Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу
Мүдделі тараптармен тиімді өзара әрекеттесу тұрақты дамудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасындағы телекоммуникациялық қызметтердің ірі провайдері бола отырып, Компания мүдделі тараптарға елеулі әсер етеді. Өз кезегінде мүдделі тараптардың күтулері мен мүдделері Компанияның стратегиялық мақсаттарын белгілеуге және олардың орындалуына әсер етеді. «Қазақтелеком» АҚ мүдделі тараптармен әріптестік қарым-қатынас орнатуға және сындарлы диалог жүргізуге ұмтылады.
«Қазақтелеком» АҚ мүдделі тараптарды екі топқа бөледі:
- Жақын орта (жақын
әсер ету аймағы) Компания
қабылдайтын шешімдерге
тікелей және елеулі әсер ететін
немесе осы шешімдердің
ықпалында болатын мүдделі
тараптарды қамтиды. Мүдделі
тараптардың жақын ортасына
жататындар:
- Акционерлер.
- Қызметкерлер.
- Еншілес ұйымдар.
- Кәсіподақ.
- Серіктестер (соның ішінде халықаралық) және жұмыс пен қызмет көрсетушілер.
- Клиенттер.
- Алыс орта (жанама әсер ету
аймағы) Компания қабылдаған
шешімдерге жанама әсер
ететін мүдделі тараптарды
қамтиды. Мүдделі тараптардың
алыс ортасына жататындар:
- Мемлекеттік органдар.
- Бәсекелестер.
- Халықаралық ұйымдар.
- Қаржы институттары.
- Кредиторлар.
- Биржа, Тіркеуші.
- Халық.
- Қоғамдық ұйымдар және жергілікті қоғамдастық.
- Бұқаралық ақпарат құралдары.

«Қазақтелеком» АҚ Компаниясының мүдделі тараптарының картасы
2023 жылы Компанияның мүдделі тараптарының картасы жаңартылды, тұрақты даму саласындағы жетекші әлемдік тәжірибелерге сәйкес қайта қаралды, сондай-ақ 2023 жылға арналған «Қазақтелеком» АҚ-ның мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу жөніндегі коммуникациялар жоспары әзірленді.
Компанияның мүдделі тараптарының жаңартылған картасымен Компанияның telecom.kz сайтында танысуға болады.
Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу
Мүдделі тараптардың жақын ортасы
- Компанияның құнын арттыру;
- дивидендтер алу;
- Компания қызметінің тұрақтылығы мен ауқымын кеңейту;
- ашықтық;
- тәуекелдерді тиімді басқару;
- Компания құнын және дивиденд мөлшерін барынша арттыру.
- қаржы қаражатын бөлу;
- жарғылық капиталды толықтыру.
- дивидендтер төлеу;
- жылдық қаржылық және қаржылық емес есептілікті бекіту;
- JRun трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру;
- жиналыстар, келіссөздер, кездесулер өткізу;
- негізгі, стратегиялық және инвестициялық шешімдерді талқылау және қабылдау;
- сұрақ-жауап, сауалнама, тестілеу жүргізу.
- Компанияның нәтижелері мен жетістіктері;
- Компанияның даму перспективалары;
- кадрлық және әлеуметтік саясат;
- қауіпсіз және жайлы еңбек жағдайлары;
- адам құқықтарын сақтау;
- қызметкерлерді тарту және дамыту перспективалары;
- материалдық және материалдық емес ынталандыру бойынша іс-шаралар, жастар саясаты;
- Ұжымдық келісімшарт.
- адами ресурстар;
- адалдық.
- қауіпсіз және лайықты еңбек жағдайларын жасау жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
- Компанияны басқару процесіне қызметкерлерді тарту;
- әлеуметтік жеңілдіктер;
- корпоративтік оқыту және дамыту бағдарламалары;
- басшылықпен тұрақты кездесулер;
- корпоративішілік коммуникация арналарының жұмыс істеуі, «жедел» желі;
- кері байланыстың онлайн механизмдері (сұрақ-жауап/сауалнамалар).
- акционерлердің/қатысушылардың мүдделерін сақтау.
- акционерлердің мүдделерін сақтау.
