Біріктірілген жылдық есеп 2023
ҚАЗ
РУС
ENG

Тұрақты дамуды басқару

Біздің тәсіл

«Қазақтелеком» ұзақ мерзімді тұрақты дамуға бағытталған және өз қызметінде ESG критерийлерін: экология, әлеуметтік жауапкершілік, корпоративтік басқаруды ұстанады. Тұрақты даму мақсаттары Компанияның бизнес-стратегиясына біріктірілген: біздің барлық әрекеттеріміз бен шешімдерімізді қоғамның мүдделерімен байланыстырамыз.

Тұрақты даму саласындағы «Қазақтелеком» АҚ қағидаттары

Ашықтық
Біз өзара мүдделерді есепке алу, біздің мүдделеріміз бен мүдделі тараптардың мүдделері арасындағы құқықтар мен теңдікті сақтау негізінде ұзақ мерзімді ынтымақтастықты құру үшін барлық мүдделі тараптармен диалогқа ашықпыз.
Есеп беру
Біз экономикаға, қоршаған ортаға және қоғамға әсер ету үшін өз жауапкершілігімізді және ұзақ мерзімді негізде Компанияның ұзақ мерзімді құнының өсуі мен тұрақты дамуы үшін акционерлер мен инвесторлар алдында есеп беретінімізді түсінеміз.
Айқындық
Біздің барлық шешімдеріміз бен әрекеттеріміз айқындыққа және мүдделі тараптар үшін ақпараттың уақтылы ашылуына негізделеді.
Әдепті мінез-құлық
Біздің шешімдеріміз бен әрекеттеріміздің негізінде құрмет, адалдық, ашықтық, командалық рух пен сенім, адамгершілік пен әділеттілік сияқты құндылықтарымыз жатыр.
Құрмет
Біз мүдделі тараптардың құқықтары мен мүдделерін құрметтейміз.
Заңдылық
Біз Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып шешімдер қабылдаймыз және әрекет етеміз.
Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік
Біз сыбайлас жемқорлыққа барлық мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл кезінде оның кез келген көріністерінде төзбеушілік танытамыз. Сыбайлас жемқорлық істеріне тартылған лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жұмыстан босатылады және жауапқа тартылады.
Адам құқықтарын сақтау
Біз Қазақстан Республикасының Конституциясында және Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларация сияқты халықаралық құжаттарда көзделген адам құқықтарын сақтаймыз және олардың сақталуына ықпал етеміз. Біз балалар еңбегін пайдалануға мүлдем жол бермейміз және тыйым саламыз. Біздің қызметкерлер - біздің басты құндылығымыз және негізгі ресурсымыз, біздің инвесторлар үшін жасалған құн мен қызметіміздің нәтижелері олардың кәсібилігі мен қауіпсіздігінің деңгейіне тікелей байланысты.
Мүдделер қайшылығына жол бермеу
Мүдделер қайшылығына байланысты барлық бұзушылықтар Компанияның беделіне нұқсан келтіруі және акционерлер мен өзге де мүдделі тараптардың оларға деген сеніміне нұқсан келтіруі мүмкін, сондай-ақ лауазымды тұлғаның немесе қызметкердің жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық, функционалдық міндеттерін бейтарап орындауына әсер етпеуі тиіс.
Жеке үлгі
Біздің әрқайсымыз күнделікті өз іс-әрекеттерімізде, мінез-құлқымызда және шешім қабылдауда тұрақты даму қағидаттарын енгізуге ықпал етеміз.

Тұрақты дамуды басқару жүйесін жетілдіру «Қазақтелеком» АҚ-ның 2032 жылға дейінгі Стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады.

Компания 2023 жылы JRun компаниясының кеңірек бизнес-стратегиясының бөлігі болып табылатын, Компанияның ақпараттық технологиялар, білім беру, инфрақұрылым және төмен көміртекті даму салаларындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудағы рөлін ескеретін және қаржылық әл-ауқат пен бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді тиімдірек орындауға ықпал ететін ESG стратегиясын әзірлеп қабылдады.

