Біріктірілген жылдық есеп 2023
ҚАЗ
РУС
ENG

Сатып алу тәжірибелері

Біздің тәсіл

GRI 3-3

«Қазақтелеком» АҚ жеткізушілермен өзара әрекеттесуге жауапкершілікпен қарайды. Компания тек адал, сенімді және ашық серіктестермен ынтымақтасуға тырысады.

«Қазақтелеко» ұлттық экономиканың инновациялық дамуы жағдайында отандық тауар, жұмыс және қызмет өндірушілерді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты қолдайды.

«Қазақтелеком» АҚ сатып алу қызметінің негізгі басымдықтары:

  • сатып алудың ашықтығы мен айқындығы;
  • сатып алу рәсімдерін өткізу кезіндегі бәсекелестік;
  • жергілікті жеткізушілерді қолдау және дамыту.

«Қазақтелеком» АҚ-ның сатып алу қызметі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның сатып алуды жүзеге асыру тәртібімен» реттеледі, оның жаңа редакциясы 2023 жылдың сәуір айында қабылданды. Енгізілген өзгерістер нәтижесінде сатып алудың бәсекелестік тәсілдері бойынша функционал пысықталды, шағын және орта бизнес үшін преференциялар берілді, отандық өндірушілерді қолдау бойынша тармақшалар қосылды.

Сатып алу процестерін басқару құралы Қордың электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі болып табылады. Қордың электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі - бұл тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қажеттілікті жоспарлаудан, сатып алуды жүргізуден, келісімшарттарды жасасудан және орындаудан бастап тауарларды қоймаға жеткізуге дейінгі толық цикл жасалатын бірыңғай портал.

Толық ақпаратты zakup.sk.kz порталынан білуге болады.

2022 жылғы 1 сәуірден бастап Қорда 2022 жылғы 3 наурызда «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен жаңа редакцияда «Сатып алуды жүзеге асыру тәртібі» жұмыс істейді.

«Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес «Сатып алуды жүзеге асыру тәртібінің» жаңа редакциясы (бұдан әрі – «Сатып алу тәртібі») ҚР Қаржы министрлігімен келісілді. «Сатып алу тәртібі» жобасын әзірлеу кезінде Қор құжатты талқылап, билік органдарымен де, бизнес-қоғамдастықпен де, оның ішінде: ҚР Қаржы министрлігімен, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен консультациялар өткізді. Талқылау қорытындысы бойынша құжатта мемлекеттік органдардың негізгі ескертулері мен бизнес-қоғамдастықтың сындарлы ұсыныстары ескерілді.

«Сатып алу тәртібінің» жаңа редакциясы өзге құжаттарға сілтемелік нормаларсыз сатып алудың барлық рәсімдерінің сипаттамасын қамтиды және тікелей қолданылатын құжат болып табылады. Бұдан басқа, бір дереккөзден алынатын сатып алу негіздері айтарлықтай қысқартылды, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасын, қоғамдық бірлестіктер мен қауымдастықтарды осы процестерге тарта отырып, сатып алуды санатты басқару және алдын ала біліктілік іріктеу процесінің ашықтығы арттырылды, отандық тауар өндірушілер мен ШОБ субъектілерін қолдаудың жаңа шаралары енгізілді.

Сатып алу процесін жетілдіру мақсатында «Самұрық-Қазына» қоры тиісті мемлекеттік органдармен және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп республикалық ауқымда барлық реттелетін субъектілердің сатып алуларын реформалау процесіне белсенді қатысады.

Сатып алу жүйесін жетілдіру

Компанияда сатып алу рәсімдері сатып алудың мынадай тәсілдерімен жүргізіледі: ашық тендер, баға ұсыныстарына сұрау салу, бір дереккөз, арнайы тәртіп.

2023 жылғы мамырда Компанияда өтінімдер берудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді («Қазақтелеком» АҚ сатып алуларының мониторингі). Сатып алу рәсімдерін жеңілдететін электрондық дүкен арқылы электрондық сатып алудың Ақпараттық жүйесінің порталында сатып алудың жаңа түрі іске қосылды. Диджитализация процесінің шеңберінде Qlik Sense сатып алулар порталындағы сатып алулар қызметі бойынша аналитиканы біріктіреді.

«Қазақтелеком» қызметі қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және адам құқықтарын сақтау саласындағы Компанияның талаптарына сәйкес келетін жеткізушілерді таңдауға ұмтылады.

«Қазақтелеком» 2024 жылы сатып алуды басқару жүйесін жетілдіруді және өз жеткізушілерін ESG-критерийлері бойынша бағалауды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, ESG критерийлері ескерілетін Жеткізушілердің мінез-құлық кодексі әзірленетін болады.