- ЕҰ қызметінің нәтижелеріне тұрақты мониторинг жүргізу;
- ЕҰ-мен бірлесіп мобильді бизнесті дамыту бойынша жұмысты жалғастыру;
- ЕҰ-ның Компанияның акционер ретінде стратегиялық шешімдерін қабылдауға қатысуы.
- қызметкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі және қорғалуы;
- Ұжымдық келісімшарт талаптарын орындау;
- заңнама нормаларын сақтау.
- әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
- еңбек қатынастарын реттеу және жанжалдарды шешу.
- Ұжымдық келісімшарттың барлық тармақтарын орындау;
- Компания қызметкерлеріне пайызсыз қарыздар беру түрінде материалдық көмек көрсету;
- қоғамдық тыңдаулар өткізу;
- корпоративішілік коммуникация арналарының жұмыс істеуі, «жедел» желі.
- коммерциялық мүдделер.
- жобаларды бірлесіп іске асыру;
- технологиялар, құзыреттер және инновациялар трансфері.
- өзара тиімді ынтымақтастық;
- серіктестердің Компанияның акционер ретіндегі стратегиялық шешімдерін қабылдауға қатысуы;
- жиналыстар, келіссөздер, іскерлік хат алмасу;
- ағымдағы қызмет туралы есептер.
- коммерциялық мүдделер;
- қызметтердің сапалық сипаттамалары;
- қызметтерді алудың үздіксіздігі;
- қызметтерді білікті сервистік қолдау.
- Компанияның адалдығы;
- тауарлар мен қызметтерді сатып алу арқылы қаржылық ресурстар.
- шарттар/келісімшарттар шеңберіндегі өзара әрекеттесу;
- қызмет көрсету сапасын арттыру;
- онлайн қызмет көрсету;
- қолдау қызметтерінің арналарын ұлғайту және жетілдіру;
- тұтынушылармен кері байланыс жүйесі;
- тұтынушылардың қанағаттануын талдау.
Мүдделі тараптардың алыс ортасы
- заңнамалық және атқарушы функцияларды жүзеге асыру;
- телекоммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, жұмыс орындарын құру.
- мемлекеттік реттеу.
- жұмыс топтары, форумдар, конференциялар;
- жиналыстар, келіссөздер, іскерлік хат алмасу;
- ағымдағы қызмет туралы есептерді уақтылы ұсыну;
- кері байланыс беру;
- ҚР заңнамасының сақталуын тексеру.
- нарықтағы қатысу үлесін арттыру.
- нарықты дамыту.
- адал бәсекелестік қағидатын ұстану.
- ITU, РСС мүше елдердің халықаралық ынтымақтастығын дамыту, тәжірибе алмасу, технологияларды пайдалануда жалпы стандарттарды қабылдау;
- тұрақты даму, экологиялық нормаларды сақтауда және ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді дамытуда әділ және теңгерімді өсу саласындағы халықаралық стандарттар мен келісімдердің талаптарын қамтамасыз ету.
- халықаралық гранттар;
- болашақ даму мүмкіндіктері.
- конференциялар, сессиялар, отырыстар, форумдар;
- келісімдерге, шарттар мен меморандумдарға, ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою.
- депозиттерге бос ақша қаражаттарын орналастыру, арнайы шоттарға қызмет көрсету.
- ақшалай қаражатты орналастыру үшін тиімді жағдайлар жасау.
- шарттар/келісімшарттар шеңберіндегі өзара әрекеттесу.
- қаражатты мақсатты пайдалану;
- несие шарттарының талаптарын сақтау;
- негізгі қарыз бен пайыздарды уақтылы өтеу;
- Компания қызметінің тұрақтылығы мен ашықтығы.
- ақшалай қаражат беру.
- шарттар/келісімшарттар шеңберіндегі өзара әрекеттесу;
- облигация ұстаушылардың жалпы жиналысы;
- БАҚ, Компания сайты арқылы ақпаратты ашу;
- кредиттік келісімдердің талаптарына сәйкес есептерді ұсыну.
- бағалы қағаздар нарығын дамыту (листингтік ережелер, тіркеушінің ережелер жинағы).
- бағалы қағаздар нарығын дамытуға қатысу мүмкіндігі.
- мүдделі тараптармен келіссөздер, кездесулер;
- БАҚ арқылы кері байланыс беру.
