Басқарма Төрағасының үндеуі

Құрметті акционерлер, инвесторлар, клиенттер және серіктестер,
Бүгін мен Сіздермен Компаниямыздың 2023 жылғы жұмысының нәтижелерімен бөлісуге қуаныштымын, бұл тек «Қазақтелеком» үшін ғана емес, ел ауқымында да стратегиялық маңызды жобаларды іске асыруды ескере отырып, ең қарқынды және нәтижелі жұмыстардың біріне айналды.
2023 жылы біз алдымызға Қазақстанның телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға қатысты өршіл мақсаттар қойдық. Компания оның сенімділігін, қауіпсіздігін және жоғары өткізу қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін желісін кеңейтуге, салуға және жаңартуға айтарлықтай ресурстар жұмсады. «Қазақтелеком» ТМД бойынша бизнес, білім, медицина және ойын-сауық үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын 5G коммерциялық желісін іске қосқан алғашқы және жалғыз компания болды.
Компания Қазақстанда жаңа халықаралық телекоммуникациялық хаб құруға және елдің транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін Транскаспий су асты талшықты-оптикалық байланыс желісін салу бойынша бірегей жобаны бастады.
Біз интернет байланысының жылдамдығы мен сапасын арттыру үшін мыңдаған абоненттерді ескірген мыс желілерінен заманауи оптикалық технологияларға ауыстырдық, P-құрылғыларының тірек байланыс тораптарының өнімділігін бірнеше рет арттыра отырып, желінің толық жаңартылған Суперядросын іске қостық, сыртқы желілермен неғұрлым тұрақты және жылдам интернет байланысын қамтамасыз ету үшін шекаралық байланыс тораптарын жаңғырттық. Біздің желілік инфрақұрылымды Еуропа мен Азиядағы ең ірі трафик алмасу орталықтарына дейін кеңейтетін өз тораптарымыз пайда болды. Бұл біздің желіміздің қолжетімділігі мен байланысын, нәтижесінде клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартты.
Телеком-инфрақұрылымды дамытуға және жаңғыртуға жұмсалған күрделі шығындардың айтарлықтай көлеміне қарамастан, Компания өтімділік пен қаржылық тұрақтылықтың қолайлы деңгейін сақтап қалды, бұл бүкіл ұжым қызметінің жоғары тиімділігі мен нәтижелілігін көрсетеді.
Сонымен қатар, біз JRun атты 2032 жылға дейінгі Даму стратегиямызды ұстануды жалғастырамыз, ол 2022 жылдың соңында қабылданғаны белгілі және «Қазақтелекомның» бүкіл ұжымы үшін құжатта белгіленген мақсаттар мен міндеттерге, ең алдымен, басты миссияға - әрқайсысының өзгеретін, таң қалдыратын және күткеннен асып түсетін өмірінің таптырмас және әдетті бөлігі болуға қолжеткізу үшін нақты сипатталған құралдар жиынтығы бар нұсқаулық немесе қадамдық нұсқау болып табылады.
Алдағы жылдары JRun әрқайсымыз үшін нағыз күнделікті қажет кітабына айналатынын, оған қарап «Қазақтелеком» командасының барлық мүшелері жоспарлап, жұмыс істеп, әрекет ететінін атап өткім келеді.
Компания сонымен қатар біздің басты құндылығымыз болып табылатын клиенттердің қанағаттануын арттыруға үлкен мән берді. Біз қызмет көрсету сапасын жақсарту, қосылу мерзімдерін қысқарту және зақымдануды жою, клиенттің барлық мәселелерін «бір келумен» шешу үшін үнемі жұмыс жасадық. Нәтиже ретінде 2023 жылдың қорытындысы бойынша біз барлық осы параметрлер бойынша, соның ішінде 2023 жылы 84%-ды құраған tNPS (тұтынушылардың адалдық индексі) көрсеткіші бойынша жоғары көрсеткіштерге қолжеткіздік.
Біз 2024 жылы инновациялық қызметтерді құра отырып және сапа мен әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары стандарттарын сақтай отырып, стратегиялық мақсаттарымызға қолжеткізуді жалғастыратынымызға сенімдіміз.
Қорытындылай келе, мен Директорлар кеңесінің, Басқарманың барлық мүшелеріне және Компанияның барлық қызметкерлеріне кәсібилігі, тиімді және ұжымдық жұмысы үшін алғысымды білдіремін.
«Қазақтелеком» АҚ-ның
Басқарма төрағасы Қ.Есекеев