2023 жылғы сатып алу қызметінің нәтижелері

1 570
жылы
жеткізуші

Тауарлардың/қызметтердің негізгі түрлері:

  • телекоммуникациялық жабдық
  • телекоммуникациялық жабдыққа қызмет көрсету
  • ЖІШЖ қызметтері және телекоммуникациялық қызметтердің басқа түрлері

Жергілікті жеткізушілерге арналған шығыстардың үлесі

GRI 2-6, GRI 204-1

«Қазақтелеком» АҚ жергілікті жеткізушілермен ынтымақтастыққа ерекше мән беріп, олардан тауарлар мен қызметтерді сатып алуды жөн көреді. Компания өз қызметінде ұлттық экономиканың инновациялық дамуы жағдайында жергілікті қамтуды дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты ұстанады.

Компанияның сатып алуларындағы жергілікті жеткізушілерінің үлесін арттыру мақсатында «Телеком Комплект» дирекциясының базасында сатып алу және импортты алмастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсырмаларымен жұмыс істеуге, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Орталық жобалау кеңсесімен өзара әрекеттесуге бағытталған импортты алмастыру жөніндегі жергілікті жобалау кеңсесі жұмыс істейді. Бұдан басқа, Қордың сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті органы жыл сайын сатып алудағы жергілікті тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің үлесін ұлғайту бойынша тиімділіктің нысаналы көрсеткіштерін айқындайды.

99,46%
2023 жылы жергілікті жеткізушілерден сатып алу үлесі
92,57
млрд теңге
2023 жылы жергілікті жеткізушілерден сатып алу бюджеті

Отандық тауар өндірушілерді нүктелік қолдауды «Самұрық-Қазына» қорында және басқарылатын субъектілерде (оның ішінде «Қазақтелеком» АҚ-да) енгізілген сатып алуды басқарудың санаттық тетігі де қамтамасыз етеді.

Толығырақ zakup.sk.kz сайттан оқыңыз.

GRI 2-6, GRI 204-1
Жергілікті жеткізушілерге жұмсалатын шығындар, 2022-2023

«Жергілікті» географиялық анықтамасы және «Қазақтелеком» АҚ қызметін жүзеге асырудың негізгі орны Компанияның қатысушы елі – Қазақстан Республикасын білдіреді.

Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар

«Қазақтелеком» АҚ-ның жеткізушілерге қойылатын талаптары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сатып алуды жүзеге асыру тәртібімен» құжатталған, сондай-ақ Қордың электрондық сатып алу Ақпараттық жүйесінің порталында жарияланған.

Жеткізушілердің кері байланысы

Компания жеткізушілермен әртүрлі кері байланыс құралдарын пайдаланады, соның ішінде: қағаз/электрондық пошта арқылы ресми хат алмасу; Компанияның Facebook-тегі ресми парақшасы арқылы байланыс; сатып алу порталын техникалық қолдау қызметі; сатып алу мәселелеріне қатысты шағымдар мен өтініштерді жинауға арналған тікелей желі.

Компания жыл сайын жұмыс істеп жүрген және әлеуетті жеткізушілермен оффлайн/онлайн конференциялар өткізеді. 2023 жылы жеткізушілермен 3 конференция өткізілді (1 офлайн, 2 онлайн), оған 100-ден астам жеткізушілер қатысты. «Қазақтелеком» сатып алу жүйесін басқаруды одан әрі жетілдіру үшін осындай конференциялар барысында түскен барлық ұсынымдар мен ұсыныстарды жүйелейді. Мәселен, 2022 жылы конференциялардың бірінде алға қойылған жеткізушілер бастамалары Компанияның сатып алу бөлімшесінде офтейк-келісімшарттарға, санатты сатып алуларға және сервистік модельдеріне жетекшілік ететін жаңа бөлек бөлімше құруға негіз болды.

Сатып алу порталын техникалық қолдау:

Сатып алу мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштерді жинау бойынша тікелей желі:


80
хат/өтініш/ұсыныс
2023 жылы әлеуетті және жұмыс істеп жүрген жеткізушілерден алынған

Негізгі сұрақтар мыналарға қатысты болды:

  • тендерге қатысу;
  • алдын ала біліктіліктен өту (әлеуетті жеткізушілердің сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге қойылатын біліктілік 2023 жылы әлеуетті және жұмыс істеп жүрген талаптарына сәйкестігін бағалау процесі).

Осы және басқа да сұрақтарға жауаптар Компанияның Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланады.