Корпоративтік әдеп
«Қазақтелеком» АҚ-да корпоративтік әдеп мәселелері Іскерлік әдеп кодексімен және Корпоративтік басқару кодексімен реттеледі. Іскерлік әдеп кодексі мен Корпоративтік басқару кодексі ашық құжаттар болып табылады және Компаниямен қызметкерлер, акционерлер, клиенттер, серіктестер және басқа да мүдделі тараптар арасында еркін таратылады.
«Қазақтелеком» АҚ Іскерлік әдеп кодексі Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелеріне сәйкес әзірленді, Халықаралық еңбек ұйымының талаптарын, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ Жарғысын, Корпоративтік басқару кодексін және басқа да бірқатар ішкі құжаттарды ескереді.
Іскерлік әдеп кодексінің және Корпоративтік басқару кодексінің ережелері барлық қызметкерлер мен лауазымды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады. Компанияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері Іскерлік әдеп кодексімен танысқанын жазбаша түрде растайды. Бұдан басқа, Компанияда Іскерлік әдеп кодексін, омбудсменнің рөлін және болжамды бұзушылықтар туралы хабарлама жүйесінің қолжетімділігін түсінуге бағытталған лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерді оқыту тұрақты түрде жүргізіледі.
Іскерлік әдеп қағидаттарын сақтауды және әлеуметтік-еңбек дауларын реттеуді Омбудсмен қамтамасыз етеді. Омбудсмен – Директорлар кеңесі Компанияға әлеуметтік-еңбек қатынастарындағы жанжалдардың алдын алуға және шешуге, қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, корпоративтік құндылықтарды белгілеуге және дамытуға және іскерлік әдепті сақтауға жәрдемдесу үшін тағайындайтын Компания қызметкері.
- заң талаптарын сақтау;
- әділдік;
- адалдық;
- ашықтық;
- жауапкершілік;
- құзыреттілік және кәсібилік;
- сенімділік;
- меритократия.