Корпоративтік бизнес
«Қазақтелеком» Қазақстан Республикасының телекоммуникациялық нарығында, оның ішінде корпоративтік сегментте көшбасшы болып табылады. Компанияның ең дамыған инфрақұрылымы, үлкен филиалдық желісі бар, сондай-ақ үлкен техникалық және кадрлық әлеуетке ие.
2023 жылғы жұмыстың негізгі нәтижелері
Компания өз клиенттеріне телефония, деректер байланысы, интернетке қосылу және спутниктік байланыс қызметтерін қоса алғанда, заманауи телекоммуникациялық қызметтердің кең спектрін ұсынады.
2023 жылғы қызмет нәтижелері бойынша корпоративтік сегментте Компанияның В2В, В2G, В2О сегменттері бөлінісіндегі түсімі ҚҚС-сыз 155,2 млрд теңгені құрады.
«Қазақтелеком» АҚ-ның 2023 жылы корпоративтік сегментте стратегиялық міндеттерін іске асыру шеңберінде түсімнің өсімі 2022 жылмен салыстырғанда 4,2 млрд теңгені құрады.
Жылыстаумен жұмыс жөніндегі іс-шараларды өткізу корпоративтік сегментте 2023 жылы бұл көрсеткішті 2022 жылмен салыстырғанда 3,5 мың құрылғыға қысқартуға мүмкіндік берді.
Компанияның корпоративтік сегменттегі кірістері, млрд теңге

Корпоративтік сегменттегі Компания кірісінің құрылымы, 2023 жыл, %
Корпоративтік сегменттегі Компания кірісінің құрылымында 39,7% мөлшеріндегі ең үлкен үлесті деректерді беру желісінің қызметтерін ұсынудан түскен кіріс құрайды. Қазақстан Республикасының операторларымен өзара әрекеттесуден түскен кірістердің үлесі 35,5%, ал халықаралық операторлармен келісім бойынша кірістердің үлесі 10,4%-ды құрады.
В2В және В2G сегменттеріндегі көлемдік көрсеткіштердің динамикасы, мың құрылғы



Бекітілген желілер сатылымының төмендеуі мессенджер-субституттар қызметтері мен әлеуметтік желілердің дамуына байланысты қалыптасқан әлемдік үрдіс болып табылады. Жаңа облыстардың құрылуына және клиенттердің жаңа облыс орталықтарына көшу, түгендеу және шығындарды қысқарту жөніндегі іс-шараларды өткізуіне байланысты корпоративтік желілер оңтайландырылды, бұл БТ, КЖҚ, ТВ және IP VPN нүктелерінің таралуына әкелді.
Интернет желісіне және IP VPN қол жеткізуді қамтамасыз ету қызметтері бөлінісінде 2022 жылға қарағанда ARLB-ның 2022 жылғы өсімі, (В2В + В2G), %.
2023 жылдың қорытындысы бойынша 2022 жылмен салыстырғанда ARLB-ның коммерциялық көрсеткіші Интернет желісіне КЖҚ беру бойынша әр нүктеге ай сайын 5000 теңгеге өсті, бұл 10,3%-ды құрайды, IP VPN беру бойынша өсім әрбір қосылған нүкте үшін өсім ай сайын 2200 теңгені (5,9%) құрады.
2023 жылдың соңында В2Х сегменттеріндегі клиенттік база 97 436 БСН құрады, оның ішінде В2О сегментінде 172 БСН байланыс операторларымен, В2G сегментінде – 15 068 БСН мемлекеттік ұйымдармен, В2В сегментінде – 82 196 БСН бизнес-компаниялармен шарттарды сүйемелдеу жүргізілді.
2023 жылғы цифрландыру және трансформациялау нәтижелері:
Халықаралық оператор сегменті (B2O)
Компания 2023 жылы халықаралық операторлық сегментте келесі жобалар бойынша іс шараларды іске асырды.
«Каспий теңізінің түбімен ТОБЖ салу»