«Қазақтелеком» АҚ миссиясы
Қоршаған ортаға ең аз әсер ететін жетекші телекоммуникациялық компания деңгейінде ұзақ мерзімді ESG-күн тәртібін қалыптастыру. Компанияның қызмет саласы экономикалық өсуді шектемейтін әлеуметтік қауіпсіздікті жоғары дәрежелі жетілдіруге бағытталған.

Компанияның тұрақты даму саласындағы қызметінің бағыттары

«Қазақтелеком» АҚ-ның тұрақты даму саласындағы стратегиялық бағыттары:

  • адамдардың өмірін жақсарту мақсатында инновациялық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру;
  • тұрақты экономикалық өсу;
  • қоршаған ортаға әсерді азайту;
  • тартымды жұмыс жағдайларын жасау және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Компанияның ESG саласындағы басым бағыттары

Экологиялық аспект (Environmental)

  • табиғи ресурстарды тұтынуды азайту;
  • энергия тиімділігі.

Әлеуметтік аспект (Social)

  • қызметкерлерді оқыту және дамыту;
  • қызметкерлерді тарту деңгейінің өсуі;
  • қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету;
  • әлеуметтік тұрақтылық.

Корпоративтік басқару аспектісі (Governance)

  • акционерлердің құқықтары;
  • корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелері;
  • әділ сыйақы.

Компанияның тұрақты даму саласындағы қағидаттары

GRI 2-23

«Қазақтелеком» АҚ-ның тұрақты даму саласындағы негізгі қағидаттары ESG саласындағы негізгі саясаттар мен құжаттарда көрсетілген:

  • Тұрақты даму саясаты (Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі №5 шешімімен жаңартылды және бекітілді).
  • Экологиялық саясат (Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі №5 шешімімен жаңартылды және бекітілді).
  • Адам құқықтары саласындағы саясат (Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 30 мамырдағы №6 шешімімен бекітілген).
  • Тең мүмкіндіктер, инклюзивтілік және алуан түрлілік саласындағы саясат (Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 30 мамырдағы №6 шешімімен бекітілген).
  • Жергілікті қоғамдастықтармен өзара әрекеттесу жөніндегі саясат (Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 30 мамырдағы №6 шешімімен бекітілген).
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы саясат (Басқарманың 2020 жылғы 27 қаңтардағы №2/7 шешімімен бекітілген).
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты (Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі №11 шешімімен жаңартылған және бекітілген).
  • Employee Experience стратегиясы (Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 21 шілдедегі №8 шешімімен бекітілген).
  • «Қазақтелеком» АҚ-ның дербес деректерін қорғау саясаты (2023 жылғы 06 қазандағы №313 бұйрықпен бекітілген).
  • «Қазақтелеком» АҚ-ның ақпараттық саясаты (2023 жылғы 19 шілдедегі №153 бұйрығымен бекітілген).
  • Іскерлік әдеп кодексі (Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 28 мамырдағы №14 шешімімен бекітілген).
  • Корпоративтік басқару кодексі (Акционерлердің Кезектен тыс Жалпы жиналысының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы №56 шешімімен бекітілген).
  • «Самұрық-Қазына» АҚ-ның сатып алу тәртібі.
  • Жеткізуші кодексі (Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 11 ақпандағы №2 шешімімен бекітілген).
  • ISO14001, ISO26000, ISO9001, ISO45001 халықаралық стандарттары.

Компанияның барлық мүдделі тараптары құжаттармен Компанияның telecom.kz сайтында таныса алады. Сонымен қатар, Компания қызметкерлерді ішкі хабарлама тарату арқылы жаңа құжаттарды, оның ішінде тұрақту даму саласындағы құжаттарды бекіту туралы хабардар етеді.