- жұмыс орындарын құру;
- Компанияның даму перспективалары туралы ашық ақпарат;
- қызмет сапасы;
- қызмет тарифтерінің тартымдылығы;
- әлеуметтік және қайырымдылық бағдарламалар;
- денсаулық қауіпсіздігі.
- Компанияның қатысу аймақтарындағы қолдау.
- қатысу аймақтарын дамыту;
- әлеуметтік желілер арқылы өзара әрекеттесу, «жедел» желі;
- беделді аудит;
- қайырымдылық қызметі;
- жария есеп беру.
- қоғамдық, мемлекеттік емес ұйымдардың қызметі аясындағы түрлі мәселелер.
- өзара тиімді шарттармен ынтымақтастық.
- келісімдер шеңберіндегі өзара әрекеттесу;
- жария есеп беру.
- Компанияның қызметі туралы қоғамды ақпараттандыру.
- сындарлы ынтымақтастық;
- қолайлы қоғамдық пікір.
- Компания туралы ақпаратты БАҚ-та жариялау;
- әлеуметтік желілер, «жедел» желі;
- БАҚ сұрауларына жауап беру;
- жария есеп беру.
Мүдделі тараптармен коммуникация арналары
Компания ақпараттық ашықтық пен айқындық қағидаттарын ұстанады және мүдделі тараптарға өз қызметі туралы мәлімет береді.
«Қазақтелеком» АҚ түрлі коммуникация арналарын пайдалана отырып, мүдделі тараптармен өзара әрекеттеседі:
- Компанияның қызметі туралы ақпарат telecom.kz сайтында орналастырылған.
- Акционерлер үшін маңызды Компания қызметі туралы ақпарат Компанияның жылдық есептерінде жарияланады.
- Компанияда онлайн байланыс арналары бар.
- Компания корпоративтік жобалар, оқыту және дамыту бағдарламалары, сондай-ақ қызметкерлер үшін уәждемелер мен әлеуметтік жеңілдіктер туралы жаңалықтарды ішкі корпоративтік порталда жариялайды.
- Заңнаманы бұзумен (алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, әдепсіз мінез-құлық және т.б.) байланысты өтініштер үшін Жедел желі жұмыс істейді.
- B2B клиенттері үшін арнайы ismet.kz ақпарат платформасы жұмыс істейді.
- Компания жаңалықтары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Есепті дайындау барысында мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу
Компания Жылдық есепті, атап айтқанда Тұрақты даму туралы есепті дайындау кезінде мүдделі тараптардың пікірін ескеруге тырысады.
2023 жылғы есепті дайындау кезінде Компания мүдделі тараптармен диалог жүргізу үшін келесі міндеттерді белгіледі:
- мүдделі тараптарды 2022 жылғы есептің шығарылуы туралы хабардар ету;
- 2023 жылғы есептің мазмұны бойынша мүдделі тараптардың ұсыныстарын, оның ішінде Компания 2023 жылғы жылдық есепте ашып көрсетуі қажет маңызды тақырыптар бойынша ұсыныстарды жинау.
Мүдделі тараптармен диалог тұрақты даму саласындағы Жаһандық есеп беру бастамасы стандарттарының (GRI Standards) ұсынымдарына сәйкес жүргізілді.
Компания 2023 жылғы есепті қашықтықтан дайындау аясында мүдделі тараптармен диалог өткізді. Сауалнама арқылы мүдделі тараптарға сұрақ-жауап жүргізілді.
Диалогқа мүдделі тараптардың келесі топтары қатысты: мемлекеттік органдардың өкілдері, Басқарма мүшелері, «Самұрық-Қазына» АҚ (бас акционері), клиенттер, бизнес-серіктестер, сарапшылар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіподақ өкілдері, Компания дивизиондарының басшылары, сондай-ақ Компанияның аймақтық бөлімшелерінің қызметкерлері. Оның ішінде: «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС (ESG саласындағы сарапшылар ретінде), «Әлеуметтік өзара әрекеттесу және коммуникациялар орталығы» ЖМ, Қазақстан қор биржасы, «Атамекен» ҰКП, Табиғатты пайдаланушылар қауымдастығы, Қазақстан Республикасының цифрлық даму министрлігі, Қазақстанның Даму Банкі.