«Қазақтелеком» ел үшін стратегиялық маңызды жобаны – «Цифрлық Жібек жолы» (Digital Silk Way) ауқымды жобасының бөлігі болып табылатын Қазақстан–Әзірбайжан бағыты бойынша Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) салу – Еуропа мен Азия арасында цифрлық дәліз құру жобасын іске асыруда.
Транскаспий ТОБЖ Еуропа мен Азия арасындағы деректер транзитін қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстанға қолданыстағы маршруттарды резервтеуге және өз аумағында халықаралық цифрлық хаб құруға мүмкіндік береді, сонымен қатар жаңа нарықтарға қолжеткізуді орнатуға және Интернетті пайдаланудың ыңғайлылығын, сондай-ақ елдер арасында деректерді берудің өткізу қабілетін арттыруға ықпал ететін болады. Сонымен бірге, жобаның бірегейлігі – бұл Каспий теңізінің түбімен алғашқы су асты кабельдік маршрутының құрылысын қамтамасыз етеді.
«Каспий теңізінің түбімен ТОБЖ салу» жобасын іске асыру шеңберінде тараптар арасындағы ынтымақтастық шарттары туралы келісімге қол қойылды, CASPINET B.V бірлескен кәсіпорны тіркелді, оның акционерлері «Қазақтелеком» АҚ және «Azertelecom Int.» ЖШҚ болды.
ТОБЖ-ны пайдалануға беру 2026 жылға, ал 2026 жылдың екінші жартыжылдығында – оптикалық байланыс желілерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жоспарлануда.
Негізгі бағыт «Ақтау-Сұмғайт ауданы» бағыты бойынша өтеді және шамамен 370 км құрайды, ұзындығы 330 шақырымға жуық резервтік арна «Құрық-Бузовна» бағыты бойынша салынады.
ТОБЖ өткізу қабілеттілігі секундына 400 терабит (Tbps) – бұл деректерді берудің өте жоғары жылдамдығы. Мысал ретінде: 2020 жылдардың басында тәулігіне дүниежүзілік интернет-трафик секундына 500 Tbps шамасында бағаланады. Бұл 400 Tbps өткізу қабілеттілігі барлық тәулік ғаламдық интернет-трафиктің 80%-ға жуығын өңдей алатынын білдіреді.
2023 жылы ұйымдастыру рәсімдері аяқталды:
- Халықаралық жобаның негізі қаланды.
- Логистикалық және жобалық дайындықтағы алғашқы қадамдар жасалды.
- Жобаның бизнес-жоспары әзірленді.
- Әрі қарай жобалау үшін техникалық тапсырма бекітілді.
2024 жылға және орта мерзімді перспективаға арналған жоспарлар:
- Каспий теңізінің түбімен ТОБЖ жобалау мен салуға мердігерді таңдау бойынша тендерлік құжаттаманы әзірлеу.
- Тендерлер өткізу және ТОБЖ жобалау мен салуға мердігерлермен және серіктестермен келісімшарттарға қол қою.
- ТОБЖ су асты бөлігін жобалау кезеңінің басталуы.
- ТОБЖ құрылысының мерзімдері мен кезеңдерін нақтылау.
Жобаны іске асыру туралы толығырақ біздің келесі есептерімізден оқыңыз.
«Супермагистраль» бастамасы
«Супермагистраль» бастамасы аясында Қазақстанда екі тармағы Қытайдан Әзірбайжан мен Ресейге дейін созылатын жоғары жылдамдықты цифрлық ақпараттық желіні (супермагистраль) салу жоспарлануда.
2023 жылдың қаңтарында «Қазақтелеком» «Супермагистраль» жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін (алдын-ала ТЭН) әзірлеуге бастамашылық жасау туралы «Самұрық-Қазына» қорынан мақұлдау алды. Зерттеу шеңберінде Супермагистраль мен супер-ДӨО-ның экономикаға әсерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді, әлемдік тәжірибе зерттелді, тәуекелді бағалау жүргізілді, технологиялық шешім әзірленді, ізденіс жұмыстары жүргізілді және қаржылық моделі дайындалды. Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» АҚ жобаны жүзеге асыру шарттарын анықтау жұмыстарын жүргізуде.
Бастаманың жүзеге асуы туралы толығырақ келесі есептерімізден оқыңыз.