Ақпараттық ашықтық
«Қазақтелеком» АҚ корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын ұстануға дайын екендігін растай отырып, ақпараттық ашықтық пен айқындық қағидаттарын ұстанады. Компанияның инвестициялық тартымдылығын арттыру және мүдделі тараптармен сенімгерлік диалог жүргізу мақсатында Компания өз қызметі туралы ақпаратты:
- «Бағалы қағаздар нарығы туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР заңдарына;
- «Қазақстан қор биржасы» АҚ, Astana International Exchange Ltd. талаптарына;
- ҚР Ұлттық Банкінің талаптарына;
- Корпоративтік басқару кодексінде белгіленген ақпаратты ашудың және ұсынудың негізгі қағидаттарына;
- Компанияның ішкі құжаттарына сәйкес ашады.
Ашықтықты қамтамасыз ету үшін Компания Ақпараттық саясатты басшылыққа алады. «Қазақтелеком» АҚ Ақпараттық саясаты Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Қазақтелеком» АҚ Жарғысы мен Корпоративтік басқару кодексіне және 2025 жылға дейінгі Бизнесті дамыту стратегиясына сәйкес әзірленді.
Ақпараттық саясат әртүрлі коммуникация арналары арқылы тарату және мақсатты аудиторияға өзекті ақпаратты жеткізу үшін Компания қызметі туралы бірегей ақпараттық себептерді қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады. Әрбір ақпараттық хабарламаның мақсаты - мақсатты аудиторияны қолжетімді және түсінікті түрде хабардар ету.
Ақпараттық саясат Компанияның өз қызметі туралы негізгі мақсатты аудиторияға ұсынатын ақпараттың негізгі принциптері мен нақты талаптарын анықтайды:
- акционерлерге, инвесторларға;
- клиенттерге (B2B, B2C, B2G сегменттеріндегі корпоративтік серіктестерге);
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына;
- бұқаралық ақпарат құралдарына, сондай-ақ Компания, оның өнімдері мен қызметтері туралы ақпарат алуға мүдделі басқа тараптарға.
Сонымен қатар Ақпараттық саясат инсайдерлік, қызметтік, коммерциялық ақпаратты, сондай-ақ заңнамамен дербес деректерге жатқызылған ақпаратты қорғауға талаптар қояды.
Ақпараттық саясаттың принциптері:
- сенімділік принципі;
- жылдамдық принципі;
- жүйелілік принципі;
- белсенділік пен достық принципі;
- прагматизм және мақсатты аудиторияның мүдделеріне қамқорлық принципі;
- цифрландыру және мультимедиялық принцип;
- құпиялылық принципі.
«Қазақстан қор биржасы» АҚ (kase.kz), Astana International Exchange Ltd. (aix. kz) және «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ (dfo.kz) интернет-ресурстарында Компанияның басқару органы мен атқарушы органының құрамы, корпоративтік оқиғалар, ірі акционерлердің құрамы, акционерлердің алдағы жалпы жиналыстары және олардың қорытындылары, бағалы қағаздар шығарылымдары туралы ақпарат, сондай-ақ акционерлер мен инвесторлардың мүддесіне қаржылық есептілік және басқа да ақпарат жарияланады.
Сонымен қатар, акционерлер мен мүдделі тараптарды кеңінен қамту үшін Компания өзінің https://telecom.kz/ru ресми сайтында ақпаратты, соның ішінде жылдық есеп берулерді жариялайды.