JRun трансформациялау бағдарламасы
«Қазақтелеком» АҚ трансформациясы клиенттік жолдарын жақсартуға, клиенттермен өзара әрекеттесу сапасын арттыруға, процестерді оңтайландыруға бағытталған және Компанияның стратегиялық мақсаттарына сәйкес жүзеге асырылуда.
JRun Стратегиясының стратегиялық бастамаларының іске асырылуын тиімді басқару және бақылау үшін жыл сайын барлық бастамаларды, жобаларды және маңызды кезеңдерді қамтитын Стратегияның Жол картасы әзірленеді.

Компания 2023 жылды Қызмет көрсету сапасын арттыру жылы деп жариялады, сондықтан Компания келесі негізгі аспектілерге назар аударды:
- клиенттік сервис;
- желі сапасы;
- ішкі даму.
Компанияда өзгерістер мәдениетін дамыту жалғасуда, кросс-функционалдық командаларды қалыптастыру, тұрақты кездесулерді ұйымдастыру нәтижесінде коммуникациялар жеделдетіледі және жеңілдетіледі, онда фокустарға қол жеткізуді бәсеңдетуі мүмкін блокаторлар ашық талқыланады, сондай-ақ сын-қатерлерді шешу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Процестерді оңтайландыру мен цифрландырудың арқасында қызметтерді қосу және проблемалық жағдайларды шешу жылдамдығы едәуір жақсарды.
2023 жылы JRun Жол картасын іске асыру қорытындылары
JRun Жол картасы – бұл Компанияның корпоративтік стратегиясының жобалық орындалуын қамтамасыз ететін стратегиялық бизнес-бастамалардың жиынтығы.
- «T2M оңтайландыру» бастамасы бойынша өнімді шығару уақыты 2 еседен астам қысқартылды.
- B2C сегментінде дауыстық/чат боты енгізілді, 160/165 нөмірлеріне қоңыраулар бойынша трафиктің 47%-ы және чат трафигінің 65%-ы роботпен өңделеді.
- Электрондық құжатқа қол қою функциясы – Auto Blank енгізілді, 210К құжаттарға СМС арқылы қол қойылды.
- 2023 жылдың басынан бері telecom.kz сайтына тіркелген пайдаланушылар саны 40%-ға (+165 мың) және ismet.kz сайтында 45%-ға (+40 мың) өсті.
- 160 және ҚЖН-де абоненттерге қызмет көрсету бойынша функциялардың 94%-ы цифрландырылды (131-ден 123-і).
- ТВ+ базасы екі еседен астам өсті (548K нүкте).
- TВ+ платформасында 5 эксклюзивті сериалды көруге болады.
- «Қызметкерлер үшін заманауи ыңғайлы жұмыс
ортасын құру» жобасы бойынша:
- порталдың 22 негізгі функционалдары (модульдері) әзірленді және іске қосылды;
- порталға тестілеу жүргізілді, қосымша модульдер іске қосылды;
- порталдың бірегей пайдаланушыларының саны 8 881 қызметкерді құрады, бұл белсенді қызметкерлердің 49,31%-ын құрайды (2023 жылдың соңына).
- «Компания қызметкерлерінің мақсатты мінез-құлқын қолдау» жобасы бойынша КРЭДО жаңартылған корпоративтік құндылықтарының көрсетілімі өткізілді.
- Жобалық басқару арқылы бизнестің
стратегиялық бастамаларын білікті персоналмен
қамтамасыз ету мақсатында «Персоналды
іріктеу ережелері» қайта қаралды және
бекітілді:
- цифрлық құзыреттілігі бар қызметкерлердің үлесі кемінде 50% құрайды.
«Үздіксіз жаңарту» стратегиясы аясында бірнеше негізгі бағыттар қарастырылады:
- Деректерді актив ретінде басқару арқылы бизнесті дамыту: Компания өз деректерін пайдалануда барынша тиімділікке ұмтылады. Бұған бизнесті дамыту және бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін деректерге негізделген шешімдер қабылдау және деректерді жинау, сақтау, өңдеу, талдау кіреді.
- Желілік және АТ-инфрақұрылымды бұлтты ортаға
көшіру: Қазақтелеком бұлтты технологияларға көшу
арқылы өзінің АТ-инфрақұрылымын жаңғыртуды
жоспарлап отыр. Бұған жүйелердің икемділігін,
ауқымдылығын және қолжетімділігін жақсарту үшін
Multicloud ортасын өрістету және микросервистік
архитектурасын жасау кіреді.
- Data Governance зертханалық аймағын іске қосу.
- Дата каталогында 5 Data Lineage іске асырылды.
- Axon Бизнес-глоссарийіне нысандарды жүргізуге арналған 22 бизнес-терминдерінің конфигурациялары енгізілді.
- «АТ-инфрақұрылымын жаңғырту, пайдалану процестерін өзгерту».
- ISO20000 сертификаты алынды.
- Корпоративтік ақпараттық жүйелер үшін резервтік көшіру алаңын ұйымдастыру жүргізілді.
- Микросервистік архитектураға көшу жалғасуда.
- «Қазақтелеком» АҚ контурында қосымшаларды әзірлеу және тестілеу ортасының алаңы ұйымдастырылды.
- ҚР-ның 34 қаласында қызметтерді қосу процесі бойынша B2C және B2B инсталляторлары үшін Work Force Management (WFM, «Еңбек ресурстарын басқару») жүйесі енгізілді.
- Жүйелік негізде бұлтты ортада желілік функцияларды виртуалдандыру және агрегатсыздандыру.
- 2 шешімнің тестілеуі жүргізілді: бұлтты ортадағы VOLTHA.
- Қонаев қаласындағы Telco Cloud және Астана қаласындағы Telco Cloud ДИТ бұлтты торабының виртуалды инфрақұрылымы базасындағы Flash Call.
- Желінің өткізу қабілетін арттыру жобасы бойынша DWDM Алматы-Талдықорған, Астана-Талдықорған, Астана-Петропавл, Ақтөбе-Петропавл, Ақтөбе-Қостанай, Астана-Қостанай учаскелерінде магистральдық желінің 12*100GE арналары ұйымдастырылды.
- «Қазақтелеком» АҚ желісіндегі кэш-серверлерді және контент провайдерлермен пиринг жалпы 900 Гбит/с-қа кеңейтілді (Facebook, Tencent, Meta, Google, Meta, Twitch).
- Мыстан оптикаға көшу аясында 57 мың абонент ауыстырылды. Толығымен «оптикалық» екі қала - Курчатов және Степногорск.
- ЖҚКО процестерін автоматтандыру шеңберінде
келесі жүйелер іске қосылды:
- сервистік фабрика бойынша телеграмм чат-боты (2023 жылы өтінімдерді орындау орташа есеппен 15%-ға өсті);
- жылжымайтын мүлікті есепке алу және мониторингі (ақпаратқа жылдам қол жеткізу);
- қызметкерлерді іссапарға жіберу (бір рет басу арқылы жұмыс істеу, ресімдеу уақытын 2 есе қысқарту).
Мұндай қадамдар Компанияға өзінің бизнес-мақсаттарын тиімдірек жүзеге асыруға және жылдам өзгеретін цифрлық ортада бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
2023 жылғы фокус-картаны орындау
Клиенттерді «Оптикалық технология бойынша интернет» қызметіне қосу 24 сағат ішінде жүзеге асырылады (Бөлшек бизнес дивизионы)

