге шешім қабылдады. Енді барлық сұраулар тиімдірек өңделеді.



«Деректер фабрикасы» деректерді ішкі және сыртқы монетизациялауды дамытуға, сондай-ақ үлкен деректерді басқару тәжірибесінің жетілу деңгейін арттыруға ықпал етеді.

«Деректер фабрикасының» бірінші кезеңінде деректер ландшафтына, операциялық модельге және Компанияның ағымдағы аналитикалық бастамаларына аудит жүргізілді. Келесі қадам деректерді басқару функциясының мақсатты күйін, соның ішінде үш жылдық бастамалардың жол картасын әзірлеу болды.

Қазіргі уақытта жол картасының бастамалары іске асырылуда: мақсатты архитектураның компоненттері орналастырылды, оларды одан әрі баптау үшін бизнес-талаптар жинақталуда, сондай-ақ мақсатты операциялық модельді енгізу үшін құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерімен семинарлар өткізілуде.

«Қазақтелеком» «Деректер фабрикасы» заманауи және цифрлық қызметтердің әртүрлі спектрін ұсынатын мультисервистік оператор ретінде Компанияны дамытудың негізгі драйвері болады деп жоспарлап отыр.

«Қазақтелекомның» «Деректер фабрикасы» жобасы халықаралық сарапшылармен ерекше атап өтілді және үлкен деректерді (Big Data) басқару құралдары мен технологияларын дамытуға және ілгерілетуге қосқан үлесі үшін марапаттарға ие болды:

  • Global CIO «Деректер фабрикасын» телекоммуникация саласындағы үздік IT-жобасы деп таныды.
  • DAMA International «Деректер фабрикасын» Embrace Transformation Award 2023 номинациясы бойынша үздік деп таныды.

2024 жылға арналған жоспарлар

  1. Процестерді автоматтандыру және сервистерді цифрландыру бойынша барлық міндеттерді іске асыру.
  2. Барлық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін және қызмет көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз ету.
  3. Ақпараттық технологиялар Дивизионының алдында тұрған барлық жоспарлы көрсеткіштерді орындау, оның ішінде АКТ бизнесі бойынша есептелген кірістер жоспарларын орындау, ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі міндеттерді шешу.

Жоспарланған көлемді бастамалар:

  • АТ-инфрақұрылымын жаңғыртудың үшінші кезеңін іске асыру;
  • Астанада TIER III деңгейіндегі жаңа ДӨО-ның құрылысы;
  • SAP ERP жүйесін S\4 HANA-ға көшіру;
  • Қоғамның клиенттері мен қызметкерлеріне сервистерді ұсынудың АТ-қызметтерін басқару жүйесін жетілдіру және бизнес-процестерді реинжинирингтеу.