Басқарма
Басқарма акционерлік қоғамның міндеттерін орындау және стратегиясын іске асыру мақсатында ағымдағы қызметке басшылықты жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган болып табылады.
Басқарма қызметі акционерлердің мүдделерін барынша сақтау және Акционерлердің жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесінің шешімдеріне толық есеп беру қағидаты негізінде құрылады.
Басқарма 6 мүшеден - Басқарма Төрағасынан және Директорлар кеңесі сайлайтын басқа да тұлғалардан тұрады.
2023 жылы Компания Басқармасының құрамына Активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор Наталья Лян және Корпоративтік бизнес жөніндегі дивизионның Бас директоры Әлібек Индықбаев сайланды.