Клиенттерді «Оптикалық технология бойынша интернет» қызметіне қосу 24 сағат ішінде жүзеге асырылады (Корпоративтік бизнес дивизионы)

Компания бір жылға арналған Компанияның негізгі мақсаттарын әртүрлі бөлімшелердің қызметкерлері қол жеткізу үшін жұмыс істейтін өлшенетін мақсаттарға біріктіретін фокус-картаны әзірледі. Компания Scrum-сессияларындағы прогресті үнемі бақылап отырады және трансформация топтарының жұмысына Agile тәсілдерін енгізеді. Сонымен қатар, барлық фокустар бойынша есептер цифрландырылды және Qlik Sense-тегі дашбордтарда көрсетілді. Трансформация фокустарының картасын іске асыру Компанияның барлық қызметкерлері қызметінің корпоративтік көрсеткіштеріне енгізіледі.
Өтінімді тіркеген сәттен бастап 12 күнтізбелік сағат ішінде бір реттік зақымдарды жою (АББ)

Компаниядағы FRR барлық арналар мен бөлімшелер бойынша 90% деңгейінде (КТБД)

қорытындысы бойынша FRR
көрсеткіші Компания бойынша
2024 жылға арналған фокус-карта
Компанияның бизнес-фокустары
- Клиенттердің «Оптикалық технология бойынша интернет» қызметіне қосылуының 90%-ы B2C сегментінде 24 күнтізбелік сағат ішінде жүзеге асырылады
- Клиенттердің «Оптикалық технология бойынша интернет» қызметіне қосылуының 90%-ы В2В сегментінде 24 күнтізбелік сағат ішінде жүзеге асырылады
- Жыл соңында БЗТ-ның 95%-ы 8 күнтізбелік сағат ішінде жойылады
- Омниканал жүйесінде клиенттердің 100% өтініштері
- Клиенттік жабдықтың айналымын 6 ай ішінде жақсарту
Өнім сапасының фокустары
- Өнім сапасы мәселелері бойынша өтініштер санын 30%-ға қысқарту
- Өнім бойынша Customer Satisfaction Index-ін жақсарту